Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
Күнделікті сабақ жоспары (Әдебиет, 5-сынып)
Бұл жоспар IV тоқсандағы 5-сынып әдебиет пәніне арналған. Негізгі назар — Шыңғыс Айтматовтың «Ерте келген тырналар» хикаяты.
Тақырыптар тізбегі
- 56Ш. Айтматов — «Ерте келген тырналар»
- 57«Ерте келген тырналар»: Сұлтанмұратқа мінездеме
- 58Қ. Ахметова — «Қазағым менің»
- 59И. Байзақов — «Жазғы кеш»
- 60Мазмұндама — «Әкемнің әңгімесі»
Сабақ туралы мәлімет
- Пән
- Әдебиет
- Сынып
- 5
- Тоқсан
- IV
- Күні
- Күні/айы/жылы: толтырылады
- Мұғалім
- Аты-жөні: толтырылады
Сабақтың тақырыбы
Ш. Айтматов — «Ерте келген тырналар»
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Сабақтың түрі
Дәстүрлі
Әдіс-тәсілдер
Әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу
Көрнекілік
Ш. Айтматовтың портреті, шығармалары
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, әдебиет тарихы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Тәрбиелік
Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Оқушылардың әдеби дүниетанымын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Жаңа тақырып: Шыңғыс Айтматов туралы
Шыңғыс Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғызстандағы Шекер ауылында дүниеге келген. Әкесі Төреқұл — парасатты, пайымды адам болған. Ол ел басқару қызметінде жүріп, 1937–1938 жылдардағы «халық жауы» деген жазықсыз жаланың құрбаны болады. Шыңғыс бауырларымен бірге қиындықты көп көріп өседі.
Айтматовтың шын мамандығы — табиғат сыйлаған жазушылық өнер. Ол осы өнерін шыңдау үшін М. Горький атындағы Әдебиет институтында білім алады.
1956 жылы жазылған «Жәмилә» хикаяты бірден жұрт назарын аударып, көп ұзамай орыс тіліне аударылады. Кейін Парижде француз тілінде жарияланып, жас суреткердің есімін әлемге танытты.
Қазақ-қырғыз әдеби байланысы
Қазақ пен қырғыз — ежелден қандас, бауырлас халық. Ертеректе халық ақындары екі ел арасында кезек-кезек ән шырқап, қазақ-қырғыз ақындары айтысып жүрген. Қазақтың ардақты ұлы Шоқан Уәлиханов «Манас» эпосын еуропалық деңгейде алғаш зерттеген тұлғалардың бірі.
Бұл дәстүр бүгінге дейін жалғасып келеді. «Манастың» ірі зерттеушісі Мұхтар Әуезов Айтматовқа ұстаз болғаны да — осы рухани сабақтастықтың айқын дәлелі.
Әлемдік деңгейдегі қаламгер
Бүгінде Ш. Айтматовтың есімі дүние жүзіне мәшһүр. Ол — ең көп аударылған қаламгерлердің бірі. Жазушы сомдаған кейіпкерлер тек қырғыз халқының перзенттері ғана емес, әлем халықтарына ортақ мінез бен адамзаттық болмысты танытады. Сондықтан да оның шығармалары әр ел оқырманына жақын.
«Боранды бекет» романы өмір мен өлім, қасиет пен қасиетсіздік, Жер-Анаға адамдардың қарым-қатынасы туралы терең толғанады. Сондай-ақ шығармада қазіргі әскери полигон кеңістігімен астасқан Найман-ана бейіті туралы тарих та көрініс табады.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1Оқушылармен сәлемдесу.
- 2Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- 3Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- • «Робинзон Крузо» романынан үзіндіні мазмұндау.
III. Жаңа тақырыпты меңгерту
- 1 Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы бойынша түсіндіру.
- 2 Шығарма мәтінімен жұмыс: мазмұнын талдау және түсіндіру.
- 3 Мәтінді толық, тұтас оқып шығу.
IV. Түсінік тексеру (сұрақ-жауап)
Оқушылар мәтін мазмұнын қаншалықты түсінгенін тексеру үшін төмендегі сұрақтар қойылады:
- Балалар көктемгі егіске нені, қалай дайындады?
- Ол дайындықты кім тексерді?
- Тексеру кезінде қандай кемшіліктер байқалды?
- Оның қандай зардабы болуы мүмкін?
- Қар басқан жолдың жонынан таспа тілген алғашқы үш күндік жұмысты жазушы қалай суреттейді?
- Қар аралас жаңбырдан кейін далаға ерте келген тырналарды балалар ненің белгісі деп түсінді?
V. Жаңа сабақты бекіту
- 1 Мәтіннен кейіптеулерді табу.
- 2 Табиғат суреттерін тауып, дәптерге жазу.
VI. Қорытынды
- Бағалау
- Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағаланады.
- Үй тапсырмасы
-
- 1Ш. Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет жинақтау.
- 2«Ерте келген тырналар» хикаятының сюжетін баяндау (толық нұсқасын қарау).