Химиялық элементтердің атом құрылысы
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән
Химия
Сынып
10 (қ)
Пән мұғалімі
Сыдықбекова Т. Н.
Білімділік мақсаттары
Қайталау және жүйелеу
Химияның бастапқы ұғымдарын, бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын және олардың химиялық қасиеттерін қайталау.
Дағдыны дамыту
- Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын анықтай білу.
- Химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру және түсіндіру.
- Есте сақтау, көңіл бөлу, талдау және есеп шығару дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мақсат
Сабақ уақытын тиімді жоспарлап, бағалай білуге үйрету; еңбекқорлықты қалыптастыру және пәнге қызығушылықты арттыру.
Тақырыптар мен бөлімдер
Төмендегі бөлімдер бойынша материалдар қайталанып, қорытындыланады:
§ 1.1–1.2
Химиялық элементтер, атом және молекула ұғымдары. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы және периодтық жүйенің құрылысы.
§ 1.3–1.4
Химиялық элементтердің атом құрылысы. Атомдағы электронның күйі. Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы. Қорытындылау.
§ 1.5–1.6
Атом құрылысы туралы ілім тұрғысынан периодтық заң мен периодтық жүйенің маңызы.
§ 1.7
Элементтердің периодты түрде өзгеретін қасиеттері.
§ 1.8
Химиялық элементтердің қосылыстары қасиеттерінің өзгеруіндегі периодтылық.
Материалдар пакеті
§ 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1.6, 1.7, 1.8