Бұлтты есептеу

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Шабар ауылы

Абай атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі: Тиштенова Мадина Танатқызы

Түсінік хат

Ақпараттық қоғам жағдайында информатика пәні ақпараттық білімді, ақпараттық ортаны және адамның өзара байланысын үйлестіруге ықпал етеді. Ұсынылып отырған «Ақпараттық негіздері» қолданбалы курсы 11-сынып оқушыларының АКТ құралдарын оқу үдерісінде, ал кейінірек кәсіби-бағдарлы бағытта саналы әрі тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Курстың негізгі идеясы

Оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі саналатын коммуникацияны, ұғымдарды және ойлаудың математикалық негіздерін меңгеріп, осы бағытты жалғастыруға қажетті білім мен біліктілікті жинақтайды. Курс барысында интернет арқылы оқытудың тиімді тәсілдерін ұсынатын жаңа технологиялар да қарастырылады.

Бағдарламаның құрылымы

Бағдарлама төмендегі бөлімдерден, сондай-ақ дайындық деңгейіне қойылатын талаптардан, курс мазмұнынан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады:

  • 1

    ЭЕМ ақпараттық-логикалық негіздері

    Файлдық құрылым, компьютерлерді жүйелеу, есептеу жүйесінің құрамы, ЭЕМ логикалық негіздері.

  • 2

    Бұлтты сервистер

    Бұлтты есептеу ұғымы, модельдері мен қасиеттері, қызмет түрлері, артықшылықтары.

  • 3

    Бұлтты құжат сақтау жүйелеріне шолу

    Google Drive, Dropbox, Яндекс.Диск, Windows Live SkyDrive, Evernote.

  • 4

    HTML негіздері

    Гипермәтін, HTML тарихы мен құрылымы, мәтін, графика, тізімдер, сілтемелер, кестелер, формалар, фреймдер.

Бағыты

Дамытушылық

Танымдық белсенділікті арттырып, шығармашылық ойлауды дамытады және пәнге қызығушылықты күшейтеді.

Оқу жүктемесі

Аптасына 1 сағат

Жалпы көлемі: 34 сағат.

Нәтиже

Тұрақты дағды

АКТ құралдарын оқу мен жобалық жұмыста тиімді қолдану, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру.

Курстың мақсаты

Оқушылардың «Ақпараттық негіздері» бойынша бұрыннан қалыптасқан білімдерін тереңдету, информатика саласындағы ғылыми түсініктерін жүйелеу және осы бағытты жалғастыруға қажетті білім мен біліктілікпен қамтамасыз ету.

Міндеттері

  • Оқушылардың логикалық және алгоритмдік ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Коммуникативтік (тілдік) ойлау қабілетін және шығармашылық бейімділігін дамыту.
  • Әлемнің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру және өзін-өзі жетілдіру арқылы қызмет субъектісі деңгейіне көтерілуіне жағдай жасау.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс

  • Ақпараттық логика негіздерін.
  • Файлдық құрылымды.
  • ЭЕМ-нің логикалық негіздерін.
  • Бұлтты сервистер технологиясын.
  • HTML негіздерін.

Оқушылар меңгеруі тиіс

  • Компьютерлерді жүйелеуді.
  • Бұлттық қызметтерді модельдеуді.
  • Бұлтты құжат сақтау жүйелерімен жұмыс істеуді.
  • HTML құжаттарын қарайтын және құратын бағдарламалармен жұмыс істеуді.
  • Веб-графиканы қолдануды.
  • Тізімдер мен кестелер құруды.
  • Формалар және фреймдермен жұмыс жасауды.

Оқу курсының құрылымы мен мазмұны

I бөлім. ЭЕМ ақпараттық-логикалық негіздері

4 сағат
  • Файлдық құрылым
  • Компьютерлерді жүйелеу
  • Есептеу жүйесінің құрамы
  • ЭЕМ логикалық негіздері

II бөлім. Бұлтты сервистер

6 сағат
  • Бұлтты есептеу ұғымы
  • Бұлтты есептеулер (дүниежүзілік нарық)
  • Модельдері мен қасиеттері
  • Қызмет модельдері
  • Қызмет түрлері
  • Артықшылықтары

III бөлім. Бұлтты құжат сақтау жүйелеріне қысқаша шолу

5 сағат
  • Google Drive
  • Dropbox
  • Яндекс.Диск
  • Windows Live SkyDrive
  • Evernote

IV бөлім. HTML негіздері

19 сағат
  • Гипермәтін және гипермедиа
  • HTML туралы түсінік
  • Нұсқалары, даму тарихы, құрылымы
  • HTML құжаттарын көру және құру бағдарламалары
  • HTML негіздері: мәтінді өңдеу
  • Вебте графиканы қолдану
  • Тізімдер
  • Сілтемелер
  • Каскадтық стиль кестелері (CSS)
  • Кестелер
  • Формалар
  • Фреймдер

Курсты ұйымдастыру және қорытындылау

1) Ұйымдастыру формалары

  • Лекция
  • Сұхбат
  • Әңгіме
  • Топтық және жұптық оқыту
  • Өзіндік жұмыстар

2) Оқытуды аяқтау формалары

  • Қорытынды тест жұмысы
  • Рефераттар
  • Өз бетінше іздену жұмыстары

3) Бағалау жүйесі

  • Тест тапсырмалары
  • Шығармашылық жұмыс

Қорытынды ескерту

11-сыныпқа арналған «Ақпараттық негіздері» курсы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу жылының ерекшелігіне сәйкес нақтыланып, бекітіледі.