Топтарға арналған сұрақтар

Сабақ туралы мәлімет

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №7 орта мектеп. Мектепалды даярлық тобы.

Өзін-өзі тану

Сабақ тақырыбы: Туған жерімді сүйемін

Сабақтың мақсаты

Отан, сүйіспеншілік және туған жер құндылықтарының маңызын түсіндіру.

Көрнекі құралдар

  • Дәптер
  • Қаламыздың суреттері
  • Түрлі түсті қарындаштар

Міндеттері

  • Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
  • Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
  • Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Чунгулова Амангүл

Шаттық шеңбері

Сабақ басында тәрбиеші Е. Ерботиннің «Туған жер» өлеңінен бір шумақты балалармен бірге қайталайды.

Е. Ерботин — «Туған жер»

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

Тәрбиеші балаларға алғыс айтып, сабақ басталмас бұрын 3 топқа бөлінуді ұсынады. Балалар топқа бөлініп, өз орындарына жайғасады.

Сұрақ-жауап және «Кім шапшаң?» ойыны

Тәрбиеші сабақтың тақырыбын табуға көмектесетін сұрақтар қояды. «Кім шапшаң?» ойыны бойынша, қай топ бірінші жауап берсе, сол топ ұпай жинайды.

Топтарға қойылатын сұрақтар

  • Біздің ең жақын адамымыз кім?
  • Біз мектептен қайтқанда қайда барамыз?
  • Біздің қаламыз қалай аталады?
  • Президентіміздің аты кім?
  • Туымыздың түсі қандай?
  • Біз қай мемлекетте тұрамыз?

Түйінді ой

«Біздің мемлекетіміз — Қазақстан. Қазақстан — бәріміздің туған жеріміз. Біз осы елде дүниеге келдік, өсіп-өніп жатырмыз, білім алып жүрміз. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: “Туған жерімді сүйемін”

Жақсы жауап берген балаларға тәрбиеші жұлдызшалар таратады.

Әңгімелеу

Тәрбиеші Р. Әбілқадырованың «Туған жер туы» әңгімесінен үзінді оқып, мәтін желісі бойынша балаларға сұрақтар қояды.

Дәйексөз

«Туған жер — алтын бесік»

Әр адамға өзінің туып-өскен жері — сылдырап аққан суы, биік таулары, саялы ағаштары, хош иісті гүлдері — ерекше ыстық. Сондықтан әркім туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін және мақтанышын әртүрлі жолмен білдіреді: ақын-жазушылар табиғатты жырласа, суретшілер оны бейнелейді.

Ойын: «Мен суретші боламын»

Тәрбиеші магнитті тақтаға әр топтан бір баланы шақырады. Үстел үстіне қаламыздың әсем жерлері бейнеленген сурет қиындыларын орналастырады. Қалған балалар дәптерлеріне қала көріністерін салады.

Белсенді қатысқан балаларға жұлдызшалар беріледі.

Тәрбиешінің қорытынды пікірі

«Сендер өз қалаларыңды жақсы көретіндеріңді және оны жақсы білетіндеріңді көрсеттіңдер. Осы арқылы туған қалаға деген ыстық махаббаттарың байқалады. Сонымен қатар суреттерің де өте әдемі шықты!»

Тақпақтар

Тәрбиеші балалардан «Туған жер», «Отан» туралы білетін тақпақтарын сұрайды.

1-оқушы

Отан менің – жүрегім,

Отан менің – тірегім.

Отан менің – отбасым,

Отанымды ойлап жүремін.

2-оқушы

Отан менің ата-анам,

Отан – досым, бауырым.

Отан өлкем – Астанам,

Отан туған ауылым.

3-оқушы

Жаса, жаса, Астанам,

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін

Оң қолыңмен аш маған.

«Ғажайып сөздер»

Балалар сабақ барысында үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады:

Туған жерімді сүйемін.
Туған жерге қамқормын.

Қорытындылау

Туған жер — біздің туып-өскен мекеніміз. Бүгін біз туған жер туралы әңгімелестік, Отанды және туған жерді қадірлеудің маңызын түсіндік.

Топпен ән айту

Сабақ соңында Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әні орындалады.