Жұрнақтар арқылы жасалған сөздер

6-сынып Қазақ тілі Түбір • Қосымша

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары туралы түсінікті кеңейту; жұрнақ пен жалғаудың қызметін таныту.

Тәрбиелік

Ана тілін қадірлеуге баулу; білімге құштарлықты, салауаттылықты және ұжымдық жұмыс барысында адалдық қасиеттерін дамыту.

Дамытушылық

Фонетика бойынша алған білімге сүйене отырып сауатты жазу мен оқу дағдыларын жетілдіру; ойлау белсенділігін арттыру және дұрыс сөйлеуге машықтандыру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Топқа бөлу.
  • Сабаққа дайындығына назар аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

68-жаттығу: мәтінді оқып, мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Талқылау сұрақтары:

  1. 1 Сөздер қандай жолдармен жасалады?
  2. 2 Сөз тұлғасы деген не?

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту (ой қозғау)

Ел бастау қиын емес,

Қонатын жерден көл табылады.

Қол бастау қиын емес,

Шабатын жерден ел табылады.

Шаршы топта сөз бастаудан,

Қиынды көргенім жоқ.

Бұқар жырау

Қосымшаның не үшін жалғанатынын түсіндіру мақсатында мәтіндегі қосымшаларды уақытша алып тастап, мәтінді дауыстап оқытамыз.

Оқушылар қосымшалардың сөйлемдегі сөздерді байланыстыратынын және сөзге қосымша мағына үстейтінін өздері байқап, қорытынды жасайды.

2) Мағынаны тану (топтық жұмыс)

«Джигсо» әдісі бойынша тақырыпты үш топқа бөліп, әр топ өз бөлігін түсіндіріп береді.

I топ

Түбір — сөздің бастапқы мағыналы бөлігі.

II топ

Қосымшаның түрлері: жұрнақ және жалғау.

III топ

Жұрнақ арқылы жасалған сөздер.

Сызба: сөз құрамы

Негізгі құрылым

Түбір + қосымша

Қосымшаның тармақтары

Жұрнақ (туынды сөз жасайды) • Жалғау (байланыстырады)

«Кім жылдам?» ойыны

Шарты: берілген сөздердегі қосымшаларды өз орнына қойып, дұрыс ретпен құрастыр.

Жинақ 1

мемлекет • -тер • -і • -нде

дей • -гі

Жинақ 2

қысыл • -ғы • -нда

шаң • шешен • -ге • -дік • -іңіз

Жинақ 3

бауыр • -лар • -ы • -нда

Жинақ 4

естелік • -тер • -дің • -іміз

Қорытынды ереже

Қосымшалар түбірге белгілі бір заңдылықпен жалғанады:

  • Түбір + жұрнақ + көптік жалғау + тәуелдік жалғау + септік жалғау
  • Түбір + жұрнақ + көптік жалғау + тәуелдік жалғау + жіктік жалғау

Оқулықпен жұмыс

69-жаттығу: берілген сөздердегі қосымшаларды ажыратып, олардың жұрнақ па, әлде жалғау ма екенін анықтаңдар.

I топ

  • адамға
  • бойы
  • жақсылық
  • қолынан

II топ

  • әкемнің
  • қулаған
  • шаңырағын
  • сыртқы
  • елге

III топ

  • оқиғаға
  • апамның
  • адамгершілік
  • ақыл-парасаттарынан

Фонетикалық талдау

I. «Ана»

  • А — дауысты, ашық, жуан, езулік
  • н — дауыссыз, үнді
  • а — дауысты, ашық, жуан, езулік

II. «Әке»

Сөздің дыбыстық құрамын үлгі бойынша талдау (дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке, ашық/қысаң).

III. «Тіл»

Сөздің дыбыстық құрамын үлгі бойынша талдау (дауысты/дауыссыз, жуан/жіңішке, ашық/қысаң).

«Кім білгір?» ойыны

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне қатысты сөз ойлап тауып, оған қосымша жалғап жазыңдар.

Мысал:

  • Балық → балықшы
  • Рыба → рыбок
  • Fish → fishman

3) Ой толғау

Сурет бойынша шағын әңгіме жазу.

Еске түсіретін тұжырымдар:

  • Қ — қосымша түбір сөзге жалғанады.
  • О — түбірдегі дыбыстардың ерекшелігіне сәйкес жалғанады.
  • С — өзі жалғанған сөзге мағына үстейді.
  • Ы — сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады.
  • М — белгілі бір заңдылық бойынша ретімен жалғана береді.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Әр топтың бағалау парақтары жиналып, нәтижесі қорытындыланады.

Үйге тапсырма

72-жаттығу: берілген сөздерге қосымша жалғап, сөйлем құрап жазыңдар.

Автор туралы

Балғатаева Жаңагүл Кенжебайқызы — Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.