Құтты болсын аналардың мейрамы
Дөңгелек үстел • Интерактивті тақта
Әлемді тербеткен мейірім
Мақсаты
- Ана туралы ұлағатты сөздер, өлеңдер, мақал-мәтелдер арқылы анаға сүйіспеншілікпен қарауға, ана мейірімі мен махаббатының құндылығын түсіндіру.
- Ананы сүю арқылы елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
- Оқушыларды ынтымаққа, бірлікке, татулыққа, ұжымшылдыққа және ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұлағатты сөздер
Ана — біздің гүліміз,
Ананың біз — гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Ұрпақтарға бақыт жолын аңсаған,
Сырттай жүріп бақ тілеген жансың сен.
Тіршіліктің тынысы мен ажары —
Ана деген теңдесі жоқ асыл адам.
Ана! «Ана» десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, тербелмейтін сезім болуы мүмкін емес.
Кіріспе сөз: Анаға құрмет
Қазақ халқы әйел затына, әсіресе анаға ерекше құрметпен қараған. Өмірдің ащысы мен тұщысын көріп шыңдалған ана баласының бағы мен болашағын ойлап, ұлын да, қызын да аялап өсірген.
Көктемнің алғашқы күндерімен бірге келетін 8 наурыз мерекесі құтты болсын! Барша аналарға, ұстаздарға, қыз-келіншектерге отбасыларыңызға береке мен бірлік тілейміз.
Ана — әр адамның жарық дүниедегі ең жақыны: жанашыры, қамқоршысы, ақ сүтін беріп аялаған ардақтысы.
Ана өз жағдайын ойламай, баласының қуанышын алға қояды: тәттінің дәмдісін, жылының жұмсағын баласына ұсынады. Көңілің түссе, ең бірінші сезіп, «Не болды?» деп жаныңнан табылатын да — ана.
Негізгі ой
Ананың мейірімі — тәрбиенің бастауы. Бойымыздағы жақсы қасиеттердің көбі алдымен ана жүрегінің жылуынан тарайды.
Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген өсиетінің мәнін бізге ең алдымен түсіндіретін — ана. Әр ана баласын арлы, намысты, еңбекқор болып өссін деп барын салады.
Ана — сарқылмайтын бұлақ. Ол мөп-мөлдір өнегесімен бізді сусындатады.
Сұрақ: «Мейірім» мен «ана» ұғымдарының байланысы қандай?
Бұл сұрақ — жүрекке ең жақын сұрақтардың бірі. «Ана» дегенде тіл күрмеліп, жүрек толқымай, жанар мөлтілдемей қалмайды. Бала үшін анадан қымбат жан жоқ. Әдеп пен жан сұлулығы да ең алдымен ананың ақ сүтінен, мейірімінен бастау алады.
Түйін
Ана — пана. Ана — дана.
Тәрбиелік өзек
Мейірім — ана жүрегінің тілі.
Ана туралы жыр шумақтары
1-топ
Үш әріп, екі буын — «ана» деген,
Қысқа сөз, мағынасы терең.
Адамды да, жан-жануарды, тіршілікті —
Бәрін дүниеге ана әкелген.
Өсіріп, тәрбиелеу парызын
Табиғат соған міндеттеген.
2-топ
Ана — жүрек, жүректі құдіретте.
Ана — тірек, тіректі құрметте.
Ана — шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт.
3-топ
Баласын қорғау үшін тайсалмайды,
Қаһарлы жауына да қарсы барады.
Солар ғой бұл фәниге өмір берген,
Аналарға баға берсем — аздық етеді:
Көрсеткен құрметіңмен де перзент
Ана алдындағы борышын өтей алмайды.
Ана баласын қандай болса да шексіз сүйеді: әдемі не ұсқынсыз, ақылды не қателескіш, мінезі жайлы не қыңыр — бәрібір. Халқымыз «Ат биден туады, алып анадан туады» дейді. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, әнші де, биші де — бәрі анадан туған, ана мейірімінен қуат алған.
Ана — тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, адамзаттың тәрбиешісі.
Даналардан дәйексөздер
-
Дулат Бабатайұлы:
«Ата-ананың ақылы — қарулы қара жолмен тең».
-
О. Бальзак:
«Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
-
М. Горький:
«Адамдар — әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды».
-
В. Г. Белинский:
«Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».
-
В. А. Сухомлинский:
«Ана затының ерлігі мен қажырлығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін береді».
Талдау және ой бөлісу
Бейнетаспадан өлең тыңдалып, мазмұны талданады: «Перзент сыры», «Ана сағынышы».
Ұсыныс
Тыңдалған өлеңнен ананың бейнесін ашатын 3 тіркесті теріп жазып, қысқаша пікір айту.
Мақал-мәтелдер: жылдам ой жарысы
Мерекелік арнау
8 Наурыз — көктемнің көркі,
Қыстың қайтқан ызғарының соңы.
Мерекелеріңіз құтты болсын, ханымдар,
Көктегі күндей жарқырап жүріңіздер!
Әйел, қыздар — көктемнің гүлісіңдер,
Ақындардың өлең арнар жырысыңдар.
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға —
Ғасырларға жалғасады бұл істерің.
Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жайдары боп жаз күніндей жайнаңдар.
Көктемнің бұл алғашқы мерекесі
Әр шаңыраққа бақыт әкелсін!
«Автор үстелі»: жүректен шыққан сөз
Шара соңында «Автор үстелі» бөлімі ұйымдастырылады: кез келген оқушы арнайы орындыққа отырып, анасына деген сезімін айта алады. Құттықтауын жеткізеді, ал егер көңіліне тиген болса — кешірім сұрайды.
Тақырыптық бағыт
«Анама бір ауыз алғыс», «Менің анамның мейірімі», «Бүгін мен анамды қалай қуантамын?»
Қорытынды
Әлемді тербететін — ана алақаны. Жер бетін жылытатын — ана мейірімі. Бізді мәпелеп, аялап жүретін — ана махаббаты.
Аналарыңызды құрметтеңіздер, аялаңыздар, ренжітпеңіздер.
Мерекемен құттықтап, сыйлықтарыңызды табыс етіңіздер.