Тәуелсіздік сөзінен бірнеше сөз құрап жазу
Сабақтың тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»
Бүгінгі сайыс 3-сынып оқушыларының білімін, зеректігін және шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған. Ойын барысында қатысушылар жылдам жауап беріп, ойды жүйелеп, бірнеше тапсырма түрінде өз мүмкіндіктерін көрсетеді.
Мақсаты
Зеректік қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру және озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық
Дүниетанымды кеңейту, қызығушылықты ояту, ойлау және ойды жүйелеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын, зейінді әрі жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Сыныпты безендіру
- Сайысқа қажетті материалдар мен тапсырмалар
Сайыстың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қатысушыларды, қонақтарды қарсы алу және сайысқа дайындықты тексеру.
II. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет», — деп Ш. Уәлиханов айтқан. Ал Қ. Сәтбаев: «Ғылым мен майданның қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі», — деп түйіндеген.
Демек, еліміздің болашағы — білімді ұрпақ. Осы мақсатпен 3-сынып оқушыларымен бірге күнделікті алған білімімізді ортаға салып, өзара бақ сынаймыз.
III. «Озық ойлы оқушы» сайысының ережелері
- 1 «Кім зерек?» — пәндер бойынша берілген сұрақтарға жауап беру.
- 2 «Жүйрік ой» — тірек сөздер арқылы шағын мәтін құрастыру (2 минут).
- 3 «Сөз құрақ» — «Тәуелсіздік» сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру (2 минут).
- 4 «Кім шапшаң?» — берілген геометриялық фигуралардан бейне құрастыру (1 минут).
- 5 «Полиглот» — мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың жауаптарын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аудару.
- 6 «Әуенді тап» — әуен үзіндісін тыңдап, әрі қарай жалғастыру.
- 7 Қорытынды — әділқазылар бағасы және марапаттау.
Әділқазылар алқасы
- 1) __________
- 2) __________
- 3) __________
Қатысушы топтар
3 «А» сынып — «Алғырлар» тобы
3 «Ә» сынып — «Тапқырлар» тобы
Жүргізушінің сөзі
Құрметті сайыскерлер! Мәңгі бақи есте қалар, Қызықты бір жиын болсын. Білімдірек шәкірт озар, Сұрақтары қиын болсын!
Ендеше, сайысымыздың «Кім зерек?» бөлімі басталады. Қатысушылар сұраққа тез әрі нақты жауап беруі тиіс. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Іске сәт!
I. «Кім зерек?» сұрақтары
Әр сұрақтың қасында дұрыс жауап жақша ішінде берілген.
- 1. Мемлекеттік тіліміз? (қазақ тілі)
- 2. «Менің атым Қожа» әңгімесінің басты кейіпкері? (Қожа)
- 3. 9 бен 6-ның көбейтіндісіне 15-ті қос. (69)
- 4. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік тіл мәртебесін қай жылы алды? (1991 жылы)
- 5. Тауық 2 аяғымен тұрса 5 кг, ал 1 аяғымен тұрса неше килограмм? (5 кг)
- 6. 2 кг тас ауыр ма, әлде 2 кг мақта ауыр ма? (тең)
- 7. Қазақтың ұлы ақыны кім? (Абай Құнанбаев)
- 8. Тірі табиғат мүшелерін ата. (адам, жануарлар, құстар, өсімдіктер)
- 9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
- 10. Қазақстан Республикасының елбасы кім? (Н. Назарбаев)
- 11. Соңғы ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Айдын Айымбетов)
- 12. Төртбұрыштың бір қабырғасын кесіп алсаң, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
- 13. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Оның біреуін аңшы атып алды. Қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды)
- 14. Жұмадан кейінгі қай күн? (сенбі)
- 15. Аң аулағанда қай құсты алып шығады? (бүркіт)
- 16. Биыл тәуелсіздікке неше жыл? (25 жыл)
- 17. Достықтың неше түрі бар? (2 түрі бар)
- 18. Көкжиек тұстарын ата. (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс)
- 19. Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Ақмола)
- 20. Зат есімнің сұрақтары қандай? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
- 21. Биыл Жамбыл Жабаевтың неше жылдығы тойлануда? (170 жылдығы)
II. «Жүйрік ой»
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, 2 минут ішінде шағын мәтін құрастырылады.
Тірек сөздер:
Аулада, күн, көктем
Тірек сөздер:
Астана, Бәйтерек, жас
III. «Сөз құрақ»
«Тәуелсіздік» сөзінен 2 минут ішінде мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.
Мысалдар:
Тәу, ел, сіз, әуел, елсіз, елдік
IV. «Кім шапшаң?»
Берілген геометриялық фигуралардан 1 минут ішінде бір бейне құрастыру.
Тапсырма: фигураларды үйлестіріп, өз ойларыңмен анық әрі жинақы композиция жасаңыздар.
V. «Полиглот»
Мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың жауаптарын үш тілде айту: қазақша, орысша, ағылшынша.
1) Мақал
Тіл тас жарады, тас жармаса — ... жарады. (бас)
2) Мақал
... — кеме, білім — теңіз. (мектеп)
3) Мақал
Бала, бала деп, түн ұйқысын төрт бөлген кім? (ана)
4) Жұмбақ
Жоқ өзінде баста, қаста, мойында, ұзындығы жазулы тұр бойында. Ол — не? (сызғыш)
5) Жұмбақ
Бір-бірімен жарысқан төрт аю, бір арыстан. Екі қоян, бір түлкі — бәрі нешеу? (сегіз)
6) Мақал
Ұлды отыз үйден тыю, қызды ... үйден тыю. (қырық)
VI. «Әуенді тап»
Әуеннен қысқа үзінді тыңдалады. Қатысушылар әуенді танып, әрі қарай жалғастыруы керек.
VII. Қорытынды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады. Бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген сеніммен сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын-өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Әділқазылар қорытынды жасап, көп ұпай жинаған топ марапатталады.