Жеңімпаз топты анықтау
Сабақ туралы мәлімет
Өтетін орны
Алматы облысы, Талғар ауданы, Нұра ауылы, №12 ЖЖБ мектеп
Пән / сынып
Математика, 2-сынып
Мұғалім
Байдилдаева Макпал Шамгалиевна
Сабақтың тақырыбы
Қайталау
Сабақтың түрі
ББД тексеру және бекіту сабағы
Сабақтың формасы
Дәстүрден тыс сабақ (топтық жарыс сабағы)
Технология
Дамыта оқыту технологиясы
Әдіс-тәсілдер
Синквейн, талдау, жинақтау, дәлелдеу, ойын және жарыс элементтері
Көрнекіліктер
Проектор, слайдтар, эстафеталық плакат, лабиринт парақшалар, маркерлер, бағалау парағы, смайликтер
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері, қосудың қасиеттері, кестелік қосу мен азайту, екі амалмен шығарылатын есептер, амалдардың орындалу тәртібі және жақшалар тақырыптары бойынша алған білім, білік, дағдыларын тексеру және бекіту.
2) Дамытушылық
Өзін-өзі ұстай білу, дәлелді сөйлей білу, математикалық терминдерді дұрыс қолдану қабілеттерін дамыту; логикасын, қызығушылығын және сабақтағы белсенділігін арттыру.
3) Тәрбиелік
Ұқыптылық пен тәртіпке, ұйымшылдық пен шапшаңдыққа, бәсекеге қабілеттілікке және адамгершілікке баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Психологиялық дайындық (Слайд №1).
- 2 «Аралардың лабиринттен өтуі»: үнсіз, көзбен өту. Тиімді жолды тапқаннан кейін белгі беру және орындарына жайғасу.
- 3 Сабаққа дайындық: бүгінгі сабақ — қайталау сабағы. «Нені қайталаймыз? Бұған дейін не үйрендік?» сұрақтары арқылы өткен тақырыптарды еске түсіру. Оқушы және топ ережелерін нақтылау. Топқа бөліну (әр топ өз атауын өзі таңдайды). (Слайд №2)
II. Алған білімдерін тексеру және бекіту
1) Қосудың қасиеттері (Слайд №5)
Формулалар
- a + b = c
- b + a = c
- (a + b) + c
- a + (b + c)
Тапсырма
Тақтамен жұмыс: әріптердің орнына сандар қойып, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін жазу, ауызша айтып, дәлелдеу.
2) Геометриялық фигураларды қайталау (Слайд №6–10)
- Геометриялық фигураларды атау.
- Әр фигураға қысқаша сипаттама беру және қасиеттерін айту.
- Қоршаған ортадағы заттардың пішінінен фигураларды тауып, дәлелдеу.
3) Оқулықпен жұмыс және шығармашылық тапсырма
Топтық бөлініс
- №1 есеп — 1-топ
- №2 есеп — 2-топ
- №2 есеп (бір амалға келтіріп шығару) — 3-топ
- «Домбыра» сөзіне синквейн — барлық топтарға
Оқушылар есептерді орындап жатқанда, әр топтан бір оқушы тақтада шығарады.
Үлгі шешімдер
№1 (1-топ)
Барлығы: 32
Келді: 10 және 20
Ш: 32 − (10 + 20) = 2
32 − (20 + 10) = 2
Ж: 2 оқушы келмеді.
№2 (2-топ)
Барлығы: 16
Қобыз: 2
Сырнай: 4
Домбыра: ?
Ш: 16 − (2 + 4) = 10
16 − (4 + 2) = 10
16 − 2 − 4 = 10
Ж: Домбыраға 10 оқушы қатысады.
№2 (3-топ, бір амалға келтіру)
Барлығы: 16
Қобыз: 2
Домбыра: ?
Ш: 16 − 2 = 14
Ж: Домбыраға 14 оқушы қатысады.
Синквейн («Домбыра»)
- 1. Домбыра
- 2. Әдемі, жіңішке
- 3. Ойнайды, тыңдайды, тартады
- 4. Мен домбыра тартуды үйрендім
- 5. Аспап
4) Сандардың ондық құрамы (Слайд №13)
Сандарды ондықтар мен бірліктерге ауызша жіктеу және қосынды түрінде жазу:
5) Тиісті жерге жақша қой (Слайд №14)
1-топ
- 13 + 6 − 2 = 17
- 17 − 2 + 3 = 12
2-топ
- 17 − 2 + 3 = 18
- 16 − 6 + 2 = 12
3-топ
- 19 − 9 + 2 = 8
- 15 − 1 + 1 = 13
6) Амал таңбасын және жақшаларды қой (Слайд №15)
Берілген бос орындарға тиісті амал таңбаларын (және қажет болса, жақшаларды) қойып, теңдікті дұрыс жасаңыз.
1-топ
- 50 □ 40 □ 20 = 70
- 96 □ 40 □ 6 = 50
2-топ
- 20 □ 10 □ 80 = 90
- 75 □ 4 □ 30 = 49
3-топ
- 30 □ 3 □ 60 = 93
- 70 □ 50 □ 10 = 10
7) Лабиринт арқылы екі таңбалы сандардың құрамын анықтау
Плакаттағы лабиринт тапсырмасы: дұрыс жолды табу арқылы екі таңбалы сандардың ондық және бірлік құрамын анықтау.
8) Теңдеулерді шешу (Слайд №16)
1-топ
- 50 + a = 80
- x − 9 = 9
- 6 + x = 12
2-топ
- 40 + a = 90
- x − 8 = 7
- 9 + x = 18
3-топ
- 50 + a = 70
- x − 7 = 7
- 8 + x = 18
9) Математикалық эстафета
Плакаттағы есептеулерді жылдам әрі дәл орындау.
10 + 10 + 20 + 15 − 60 + 9 − 4 − 10 = 10
10) Логикалық тапсырмалар
1-сұрақ
Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?
2-сұрақ
4 жұмыртқа 4 минутта піседі. Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?
3-сұрақ
Егер түнгі сағат 10:00-де жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?
4-сұрақ
Батыржанда төрт ұл бар, ал олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Батыржанның барлығы неше баласы бар?
III. Бекіту
Талқылау сұрақтары
- Бүгін қандай жұмыс атқардық?
- Қандай тақырыптарды қайталадық?
- Қойылған мақсатқа жеттік пе?
Үй тапсырмасы
№6, №7 — 93-бет.
Бағалау және қорытынды
- Смайликтер саны бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі.
- Жеңімпаз топ анықталады.
- Рефлексия: «Сабақ қалай өтті?» — смайликке сәйкес қолмен көрсету.
- Слайдтарды жүктеу.