Туған жер. Сабақтың тақырыбы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Байғалиева Зауре Сабешевна
Сабақтың тақырыбы
Қартқожаның туған жері
Сабақтың мақсаттары
-
1
Мәтінді оқыту арқылы негізгі ойды ашу; Ж. Аймауытовтың өмірімен таныстыру; түсініп оқу дағдыларын жетілдіру және өз пікірін ортаға сала білуге баулу.
-
2
Автор өмірін өнеге ете отырып, туған жер мен ел туралы білімді тереңдету; сабаққа қызығушылықты арттыру.
-
3
Білім арқылы елін, жерін сүюге және құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдістер мен ресурстар
Сабақ әдістері
- Әңгімелеу, түсіндіру
- Талдау–жинақтау
- Сұрақ–жауап, ой түйіндеу
- СТО (сын тұрғысынан ойлау) әдістері
Көрнекілік және материалдар
- Суреттер, сызбалар, кесте, постер
- Тірек-сызбалар
- Мақал-мәтелдер жинағы
- Постерге сурет салу жұмыстары
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа дайындау, көңіл күйін сабаққа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Күзгі демалыста қалай демалғаны, қандай кітап оқығаны туралы шағын әңгімелеу.
3) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
- Әуенді-қимылды жаттығу ұйымдастыру.
- Санамақ арқылы топқа бөлу, топ ережесін еске түсіру.
- Сұрақтар арқылы «Отан» сөзжұмбағын шешу.
Негізгі ұғымдарды нақтылау
«Отан» сөзін тағы қалай атауға болады? (4 топқа 4 сұрақ)
Менің Отаным – Қазақстан.
Әр топ өз сөз тіркесін қойып, хормен оқиды.
Алдыңғы біліммен байланыс
- Қазақ халқына пайдасы тиген қандай тұлғаларды білесіңдер? (Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов және т.б.)
- «Кітап оқу туралы» мәтіннің негізгі кейіпкері кім еді?
- Жазушы туралы еске түсіріп, тірек-сызбаны толтыру.
Мұғалімнің түсіндірмесі
Жүсіпбек Аймауытов қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Қызылтау ауылында дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетіне көркем лиризм әкелген, пейзажды шебер суреттеген, нәзік стильдік өрнегімен танылған суреткер.
Енді кітап оқуға ынтасы жоғары кейіпкеріміз Қартқожаның туған ауыл көрінісі оған қалай әсер еткенін мәтін арқылы аңғарамыз (мәтінді мұғалім әсерлі оқып береді).
INSЕRT әдісі: жаңа сөздермен жұмыс
Оқушылар мәтіннен түсініксіз сөздерді түртіп алады, мағынасын талдайды (суреттермен көрсету ұсынылады).
- Ашамай
- Балаға арналған, алдыңғы-артқы қастары айқастырып жасалған ер.
- Шерсіз
- Қайғы-мұңсыз.
- Жетесіз
- Ақылсыз, ақымақ.
- Ет бауыр жақын
- Өте жақын туыс.
- Қотан
- Қой жататын қоршаусыз үй маңы.
- Үй басы
- Әр үй, әр шаңырақ.
Мәтінмен жұмыс: талдау сұрақтары (топтық)
Топ ережесін сақтай отырып, бір-бірін тыңдап, тапсырмаларды орындайды. Уақыт: 7 минут. Бағалау: «Бармақпен бағалау».
I топ
Мәтінде кешкі ауыл көрінісі қалай суреттелген? Қартқожаға қандай нәрселер қатты әсер етті?
II топ
Мәтіндегі қандай сөздер ерекше әсер етті? Көз алдыңа нені елестетер едің?
III топ
Қандай адам өз туған жерін сүймейді деп ойлайсың?
IV топ
Қартқожа өз туған жерін қалай сүйді?
Дәптермен жұмыс
- Бүгінгі күнді жазу.
- Көркем жазу: «Менің Отаным – Қазақстан».
4) Бекіту: топтық жұмыс (постер)
Әр топ өз жұмысын постерге түсіреді. Уақыт: 2 минут. Бағалау: нүктемен бағалау.
I топ: көркем сөздерді табу
Мәтіндегі көркем тіркестерді тауып жазыңдар. Мысалы: «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті» және т.б.
II топ: мақал-мәтелдер
Туған жер туралы мақал-мәтелдерді айтып беріңдер.
III топ: суретпен жұмыс
Берілген сурет мәтіннің қай бөліміне сәйкес келеді? Дәлелдеп талдап айтыңдар.
IV топ: шағын эссе
«Туған жер», «Отан», «Туған қала» тақырыптарының біріне шағын эссе жазыңдар.
5) Қорытынды
«5 жолды өлең» стратегиясы
- 1. Зат есім: Туған жер
- 2. Сын есім: кең-байтақ, ыстық, үлкен, ұлан-ғайыр
- 3. Етістік: сүйеді, қадірлейді, құрметтейді
- 4. Сөйлем: «Неткен сұлу, неткен көркем осы менің туған өлкем!»
- 5. Синоним: Атамекен
Рефлексия
Оқушылар қағазға сабақтың қаншалықты ұнағанын және қандай әсер алғанын бір сөйлеммен жазады.
6) Үй тапсырмасы
- Мәтінді түсініп оқып келу.
7) Бағалау
Оқушылардың жұмысын қалыптастырушы бағалау арқылы қорытындылау: «бармақпен бағалау» және «нүктемен бағалау» нәтижелерін ескеру.