ЖИТС ауруы туралы мәлімет алу

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы (Subject of the lesson)

Қан құю, қан топтары, резус фактор, ЖИТС (AIDS). Blood transfusions, blood groups.

Сабақтың мақсаты

  • Адамның қан топтары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Резус фактордың мәнін түсіндіру.
  • Қан құюдың маңызын ұғындыру.
  • ЖИТС туралы негізгі ақпарат беру.

Тілдік мақсат (Language objective)

  • Терминдерді есте сақтайды.
  • Сұрақтарға екі тілде жауап береді (қазақша/ағылшынша).
  • Ағылшынша сөйлеу дағдысын дамытады.

Оқу нәтижелері

  • Қан құюдың маңызын біледі.
  • Адамның қан топтарымен танысады.
  • Резус фактор туралы түсінік алады.
  • ЖИТС туралы негізгі білім қалыптастырады.
  • Күнделікті өмірмен байланысты жағдайларда білімін қолдану дағдысы дамиды.

Негізгі идеялар

Қан беру — жан беру емес. Донорлық көмектің қауіпсіз әрі өмір сақтайтын маңызын түсіндіру.

Сындарлы оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенді қатысуын, диалог пен ынтымақтастықты күшейту.

Оқыту әдіс-тәсілдері

Негізгі бағыттар

  • СТО (сын тұрғысынан ойлау)
  • Жас ерекшелік физиологиясы
  • Диалогтік оқыту

Жаңа әдістер

  • Топтық жұмыс
  • АКТ (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

Сілтемелер мен ресурстар

Сілтеме (Reference)

  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
  • 8-сыныпқа арналған биология оқулығы
  • YouTube бейнежазбалар

Ресурстар (Resources)

  • A4 ақ қағаз
  • Маркерлер
  • Оқулық
  • Слайдтар
  • YouTube бейнежазба

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Оқушылар шағын топтарда талқылап, ортақ шешімге келеді, негізгі ұғымдарды жүйелейді.

Биологиялық диктант

Терминдерді бекіту және түсінікті тексеру үшін қысқа тапсырмалар.

Тірек-сызба

Қан топтары, резус фактор және иммунитет тақырыптарын сызба арқылы қорытындылау.

Ұйымдастыру кезеңі

I. Organization (3 minutes)

  • Амандасу: “Good morning, students!”
  • Сыныпты ұйымдастыру: “Sit down! We'll start our lesson!”
  • Топқа бөлу: таратпа қағаз арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу.

Фокус

Сабақтың қарқынын бірден қалыптастыру, ынтымақтастық атмосферасын құру.

Үй тапсырмасын тексеру

II. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут): сұрақтарға екі тілде жауап беру (қазақша/ағылшынша).

Сұрақ-жауап (Q&A)

  • 1. Бір нәрседен құтылу, қабылдамау, жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру қалай аталады?

    ИммунитетImmunity

  • 2. Туа пайда болатын иммунитет қалай аталады?

    Табиғи иммунитетNatural immunity

  • 3. Егу арқылы қалыптасатын иммунитет қалай аталады?

    Жасанды иммунитетArtificial immunity

  • 4. Ата-анасынан тұқым қуалау арқылы берілетін иммунитет қалай аталады?

    Туа пайда болған (тұқым қуалайтын) иммунитетCongenital immunity

  • 5. Белгілі бір аурумен ауырғаннан кейін пайда болатын иммунитет қалай аталады?

    Жүре пайда болған иммунитетAcquired immunity

  • 6. Иммунитет туралы ілімнің негізін салушы кім?

    И. И. Мечников

  • 7. Шешекке қарсы егуді алғаш қолданған дәрігер кім?

    Эдуард ДженнерEdward Jenner

  • 8. ЖИТС ауруын алғаш сипаттаған кімдер?

    Роберт Галло және Люк Монтанье (Robert Gallo, Luc Montagnier)

  • 9. Басқа жасушаларға қарағанда ірі, көкбауыр мен бауырда жойылатын қан жасушасы қалай аталады?

    ЭритроцитErythrocytes

  • 10. 5–9 тәулік өмір сүретін қозғалмалы қан жасушасы қалай аталады?

    ЛейкоцитLeukocyte