Емдік тағамдар

Курс туралы қысқаша мәлімет

Курс

Таңдау курсы

«Химияның адам экологиясы мен денсаулығына әсері»

Сынып

8–9

Жалпы орта білім беру деңгейі

Жүктеме

34 сағат

Аптасына 1 сағат

Кіріспе (1 сағат)

  • Экология ұғымын түсіну, табиғи байлықтарды бағалау және оларды қорғау шараларын білу.
  • Қоғамдық жауапкершілік пен азаматтық құндылықтарды, соның ішінде Ата заңды құрметтеуді қалыптастыру.

I модуль

Дұрыс тамақтануды қалыптастыру дағдылары

6 сағат

Негізгі тақырыптар

  • Аурушаңдық деңгейінің өсуі мен тағам сапасының өзара байланысы.
  • Тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы.
  • Емдік тағамдар және емдік ашығу.
  • Ағзадағы су айналымы (су теңгерімі), ішетін судың сапасы және ағза күйімен байланысы.
  • Кальций мен микроэлементтердің адам денсаулығын сақтаудағы маңызы.
  • Тегі басқа заттар және тағамдық тізбек туралы түсінік.

Көрсетілімдер

Макро- және микроэлементтердің үлгілері.

Зертханалық тәжірибе

Суды жұмсарту.

Негізгі ұғымдар

тамақтану гигиенасы су микроэлементтер емдік тағамдар

Оқушы білуге тиіс

  • Тамақтанудың рөлі, ауру түрлері, су сапасының маңызы.
  • Макро- және микроэлементтер, тиімді тамақтанудың 12 ұстанымы.
  • Емдік тағамдар мен ашығу, тегі басқа тағамдар және тағамдық қоспалар туралы түсінік.
  • Білімді тексеру талаптарына сәйкес өзіндік дайындық.

II модуль

Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері

9 сағат

Негізгі тақырыптар

  • Физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері.
  • Қазақстандағы экологиялық мәселелер және тұрғындардың денсаулық жағдайы.
  • Онкологиялық аурулардың алдын алу.

Көрсетілімдер

Тыңайтқыштардың үлгілері.

Зертханалық тәжірибе

Тыңайтқыштар үлгілерімен танысу.

Негізгі ұғымдар

инфрақызыл сәулелер ультракүлгін сәулелер электромагниттік сәулелер барометрлік қысым канцерогенді заттар микотоксиндер пестицидтер берік органикалық ластаушылар алкоголь онкологиялық аурулар ауыр металдар

Оқушы білуге тиіс

  • Ядролық қаруды қолданудың салдары.
  • Діріл мен дыбыстың адам ағзасына әсері.
  • Ауа мен судың ластануы, диоксиндердің уыттылығы.
  • Білімді тексеру талаптарына сәйкес өзіндік дайындық.

III модуль

Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістері

5 сағат

Негізгі тақырыптар

  • Фитотерапия, ароматерапия, апитерапия.
  • Ағзаны сауықтыру және рухани байытудың шығыстық әдістері.
  • Рефлексотерапия.

Көрсетілімдер

Дәрілік өсімдіктер және олардың түрлері. Дәрілік өсімдіктер анықтамалығы.

Зертханалық тәжірибе

Фитонцидтік қасиеті бар өсімдіктерге тәжірибе жасау.

Сарамандық жұмыс

Емдік жаттығуларды орындау.

Негізгі ұғымдар

рефлексотерапия акупрессура акупунктура аурикулотерапия су-джок терапия шиатсу вакуум-терапия әуентерапия магнит-терапия фитотерапия ароматерапия апитерапия бал арасының сүті ара балы аюрведа йога хатха-йога тибет медицинасы цигун-терапия К. Ниши жүйесі М. Норбеков жүйесі

Оқушы білуге тиіс

  • Сауықтырудың дәстүрлі емес әдістерін және оларды қолданудағы қауіпсіздік мәдениетін.
  • Өсімдік құрамындағы химиялық элементтердің рөлін.
  • Өсімдіктердің фитонцидтік қасиеттерін және оларды тәжірибе арқылы дәлелдеудің жолдарын.
  • Білімді тексеру талаптарына сәйкес өзіндік дайындық.

IV модуль

Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік дағдылары

4 сағат

Негізгі тақырыптар

  • Техногендік төтенше жағдайлар және олардың жіктелуі.
  • Өндірістік апаттар мен зілзалалар.
  • Өрттер мен жарылыстар.
  • Күшті әсерлі улы заттар бөлінетін апаттар.
  • Радиобелсенді заттар бөлінетін апаттар.

Көрсетілімдер

Кең тараған күшті әсерлі улы заттардың үлгілері: хлор, аммиак, акрилонитрил, азот оксидтері және т.б.

Сарамандық сабақ

Төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаныш әрекеттерін орындау.

Негізгі ұғымдар

техногендік төтенше жағдайлар өрт жарылыс радиобелсенді заттар

Оқушы білуге тиіс

  • Техногендік төтенше жағдайлардың түрлері және жіктелуі.
  • Өрт, жарылыс және әртүрлі апаттар кезіндегі қауіп-қатер факторлары.
  • Білімді тексеру талаптарына сәйкес өзіндік дайындық.

Курсты оқытудың басты талаптары

Дүниетаным және білім

  • Химиялық, экологиялық, физикалық және биологиялық дүниетанымды қалыптастыру.
  • Білімді тереңдету және ғылыми ұғымдарды жүйелеу.
  • Адамға қажетті химиялық, биологиялық және экологиялық түсініктерді меңгерту.

Қауіпсіздік және қолданбалы дағдылар

  • Тұрмыстағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру.
  • Заттарды тұрмыста, өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолдана білу.
  • Тірі және өлі табиғаттың бірлігі мен өзара байланысын ұғындыру.