Өзіңді - өзің құрметте

Автор туралы

Өңір

Қарағанды облысы

Аудан

Ақтоғай ауданы

Кент

Сарышаған

Қызметі

Жалпы орта білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі

Аты-жөні

Гурленбаева Жумабике Ражабовна

Өзін-өзі құрметтеу — өмірге деген ішкі сезім

Өзін-өзі құрметтеу — жеке адамның өмірге деген сезімі, өз құндылығын ішкі түйсікпен қабылдауы. Жазушы әрі сыншы Сэмюэль Джонсонның сөзімен айтқанда, өз-өзіне сенімділік — ұлы істерді атқару үшін адамзатқа ең әуелі қажет қасиет. Әсіресе мұғалімдік мамандықты таңдаған адам үшін бұл қасиет ерекше маңызды.

Негізгі ой

Өзін-өзі құрметтеудің негізі — ақыл-ойға сену, эмоцияны түсіну және өзіңнің бақытқа лайық екеніңді мойындау.

Бұл сезімді сезіну, оны дұрыс арнаға бағыттау — адамның ішкі түйсігімен байланысты. Өзін-өзі құрметтеу деңгейі сіздің жұмысыңызға, адамдармен қарым-қатынасыңызға, қандай биікке көтеріле алатыныңызға, нені меңгеріп, кіммен және қалай араласатыныңызға тікелей әсер етеді.

Өзін-өзі құрметтеудің әсері

Жұмыс

Нәтиже, табандылық, кәсіби өсу.

Қарым-қатынас

Сыйластық, сенім, ашық диалог.

Өмірлік мақсат

Қай бағытқа ұмтылатыныңызды айқындау.

Өсу шегі

Өз мүмкіндігіңізді тану және кеңейту.

Өзін-өзі құрметтейтін адам қандай болады?

  • Тәуелсіз және жауапкершілігі жоғары.
  • Шығармашыл, өзгеріске бейім, уақыт талабына төтеп бере алады.
  • Өз қатесін түсінеді, қорытынды шығарады.
  • Айналасындағылармен мәдени, жоғары деңгейде қарым-қатынас орнатады.

Өзін-өзі құрметтей алмаған адам қандай күйге түседі?

  • Өзгерістерден қорқады, тұрақсыз болады.
  • Өз қатесін байқамай, өзін басқаруда қиналады.
  • Өзгелерге сенімсіз қарап, қарым-қатынаста кедергіге жиі ұшырайды.

Адам өзін қаншалықты жоғары деңгейде құрметтесе, соншалықты табысқа жетіп, өсіп-өркендейді. Бұл — өмір талабы.

Мұғалім үшін өз-өзіне сенім неге қажет?

Мұғалім еңбегінің нәтижелі болуы — тек білім берумен шектелмейді. Өз-өзіне сенімді ұстаз оқушыны жетелейді, ал күмән мен қорқынышқа берілген ұстаз өз әлеуетін де, шәкірт мүмкіндігін де толық аша алмай қалады. Егер мұғалім «үйрете алмаймын» деп именіп, «білмеймін» деген сөзді жиі қайталаса, ол өзін бақыттан да, құрметтен де алыстатады.

«Бұл өмір менің біліміме бейімделуі керек. Мен келешек үшін күресе аламын, мен мұны білемін» деген сенім — адамды арманға жеткізетін ішкі тірек. Ал «білмеймін» деген ойға байланып қалған адам қанша кітап оқыса да, қанша семинарға қатысса да, көбіне нақты нәтижеге жете алмайды.

Өзіңізге еске салатын ұстаным

Барлығы сіздің өмірде неге қол жеткізгіңіз келетініне байланысты. Өмірде жетістікке жету — ең алдымен өзіңізге байланысты.

Қадам

Күдікті емес, әрекетті таңдаңыз.

Уақыт

Қазір және осы жерде бастаңыз.

Ішкі үн: өзіңізге берілетін пәрмен

Қатты айтуға болатын қысқа формула

МЕНІҢ ҚОЛЫМНАН КЕЛЕДІ!

МЕН БАҚЫТТЫМЫН!

Егер адам өзін «бұдан ештеңе шықпайды» деп сендірсе, ойлағаны орындалмайды және бастама көтеру қиындайды. Өз-өзіңізді құрметтеңіз: «Мен білемін, білімдімін. Алланың бергенін басқаларға да үйрете аламын. Өмірде табысқа жетемін» деген сенім — әрекетке жол ашады.

Оқушыға берілетін ең маңызды сабақ

Мен оқушыларға мына ойды жиі айтамын: «Сен — Алланың жаратқан пендесісің. Алланың бергенінен құр қалма. Өзіңді-өзің құрметте. Сонда өзіңе керек білімді ала аласың». Бала міндетті түрде күнделікке «5» алуы үшін емес, өз мүмкіндігін сезініп, сол сезімді дамыта білуі үшін оқуы керек.

Оқушының ішкі ұраны

«Менің қолымнан келеді. Мен ұстазым берген білімді қабылдаймын және алған білімімді өмірде өз орнында қолдана аламын».

Дәл осы сезім баланы алға жетелейді. Ешкім анадан білімді болып тумайды: көріп-біліп үйренеді, ащы мен тұщының дәмін татып таниды.

Қиындыққа төтеп беруді үйрену керек. Сабырлы да салмақты болу — тұлғалық өсу белгісі. Сонда ғана айналаңыздағы адамдар сізді құрметтейді. Қазіргі заман — жаңалықтар кезеңі: өткенді еске алып, қатені түзетіп, жаңаны қабылдай білу қажет. Осы арқылы адам өзіне деген құрметін оята алады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, біз — мұғалімдер үшін өзін-өзі құрметтеу өте қажет. Өзімізді де, еңбегімізді де құрметтейік. Сонда ғана шәкірттеріміз де бізді құрметтейді. Құрметке лайық болайық.