Тыныс алу жаттығуы

Іс-шара туралы

Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы, «Балапан» балабақшасы. Дене шынықтыру жетекшісі: Секербекова Жазира Бейсенбековна.

Тақырып: «Толағай» отбасылық сайысы.

Мақсаты

  • Балалардың дене бітімін жақсарту.
  • Жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу.
  • Белсенді өмір салтына үйрету және қойылған мақсатқа жетуге дағдыландыру.

Көрнекі құралдар

Доптар Қаптар Гимнастикалық орындықтар Кегли Секіргіш Үрленбелі аттар Геометриялық пішіндер Шығыршықтар Тунель

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Құрметті ата-аналар, балалар және балабақша қызметкерлері! Бүгінгі қоғам талабына сай жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат тәрбиелеу — отбасының, балабақшаның және жалпы жұртшылықтың ортақ әрі қасиетті міндеті.

Балабақшамыздың негізгі мақсаты — болашақ ұрпақты халқына қалаулы, ата-анасына мақтаныш, дені сау, сымбатты, шыныққан, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу.

Отбасы мерекесіне орай ұйымдастырылған «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сайысқа «Айгөлек» және «Балбөбек» орта топтарының тәрбиеленушілері мен ата-аналары қатысады.

Шақыру өлеңі

Әр таңды бақытпенен атырамыз,

Өнерді ой-көгіне бақылаңыз.

Сайысқа қатысуға енді ортаға

Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң

Отбасыларды шақырамыз.

Рәсім және бағалау

Әнұран

«Әнұраным — жан ұраным, айтар әнім, сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады — Республикам, Әнұраным». (Әнұран орындалады.)

Әділқазы алқасы

Ойыншылар сайысын әділқазы бағалайды. Жеңімпаз болу — үлкен сын.

Бағалау жүйесі: 5 балдық.

Құрметті халайық, жарысты тамашалаңыздар! Әділқазы алқасы, әділ баға берулеріңізді сұраймыз.

Қатысушылар

Сайысқа 4 отбасы қатысады:

Сұңқар тобы

Еркебұлан, Венера, Ұлжан

Көгершін тобы

Ерзамат, Сұлушаш, Айзат

Тұлпар тобы

Еркебұлан, Жанар, Абылай

Қарлығаш тобы

Қуандық, Гүлзат, Бірғаным

Таныстыру және ұрандар

«Өнер қуып отбасы өтер дейміз, бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп, өздерін таныстырып, ұрандарын айтады».

1) Тұлпар тобының ұраны

Биіктерге тұрамыз,

Жұлдыз болып жанамыз.

Бірлікпенен күш қосып,

Тұлпарларша шабамыз.

2) Көгершін тобының ұраны

Көгершін самғар әлемді,

Қабылда біздің сәлемді.

Қарлығаш пен Сұңқардай,

Құспыз ғой біз де кәделі.

3) Сұңқар тобының ұраны

Сұңқардай самғаймыз,

Жарыстан қалмаймыз.

Жеңіске жетеміз деп,

Жалынды ұран тастаймыз.

4) Қарлығаш тобының ұраны

Қарлығаш тобы сіздерге

Жалынды сәлем береді.

Сүрінбей өтіп сындардан,

Жалынды ұран тастаймыз.

Дене қыздыру жаттығулары

«Жанға қуат — шынығу, жаттығу, тынығу. Сымбатты болуда — спорттың жолында». Сайысты бастамас бұрын баршаңызды жалпы дене қыздыру жаттығуларын орындауға шақырамыз.

  1. 1

    Аяқ алшақ, қол белде: басымызды 1–2 санағында оңға еңкейтеміз.

  2. 2

    Мойынды айналдыру: 1–2 — алға, 3–4 — артқа.

  3. 3

    Қолды иықтан айналдыру: 1–2 — алға, 3–4 — артқа.

  4. 4

    Қолды алға созып, «қайшы» қимылын жасаймыз.

  5. 5

    Аяқ алшақ: бір қолды алға созып, еңкейіп екі аяқтың ұшына жеткіземіз.

  6. 6

    Тыныс алу жаттығуы. (Жаттығулар ән ырғағымен орындалады.)

Толық нұсқасын жүктеу