ТОЙБАЛА - той күні туған қыз бала

Қыз есімдерінің мағынасы мен шығу төркіні

Төменде қазақ қыз есімдері мен олардың мағыналары берілген. Әр атаудың түбірі, тілдік шығу тегі және берер тілегі қысқаша түсіндірілді.

Есімдер тізімі

Талжан

Тал — өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаш; -жан — еркелету, жанға жақындық мәнін береді.

Талшыбық

«Қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын» деген тілекпен қойылған есім.

Талшын

Ағаштың бір түрі. Ауыспалы мағынада — «әдемі», «көркем түсті» деген ұғым береді.

Тамара

Көне еврей тілінен: «құрма ағашы».

Тамаша

«Көрікті, ерекше, өте әдемі қыз болсын» деген тілекпен қойылған есім.

Тана

Ақықтан жасалған үлкен, жалтырауық түйме.

Таңсық

Құмар, әуес; сирек кездесетін зат.

Таңшолпан

Таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

Тәбиба

Араб тілінен: емші, дәрігер.

Тәбила

Араб тілінен: ұзақ, ұзақ ғұмыр (өмірі ұзақ болсын деген тілек).

Тәбия

Араб тілінен: қорған, қамал, бекініс.

Тәжігүл

Иран тілінен: тәж + гүл. «Тәждегі гүлдей әдемі сұлу» деген мағына береді.

Тәлипа

Араб тілінен: талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.

Тәмила

Араб тілінен: тау көгершіні.

Тәнзила

Араб тілінен: әмір, бұйрық.

Тәнзия

Араб тілінен: тазалық, пәктік.

Тәрбие

Араб тілінен: тәртіп. Ауыспалы мағынада — үлгі-өнеге.

Тәттібала

«Сүйікті, сүйкімді қыз бала» деген мағына береді.

Теңдік

Бостандық, еркіндік, тең құқықтылық.

Тоғжан

«Әлді, күйлі, көңілі тоқ, толымды болсын» деген мағынада қойылған есім.

Тойбала

Той күні туған қыз балаға қойылған есім.

Толғанай

«Толған айдай аппақ, сұлу болсын» деген тілекпен қойылған есім.

Толқын

Теңіз не көл бетіндегі шайқалыс. Әсем көрініспен байланысты қойылған есім.

Торғын

Үлбіреген, жұқа жібектің бір түрі.

Торымбала

Көне түркі тіліндегі торым — «бота, ботақан» сөзінен; «ботақандай бала» деген мән береді.

Тоты

Тоты құс. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.

Тұрған

Берік тұрып қалған, тоқтаған; тұрақтылық мәнін береді.

Тұрсынай

«Ай сияқты мәңгі жасасын, ғұмыры ұзақ болсын» деген тілекпен қойылған есім.