Сөздерді буынға бөліп жазыңдар

Сабақтың тақырыбы: Буын. «Төзім»

Бұл сабақ 1-сыныпқа арналған. Негізгі назар — буынды дұрыс анықтау, сөзді буынға бөлу және «төзім», «ықылас» ұғымдарын балаларға түсінікті деңгейде қалыптастыру.

Мақсаты

  • Өткен тақырып бойынша білімді пысықтау; «төзім», «ықылас» туралы түсінік қалыптастыру.
  • Ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.
  • Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекі құралдар
Оқулық, суреттер
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге сабаққа сәттілік тілейді. Психологиялық дайындық ретінде төмендегі өлең айтылады:

Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.

Қызығушылықты ояту және ұйымдастыру

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу, түгендеу.
  • Сынып тазалығына назар аудару, сабаққа дайындау.
  • Топқа бөліну (таратпа қағаздар арқылы).

Топ атаулары

1-топ

Сәлем

2-топ

Әдепті

3-топ

Төзім

Мұғалім топ атауларының мәнін қысқаша түсіндіріп, сабақ бойы сол құндылықтарды ұстануға бағыт береді.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ойын: «Жалғасын тап»

Интербелсенді тақтадан мақал-мәтелдер көрсетіліп, әр топ жалғасын табады:

1-топ

Күннің шуағы — жылы, ананың құшағы — жылы.

2-топ

Сіз деген — әдеп, біз деген — көмек.

3-топ

Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Талқылау сұрақтары

  1. Нұрмаш әкесінің тымағын не үшін кигісі келді?
  2. Әкесінің тымағын киген Нұрмашты сипаттаңдар. Бекбай атай неліктен тымаққа тіл қатты?
  3. Сендер үлкендерге ұқсағыларың келе ме? Неліктен?

1–2-топ

«Не деу керек?» өлеңінің екі шумағын кезектесіп оқиды.

3-топ

«Тымақ» әңгімесінің мазмұнын әңгімелейді.

III. Өткен материалды тексеру

«Сыңарын тап» ойыны арқылы буындардан сөздер құрастыру орындалады. Бұл кезең оқушылардың буын туралы түсінігін жылдам нақтылап, жаңа тапсырмаларға дайындайды.

IV. Мақсат қою

Бағыттаушы сұрақтар

  • Сөздегі буын санын қалай анықтаймыз?
  • Буынға бөлінетін сөздерге мысал келтірейік.

Топтық тапсырма

  • 1-топ Бір буынды сөздерге мысал келтіру.
  • 2-топ Екі буынды сөздерге мысал келтіру.
  • 3-топ Үш буынды сөздерге мысал келтіру.

Оқушылар сұрақтарға бірлесіп жауап беріп, жаңа сабаққа қызығушылықпен кіріседі: жалғасын табады, мәнерлеп оқиды, мазмұнын айтады.

Дәптермен жұмыс

Көркем жазу

1-топ

Сәлем

2-топ

Әдепті

3-топ

Төзім

Әр топ өз атауын дәптерге көркем етіп жазады.

62-жаттығу: Сөздерді буынға бөліп жазу

1-топ

  • Ай-на
  • ар-лы
  • ой-лы
  • қа-ла
  • жи-ен

2-топ

  • Ар-ман
  • ұс-таз
  • ұр-пақ

3-топ

  • Пи-яз
  • тұ-яқ

63-жаттығу: Буын құрамы

Сөз буындарының неше дыбыстан құралғанын айтыңдар. Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді атаңдар.

3-топ

  • Жең-ге
  • жез-де
  • сің-лі

2-топ

  • Бал-дыз
  • жег-жат
  • жұм-бақ
  • құр-мет

1-топ

  • А-ян
  • ұ-ят
  • ұ-ял

Сергіту сәті

Әуенге билеу арқылы ой сергітіледі, көңіл күй көтеріледі.

Ой қозғау және оқулықпен жұмыс

Сұрақ

«Төзім» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылар әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелейді: іштей оқу, тізбектей оқу әдістері қолданылады.

Сөздік жұмыс

Құйыршық
Ертегінің атауы.
Төзім
Шыдамды болу.
Ынта
Ниет, ықылас.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Н. Ақышев 1950 жылы 15 маусымда Тарбағатай ауданына қарасты Маңырақ ауылында дүниеге келген. Шығармалары негізінен балалар мен жастарға арналған. Белгілі еңбектері: «Үндемейтін ұл», «Таң алдындағы дабыл», «Жұмбақ іздер».

Ой толғаныс: Жинақтау

Мәтін мазмұны бойынша рөлге бөліп оқу орындалады. Бұл әдіс оқушының түсінуін, дауыс ырғағын және сөйлеу мәдениетін күшейтеді.

VI. Жаңа материалды пысықтау

1-топ

Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?

2-топ

Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?

3-топ

Аяулы Гүлданаға неге таңғалды?

VII. Бекіту кезеңі

Негізгі сұрақтар

  1. Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет деді?
  2. Буын санын қалай анықтаймыз?

Тест тапсырмалары

1) Бір буынды сөздерді көрсет.

  • A) ақ, нан, май
  • B) ата, апа, әже
  • C) бала, қалам

2) Мына үзінді қай мәтіннен алынған?

— Әже, әже, қайтадан айтыңызшы. Мен естімей қалдым ғой, — деді.

  • A) «Тымақ»
  • B) «Төзім»
  • C) «Көрші атам»

Жауаптар белгіленген соң, мәтін қайтадан рөлге бөліп оқылады.

Үй тапсырмасы, бағалау және кері байланыс

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүргізіледі: оқушылар бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Оқушылар қағазға өз пікірін жазып, өзі таңдаған нұсқаға жапсырады.