Біріккен сөздер. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту
Сабақ туралы мәлімет
Пән және сынып
Қазақ тілі, 7-сынып.
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздер. Шыдамдылық.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
- Тіл дамыту
Көрнекілік және байланыс
Көрнекіліктер
Оқулық, суреттер, грамматикалық кесте.
Пәнаралық байланыс
Орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Тақырып бойынша негізгі мәлімет беру.
- Оқу техникасын жетілдіру, аударма жұмыстарына назар аударту.
- Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты ретімен баяндауға дағдыландыру.
Дамытушылық
- Жазба тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл белсенділігін және жазу мәдениетін қалыптастыру.
- Ой-өрісін, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Сөздік қорды молайтып, тіл байлығын арттыру.
Тәрбиелік
- Тазалыққа және ұқыптылыққа баулу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу, келмеу себебін анықтау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу үдерісіне бейімдеу.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау
Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, негізгі ұғымдар еске түсіріледі.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру
Грамматикалық тақырып
Біріккен сөздер — екі немесе одан да көп сөздің бірігіп, бір ұғымды білдіруі және бір сұраққа жауап беруі арқылы жасалған сөздер.
Мысалдар
- тас + бақа → тасбақа
- талды + қорған → Талдыкорған
- екі + бас + тұз → екібастұз
Емле ережелері
Біріккен сөздердің жазылуы
Терминдік атаулар
баспасөз, еңбеккүн, сүтқоректі
Жануар, өсімдік атаулары
қарақұйрық, түймедақ
Зат атаулары
еттартқыш, шаңсорғыш
Географиялық атаулар
Жетіқарақшы, Темірқазық
Дене мүшелері
асқазан, ұлтабар, мойыномыртқа
Ән-күй атаулары
Сарыжайлау, Қараторғай
Ауру атаулары
алаөкпе, көкжөтел
Дәстүр атаулары
беташар, тоқымқағар
Ойын атаулары
алтыбақан, ақсүйек
Лексикалық тақырыпты ашу
Сабақтың лексикалық тақырыбы ребус шешу арқылы анықталады.
Жаңа сөздер
Шыдамдылық
выносливость
Өмірінің ұзаруы
продолжительность жизни
Үйлесімділік
гармония
Сұлулық
красота
Салауатты өмір
здоровый образ жизни
Рухани
духовный
Айтылым
Жаңа сөздерді дұрыс айту, дыбысталуын нақтылау.
Тілдесім
Жаңа сөздерді қолданып, сөз тіркестерін құрастыру және айту.
Жазылым: «Спорттың қажеттілігі» тақырыбы
Кестедегі тірек-сызбаға сүйене отырып, спорттың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, дәптерге бірнеше сөйлем жазыңдар.
Үлгі сөйлемдер
- Спортпен шұғылдану барысында адамның алғырлығы қалыптасады.
- Спортпен шұғылдану арқылы адамның оқу мен еңбекке ынтасы артады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген сөзге фонетикалық талдау жасайды.
I топ
шыдамдылық
II топ
үйлесімділік
III топ
алғырлық
V. Сабақты қорыту
Сұрақтарға жауап беріңдер:
- Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба?
- Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
- Жақын арада спорт бәсекелері бола ма?
- Сіздің қалаңыздағы спорт сарайына қанша көрермен сыяды?
- Алматыдағы ең үлкен стадион қайсы?
- Сіз спортпен айналысасыз ба?
VI. Үй тапсырмасы
Тапсырма
«Денсаулық» тақырыбына қатысты 5 мақал жазып, жаттап келу.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және ауызша/жазбаша жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.
Тақырып
Біріккен сөздер. Шыдамдылық.
Ескерту
Қажет болған жағдайда сабақ жоспарының толық нұсқасы ұсынылады.