Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктердің суретін көрсету
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Дүниетану (3-сынып)
- Сабақтың тақырыбы
- Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж
- Сабақтың түрі
- Таным сабағы
- Сабақтың мақсаты
- Өсімдіктерді қорғау және оларға қамқорлық жасау туралы түсініктерін кеңейту.
- Міндеттері
-
Білімділік: оқушылардың білімін тереңдету, нығайту, қорытынды жасата білу.
Дамытушылық: пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін, тіл байлығын және шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатты құрметтеуге, аялауға үйрету; еңбекқорлық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
- Көрнекіліктер
- Қазақстан картасы, Қазақстанның Қызыл кітабы (суреттер), плакат, семантикалық карта, гүлдер, карточкалар.
- Пәнаралық байланыс
- Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, мұғалімнің өзін таныстыруы, оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа даярлығын тексеру.
- Ауа райы кестесін толтыру және қысқаша қорытынды жасау.
Психологиялық дайындық
Табиғат — біздің анамыз,
Табиғатқа — баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
II. Үй тапсырмасын тексеру
8 оқушыға таратпа беріледі. 2–3 оқушыдан ауызша сұрау жүргізіледі.
Таратпа №1
Аты-жөні: ________________________________
- Өсімдік топтарын анықта: ұқсастығын және айырмашылығын жаз.
- Өсімдік өсуі үшін не қажет?
Таратпа №2
Аты-жөні: ________________________________
- Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?
- Өсімдіктің тіршілік ортасын ата.
Таратпа №3
Аты-жөні: ________________________________
- Тіршілік ету мерзіміне байланысты анықтама беріп, мысал келтір: біржылдық, екіжылдық, көпжылдық.
- Суыққа төзімді өсімдіктерге сипаттама бер.
Үй тапсырмасының жауаптары (нұсқа)
№1
1) Өсімдік топтары
Ағаштар, бұталар, шөптер, су өсімдіктері.
Ұқсастығы: барлығы өсімдік тобына жатады.
Айырмашылығы: сабағы жуан/жіңішке, қатты/жұмсақ, біреу/көп; жапырағы жалпақ немесе қылқанды; гүлдері әртүрлі түсті.
2) Өсу үшін қажет
Ауа, жылу, ылғал, жарық, қорек.
№2
1) Тіршілік ету ұзақтығы
Өсімдіктер белгілі бір уақыт аралығында тіршілік етеді. Олар біржылдық, екіжылдық, көпжылдық болып бөлінеді.
2) Тіршілік ортасы
Далада, тауда, шалғында, суда өседі.
№3
2) Суыққа төзімді өсімдіктер
Бидай, сұлы, арпа сияқты дақылдар суыққа төзімді. Олардың тұқымдары топыраққа ерте көктемде себіледі. Көкөністерден сарымсақ, сәбіз, пияз, шалқан да суыққа төзімді келеді.
III. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта адамның табиғатқа әсер ететін іс-әрекеттерімен танысамыз. Тақырып: «Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж». Дәптерге күн мен тақырыпты жазамыз.
Негізгі ой
Өсімдік — тіршіліктің тірегі.
Өсімдіктер жыл сайын атмосфераға шамамен 400 млн тонна оттегі бөледі. Ал бір адам жылына тыныс алу үшін орта есеппен 173 мың литр оттегін пайдаланады.
Өсімдіктер ауадағы ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше заттар бөледі. Сонымен қатар жануарлар үшін қорек және баспана қызметін атқарады. Адам өсімдіктерді тағамға, баспанаға, жиһаз жасауға, сондай-ақ дәрі-дәрмек ретінде қолданады.
Адам әрекетінің өсімдіктерге әсері
Тікелей әсер
Орманды кесу.
Кешенді әсер
Ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу барысында егістік пен бау-бақшаға зиян келтіру, өсімдіктерді жою.
Ойланбай жасалатын әрекеттер
Шаруашылық жұмыстары мен демалыс кезінде абайсыздықтан өрт шығарып, өсімдіктерге үлкен зардап келтіру.
Маңызды дерек
Соңғы жылдары еліміздің орман қоры аумағында 2257 орман өрті тіркелген. Өрттердің шамамен 70%-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.