Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыру
С. Аманбайұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Айжан Жакупова
Сабақ тақырыбы: Лепті сөйлем
Бұл сабақта оқушылар адамның көңіл күйін, қуанышын, өкінішін, ренішін және өзге де сезімдерін лепті сөйлемдер арқылы білдіретінін меңгереді. Сондай-ақ сөйлемнің соңындағы тыныс белгісін дұрыс қойып, сөйлеуде тиісті дауыс ырғағын сақтауға жаттығады.
Пәндік нәтиже
- Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білу.
- Сөйлемді интонацияны сақтап, мәнерлеп айту.
- Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Тұлғалық нәтиже
- Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту.
- Қазақ тілі сабағына қызығушылықты арттыру.
- Елжандылыққа тәрбиелеу.
Жүйелі-іс-әрекеттік нәтиже
- Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын күшейту.
- Сыныптастарымен пікір алмасып, өз ойын жеткізе білу.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Көрнекіліктер
Суреттер, сызба, фото галерея, үлестірмелер.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, зейінін шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Хабарлы сөйлем
- Сұраулы сөйлем
III. Үй тапсырмасын бекіту
Үлестірмелер арқылы сөйлем түрлерін ажырату тапсырмалары орындалады.
1) Хабарлы сөйлемді тап
а) Күн бұлттанды.
ә) Жаңбыр жауды ма?
б) Алақай, біз жеңдік!
2) Сұраулы сөйлемді тап
а) Жарайсың, Асқар!
ә) Жаңбыр жауды ма?
б) Мен сурет салдым.
IV. Жаңа сабақ
1) Плакаттағы сөйлемдерді оқыту
Оқушылар сөйлем соңындағы тыныс белгісіне назар аударады және әр сөйлемнің қандай мағына беріп тұрғанын анықтайды.
Отаным — Қазақстан жасасын!
Қап, кітабым үйде қалып қойыпты!
Кәне, күнделігіңді әкел!
Шіркін, Айға ұшып барсам ғой!
Ойбай, ананы қара!
2) Ережені таныстыру
Лепті сөйлем — адамның сезімін білдіретін сөйлем. Ол мынадай мағыналарда жұмсалады:
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу
Сурет бойынша «Футбол ойыны» тақырыбында мәтін құрастыру.
1) Алақай, біз жеңдік!
2) Жарайсың, Асқар!
Талқылау сұрағы
Сөйлем соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
Қосымша тапсырма: Спорттың пайдасын айтып бер.
Ойды аяқта: «Спортшылар біздің еліміздің даңқын шығарды, өйткені…»
Фото галереямен жұмыс
«Жеңіс туын желбіретіңдер!» тақырыбы бойынша суреттерді қарап, әсерлі сөйлемдер құрастыру.
2-жаттығу
Сұраулы сөйлемді тауып, мәнерлеп оқы.
Ережемен жұмыс: 3-жаттығу
Өлең құрастырып, дәптерге жазу.
Әсем үйлі қаласы
Малға толы даласы
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы — менің туған өлкем!
Топпен жұмыс
Жыл мезгілдері бойынша
- Күз мезгіліне 2 сөйлем құрастыр.
- Қыс мезгіліне 2 сөйлем құрастыр.
- Тақтаға жазып, хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем екенін анықта.
Түрлендіру және сипаттау
- Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдыр.
- «Аңдар патшалығында» тақырыбында арыстан, қабылан, жолбарысты сипатта.
- Әңгімелеу және пайымдау мәтінін құрастыр.
V. Қорытынды
«Футбол ойыны» тақырыбы аясында сұрақ-жауап арқылы жаңа білім бекітіледі.
- Лепті сөйлем қандай мағынаны білдіреді?
- Лепті сөйлем қалай айтылады?
- Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгі қойылады?
- Лепті сөйлемге мысал келтір.
VI. Бағалау
Оқушылардың жұмысы тапсырмаларды орындауы, сөйлеу мәнері, сауатты жазуы және топтық жұмысқа қатысуы бойынша бағаланады.
VII. Үй тапсырмасы
4-жаттығу
Диалог құрастыру.