Электронды оқулықтан өлеңді тыңдатқызу
Павлодар қаласы, Железин ауданы, Железин №3 жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Зеймуллаева Торгынай Сабитовна
Сабақ тақырыбы
Абай Құнанбаев — «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға өлеңнің мағынасын меңгерте отырып, қазақ халқының саятшылық өнері туралы мәлімет беру.
Міндеттері
-
Сыни тұрғыдан ойлауға бағыттай отырып, өлеңдегі ақынның адам мен аң психологиясын суреттеудегі шеберлігін таныту; портреттік суреттерді (құс, аңшы, түлкі) ажырата білуге жетелеу.
-
Сыни ойлау арқылы өзіндік қорытынды жасауға үйрету; бейнелі сөздерді таба білуге және шығармашылық жұмысқа баулу.
Күтілетін нәтиже
- Абай туралы білімдері тереңдейді.
- Құсбегілік жөнінде мәлімет алады.
- Өлең құрылысы мен көркемдік ерекшелігін талдай алады.
- Шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
5 минут • ОЖЕСО
Психологиялық ахуал қалыптастыру: оқушы мен мұғалім арасында сенімді, көтеріңкі көңіл-күйдегі қарым-қатынас орнату.
Оқушылар бір-біріне гүл сыйлау арқылы жақсы тілектер айтып, жағымды эмоция қалыптастырады. Түстерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Білімді өзектендіру
7 минут • АКТ, СТО
Сұрақ:
Абай атамыз туралы не білеміз? (INSERT әдісі)
Тақырыпқа шығу:
Қ. Телжановтың «Бүркітпен аңға шығу» картинасы арқылы өлең мазмұнына бағдар жасау.
Талқылау:
Қазақ халқының саятшылық өнері туралы не білеміз? Ата-бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі — тазы жүгіртіп, қыран құс салу болғаны, аң-құсты бей-берекет ауламауға мән бергені айтылады.
«Абай» ұғымын топтастыру:
Түсіну
8 минут • СТО, ОЖТ
Электронды оқулықтан өлең тыңдатылады. Тыңдағаннан кейін оқушылардан әсері сұралады.
Сөздікпен жұмыс
- Қансонар
- Жаңа жауған қардағы із.
- Ғанибет
- Қызық, тамаша, көңіл көтеру.
- Аңдағанда
- Түлкінің ізіне түскендердің жүрісі, аңға түсу үрдісі.
- Томаға
- Бүркіттің басына кигізілетін жабдық.
- Қырымнан
- Алыстан (кең мағынада).
- Қақпан құрған
- Жамбастап, сақтанып алған (аңшылыққа тән қимыл).
Тірек жолдар:
Тазы жүгірткен — діңкәсі қатып алар,
Бүркіт салған — қызыққа батып алар.
Сұрақ:
Қ. Телжановтың «Бүркітпен аңға шығу» картинасын сипаттағанда, ақынның қай өлең жолдарын пайдаланар едіңіздер?
Қолдану
8 минут • СТО, ОЖК
Тапсырма 1
Жұмыс дәптеріне өлеңнен аңшылыққа ғана тән сөздерді теріп жазу. Бұл сөздер тіл білімінде қалай аталады?
Тапсырма 2
Абайдың өлеңін хрестоматияда берілген М. Әуезовтің «Бүркіт аңшылығының суреттері», «Бүркітші» әңгімелерімен салыстыру. Қандай ұқсастық пен айырмашылық байқадыңдар?
Сергіту сәті
2 минут • ОЖЕСО
Интербелсенді тақта арқылы дене қимыл жаттығулары орындатылады.
Талдау
5 минут • ТЖДОО
Көркемдік тәсіл
«Қар — аппақ, бүркіт — қара, түлкі — қызыл, ұқсайды қаса сұлу шомылғанға...»
Бұл — шендестіру тәсілі: кереғар екі затты немесе құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын танытатын айшықтаудың бір түрі.
Өлең құрылысы
- «Қан-со-нар-да бүр-кіт-ші шы-ға-ды аң-ға» — 12 буынды, қара өлең ұйқасына жақын құрылым.
- Өлең тармақтардан тұрады; 4 тармақ — 1 шумақ.
- Тармақ — бунақтарға бөлінеді; бунақ — буыннан құралады.
- Тармақ соңындағы дыбыс үндестігі ұйқасты жасайды.
Жеке жұмыс: әр жауап бағаланады.
Жинақтау
5 минут • СТО, ОЖК
«Бес жолды өлең» әдісі бойынша шағын өлең құрастыру.
Бағалау
5 минут • ТЖДОО
Қорытынды тапсырма
«Құсбегілік — ата кәсіп» тақырыбында ойтолғау жазу.
Толық нұсқасын жүктеу (қосымша материал).