Өзен аңғары

География • 5-сынып

Тақырып: Өзендер

Мұғалім: Бақтыбаева Айгүл Жаңабайқы

Жаратылыстану Атласпен жұмыс Экологиялық тәрбие

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Өзендер туралы негізгі түсінік қалыптастыру.
  • Өзендердің теңіздерден айырмашылығын түсіндіру.
  • Қазақстанның ірі өзендерін таныстыру.

Дамытушылық

  • Атласпен жұмыс арқылы ойлау қабілетін дамыту.
  • Картамен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Суды қорғауға және үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Үй тапсырмасын тексеру.
  2. 2 Жаңа материалды меңгерту.
  3. 3 Бекіту.
  4. 4 Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ-жауап

  1. 1 Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?
  2. 2 Көл дегенді қалай түсінесің?
  3. 3 Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?
  4. 4 Мұхит пен теңіз суларының ластануы неге байланысты?
  5. 5 Еуразия жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ: өзен туралы негізгі ұғымдар

Географиялық карталарға мұқият қарасаңдар, материктердің үстінде жіп тәрізді жан-жаққа созылған көкшіл сызықтарды көресіңдер. Бұл — жай белгі емес, өзендер.

Өзен дегеніміз не?

Өзен — табиғи жолмен қалыптасқан арна арқылы ағатын су.

Бастау

Өзеннің басталар жері бастау деп аталады.

Өзен алабы

Өзен бастауынан құяр жеріне дейінгі аралық өзен алабы деп аталады.

Өзен аңғары

Өзен аңғары — өзен алабында ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер бедері.

Өзен жайылмасы

Жайылма — өзен тасыған кезде су басуы мүмкін аңғардың кеңейген бөлігі.

Өзеннің саласы

Үлкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Олар өзеннің салалары деп аталады.

Қызықты деректер

Ең ұзын өзен
Ніл — 6671 км.
Ең суы мол өзен
Амазонка.
Қазақстандағы ең ұзын өзен
Ертіс.

Бекіту: атласпен және картамен жұмыс

Тапсырма

Тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасаңыздар. Картадан өзендерді тауып, кескін картаға белгілеңіздер:

Ніл Амазонка Ертіс Есіл Тобыл Жайық Сырдария Іле Шу

Сұрақтар

  1. 1 Өзен дегеніміз не?
  2. 2 Судың ағысы қалай пайда болады?
  3. 3 Өзеннің құрамдас бөліктерін ата.
  4. 4 Өзің тұратын ауыл немесе қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.

Үй тапсырмасы

§ 23 оқу. 1–3-сұрақтарға жауап беру.