Сабақтың қорытындылау кезеңі
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме: Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы, Ә. Науаи атындағы №17 жалпы орта мектеп
Пән мұғалімі: Химия және биология пәні мұғалімі Нахипова Насиба Парменкуловна
Пәні, сыныбы: Химия, 9-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен және оның қасиеттері
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ацетиленнің құрылысына сүйене отырып, алкиндердің физикалық және химиялық қасиеттерін, реакциялардың жүру механизмін түсіндіру; генетикалық байланыстарға қатысты тапсырмалар мен есептер арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ацетиленнің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жаза білуге, тұрмыспен байланыстыра талдауға және алған білімді қолдана отырып сын тұрғысынан ойлап, еркін жұмыс жасауға үйрету.
Тәрбиелік
Жауапкершілікті сезінуге, топта тиімді жұмыс жасауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тәрбиелеу.
Әдістер, көрнекіліктер және ресурстар
Оқыту әдістері
- Венн диаграммасы
- Криптограмма
- Фишбоун
- Сұрақ–жауап
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Кластер
- Ацетиленнің шар-өзекті моделі
Құрал-жабдықтар және реактивтер
Құрал-жабдықтар
- Сынауықтар
- Газ шығаратын түтігі бар тығын
Реактивтер
- CaC₂
- H₂O
- Br₂ (бром суы)
- KMnO₄ (калий перманганаты ерітіндісі)
Сабақ құрылымы
I
Ұйымдастыру
Сәлемдесу, қатысымды анықтау, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
II
Үй тапсырмасын қайталау
Сұрақтар, кластер, сергіту сәті арқылы алдыңғы білімді белсендіру.
III
Жаңа тақырып
Ацетилен: құрамы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы; тәжірибелік дәлелдер.
IV
Бекіту және қорытынды
Деңгейлік есептер, топтық тапсырмалар, салыстыру және жүйелеу.
V
Үй тапсырмасы
Зерттеу жұмысы: ацетилен фонарларының жасалуы туралы реферат.
Өткен сабақты қайталау
1) Систематикалық кесте (сұрақтар топтамасы)
Мақсаты: оқушылардың басым бөлігін қамту, әр оқушыға өз деңгейіне сай сұрақ таңдауға мүмкіндік беру және келесі сабаққа кері байланыс жинау.
I. Алкендердің құрамы бойынша
- Қанықпаған көмірсутектерге қандай қосылыстар жатады?
- Алкендердің номенклатурасын атаңыз.
- Алкендердің гомологтік қатарын атаңыз.
- Этиленді көмірсутектер дегеніміз не?
- Этиленді алғаш кім ашқан?
II. Алкендердің құрылысы бойынша
- Изомерия дегеніміз не?
- Гибридтену дегеніміз не?
- Этиленнің моделін жасап, құрастырыңыз.
- Пропиленнің моделін жасап, құрастырыңыз.
- Қос байланыс деген не?
III. Алкендердің қасиеттері бойынша
- Алкендердің сапалық реакцияларын атаңыз.
- Этиленнің физикалық қасиеттерін сипаттаңыз.
- Этиленнің жану реакциясын жазыңыз.
- Марковников ережесін түсіндіріңіз.
- Алкендердің гидрлену реакциясын сипаттаңыз.
IV. Алкендердің қолданылуы бойынша
- Полимерлену реакциялары дегеніміз не?
- Жеміс-жидектің пісуін тездететін қанықпаған көмірсутекті атаңыз.
- С. В. Лебедев кім?
- Этилен мен пропиленнен табиғи ортаны ластаушы қандай заттар алынуы мүмкін?
- Алкендерді ауыл шаруашылығында зиянкестерді жою үшін қолдануға бола ма?
2) Кластер бойынша жұмыс
Мақсаты: сын тұрғысынан ойлауды дамыту және алдыңғы білімнен түйінді ойды жинақтау. Тапсырма: «Не білемін?» кластерін толтыру.
Сергіту сәті: «Сенесің бе, сенбейсің бе?»
Мұғалім тұжырым айтады: дұрыс болса оқушылар «Иә» деп қолын алға созып жауап береді, қате болса басын шайқап, қолын оңға-солға сермейді.
- Алкендердің гомологтық қатары этиленнен басталады.
- Этилен ауадан ауыр газ.
- Қанықпаған көмірсутектерге қосылу реакциялары тән.
- Алкендердің жалпы формуласы CnH2n+2.
- Этиленнен этил спиртін алуға болады.
- Алкандарды жоғары температурада айыру арқылы алкендер алуға болады.
Жаңа сабақ: ацетилен
Кіріспе логикасы
Жаңа тақырып мына ретпен түсіндіріледі: құрамы → құрылысы → қасиеттері → қолданылуы.
Ацетиленнің ашылу тарихы
Проблемалық сұрақ: «Қоқыс жәшігінен табылған жаңалық». Кальций карбиді (CaC₂) неміс химигі Ф. Вёлер тарапынан кездейсоқ ашылғаны арқылы оқушылардың қызығушылығы оятылады.
Криптограмма
Криптограмманы дұрыс шешкен оқушы 1860 жылы ацетиленге алғаш рет атау берген француз химигінің фамилиясын анықтайды.
Демонстрациялық тәжірибе: ацетилен алу және қасиеттерін бақылау
1) Карбидтік әдіспен ацетилен алу
Газ шығаратын түтігі бар тығынмен жабылатын сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін су құйып, бұршақ дәніндей CaC₂ саламыз. Газ бөлінеді.
Реакция теңдеуі
CaC₂ + 2H₂O → Ca(OH)₂ + C₂H₂ ↑
2) Қанықпағандықты дәлелдеу
Бөлінген газды бром суы және калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізіп, түссіздену құбылысын бақылаймыз.
3) Жануын бақылау
Газды түтіктің аузында тұтатып, ацетиленнің түтінденіп, қызыл жалынмен жанатынын байқаймыз.
Жану теңдеуі
2C₂H₂ + 5O₂ → 4CO₂ + 2H₂O
Техника қауіпсіздігі
Ацетиленнің ауамен немесе оттекпен қоспасы қопарылғыш. Сондықтан тәжірибе мен қолдану барысында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталады. Ацетилен «Ацетилен» деген қызыл жазуы бар ақ түсті арнайы баллондарда тасымалданады.
Бекіту және бағалау
Оқулықпен жұмыс
Деңгейлік тапсырмалар: оқулықтың 168-бетіндегі есептер.
Деңгейлік тапсырмалар
A деңгейі
Неліктен алкендер ашық жалынмен, ал алкиндер түтінденіп жанады? Жауабыңызды бутен мен бутин молекулаларындағы көміртектің массалық үлесін есептеу арқылы дәлелдеңіз.
Ә деңгейі
6-есеп: мына айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз: CaC₂ → C₂H₂ → CO₂ → CaCO₃ → CO₂.
Б деңгейі
7-есеп: термохимиялық теңдеу бойынша 2C₂H₂ + 5O₂ → 4CO₂ + 2H₂O + 2600 кДж, қ. ж. 5,6 л ацетилен жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз.
Топтық жұмыс
Оқушылар 3 топқа бөлінеді, топ басшылары сайланады (алкан, алкен, алкин топтары). Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
I топ
«Фишбоун» әдісі арқылы ацетиленді жан-жақты сипаттау.
II топ
Венн диаграммасы: Этилен мен ацетиленнің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
III топ
Тақырыптың түйінді сөздері: «Сөздер колбасы» (біздің тақырып бойынша негізгі терминдерді іріктеу және түсіндіру).
Үй тапсырмасы
Зерттеу жұмысы: «Ацетиленді фонарлардың жасалуы» тақырыбында реферат дайындау.