Сіздер қалай талқылар едіңіздер

Кеш туралы

Өтетін орны

ШҚО, Абай ауданы, Саржал ауылы

Ұйымдастырушы

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі — Жактаева Динара

Кештің атауы

«Сүйіспеншілік нұрымен» атты тәрбиелік кеш

Кіріспе сөз (жүргізушілер)

1-жүргізуші

Ақ көңілді, мейірімді, саямыз да панамыз. 71 жасқа келіп отыр — міне, Сара апамыз!

2-жүргізуші

Өзін-өзі тану бағдарламасын пән етіп енгізіп, баланың жан дүниесін күлкіге бөлеген — өнегелі ұстаздарымызға тағзым!

I. «Шаттық шеңбері»

Жүргізушілердің үндеуі

Сәлеметсіздер ме, «Сүйіспеншілік нұрымен» атты кешке жиналған қауым, оқушылар, ұлағатты ұстаздар мен ата-аналар!

Сіздердің күлімдеген көздеріңізді, нұрланған жүздеріңізді көріп қуанып тұрмыз. Кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Іс-әрекет

  • Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы көңіл күй сыйлайды.
  • Еркежанмен бірге «Бақытты құрбылар» әні орындалады.
  • Орындаушыға алғыс айтылып, естелік сыйлық табысталады.

II. «Өнегелі отбасы»

Көрініс пен таныстыру

«Міне, қараңыз — отбасы: әр тасы өрге өрлеген, ауылға танымал берекелі шаңырақ».

Бұл бөлімде ауылымыздағы Құдайбергеновтер әулеті туралы бейнематериал көрсетіліп, «Өнегелі отбасы» ретінде таныстырылады.

Ескерту: Экраннан видеоролик көрсетіледі.

Қонаққа сөз беру

Сұхбат кейіпкері — 4 баланың анасы, Ардагерлер ансамблінің мүшесі, мектебімізде 33 жыл еңбек етіп келе жатқан Сақан Сқаққызын ортаға шақырып, жылы лебізін тыңдаймыз.

Кеңестей баланың жетістіктері оқушыларға үлгі болады деп сенеміз. Алғыс ретінде естелік сыйлық табысталады.

III. «Тыныштық сәті»

Мақсаты

Балалардың бойын еркін жазып, күш жинауына, көңілін тыныштандыруына мүмкіндік беру.

Өткізу барысы

  • 1-сынып оқушылары ортаға шақырылады.
  • Көз жұмып, үнтаспаға құлақ түріп, елестету жаттығуы жасалады.
  • Әсерлер талқыланып, балаларға естелік сыйлық беріледі.

IV. Тренингтер

1-жаттығу: «Дене мүшелерін қозғалту»

Әуен қосылады. Қатысушылар орнынан тұрып, Алмагүлдің нұсқауын әуен ырғағымен дәл орындайды. Ең ұқыпты орындаған қатысушыға сыйлық беріледі.

  • Тек баспен билеу
  • Мойынды қосып билеу
  • Иықты қосып билеу
  • Қолды қосып билеу
  • Белді қосып билеу
  • Аяқты қосып билеу

2-жаттығу: «Ойлануға арналған балықтар»

Әр қатысушы себеттен «балық» таңдап алады. Артындағы аяқталмаған сөйлемді өз сөзімен жалғастырады.

1) Ең үлкен қорқыныш — бұл…

2) Мен мынадай адамдарға сенбеймін…

3) Мен ренжимін, егер…

4) Мен ұнатпаймын, егер…

5) Маған көңілсіз, егер…

6) Егер маған дауыс көтерсе, мен…

7) Мен қарсыласамын, егер…

8) Егер мен сенімсіз болсам, онда…

9) Егер мен кінәлі болсам, онда…

10) Егер ата-анам маған сенім артса, онда…

11) Ініммен бір затқа таласып қалсақ, онда…

3-жаттығу: «Үш түрлі сөйлесу»

6 қатысушы ортаға шығады. Берілген шарттар бойынша қысқа әңгіме құрып көреді, соңынан әсерлерімен бөліседі.

  • Арқамен-арқаны тірестіріп сөйлесу
  • Бірі тұрып, бірі отырып сөйлесу
  • Көзбе-көз сөйлесу

4-жаттығу: «Сиқырлы қапшық»

Әр оқушы қапшықтан ойыншықты қолмен сипап-сезу арқылы анықтап айтады. Дұрыс тапса, келесісін де тауып көреді.

V. «Сыйлық тарту»

Мағынасы

Ұстаздар мен ата-аналар — әрдайым панамыз да саямыз. Осы бөлімде оқушылар өз қолымен шағын сыйлық жасап, ішіне жылы сөзін қосып, қалаған адамға табыстайды.

Қосымша материал

Экраннан «Тәңірмен сұхбаттасу» атты видеоролик көрсетіледі.

VI. «Жағдаятты шешіп көр»

Бөлімнің шарты

Оқушылар өмірде жиі кездесетін жағдаяттарды сахналайды. Қонақтар мен оқушылар өз ойын ашық айтып, шешім ұсынады. Дұрыс әрі дәлелді жауап бергендерге сыйлық беріледі.

Жағдаят 1: Екі баланың жанжалы

Екі бала төбелесіп қалады: үлкені бірінші болып қол жұмсаған, ал кішісі жылап отыр. Үлкені өзін ақтап: «Ол менің інімді ұрады, кітаптарын тартып алады, тыңдамайды» дейді.

Сұрақ

Бұл жағдайда кімнің әрекеті дұрыс? Сіз қалай талқылар едіңіз?

Ұсынылатын шешім

Үлкен баланың мәселені өз бетімен күш қолдану арқылы «реттеуін» құптауға болмайды. Қақтығысты сынып жетекшімен талқылап, қажет болса ата-аналарды қатыстырып, тәрбие арқылы шешкен жөн.

Жағдаят 2: Әлидің жауапкершілігі

6-сынып оқушылары сынып жетекшісі Роза апайдың ұсынысымен шаруашылыққа көмекке барады. Барлығы келеді, тек Әли келмейді. Кейін «анам жібермеді» дейді. Бірақ анасы мұны жоққа шығарады: Әли уәде беріп, анасы жұмыста болғанда көрші балалармен ойнап кеткен.

Сұрақ

Әли сияқты балалар туралы көзқарасыңыз қандай? Сыныпта қандай жұмыс жүргізер едіңіз?

Ұсынылатын шешім

Мәселені сынып жиналысында талқылап, қоғамдық пікір қалыптастыру арқылы әр оқушының ойын тыңдаған дұрыс. Ескерту мен түсіндіру тәсілдері арқылы Әлидің жауапкершілігін арттырып, қателігін ұғынуына жағдай жасау қажет.

Жағдаят 3: Үлкенге құрмет

Қолында ыдысы мен азық-түлігі бар қарт кісі жатақхана маңынан өтеді. Бір топ студент абайламай, қартты қаға жаздайды. Ескертуге әдепсіз жауап беріп, даурыға күлкіге басады. Қарт кісі күйінішпен басын шайқап кете барады.

Сұрақ

Осы жағдайдан қандай қорытынды шығаруға болады?

Ұсынылатын шешім

«Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген сөздің мәні осындайда байқалады. Үлкеннен кешірім сұрау — кішілік әрі мәдениет. Аталар мен әжелер — ұрпаққа өмір тәжірибесін, тәлімін жеткізуші. «Үйіңде қартың болса, жазып қойған хатпен тең» деген нақылдың салмағы осында.

VII. «Жүректен жүрекке»

Қорытынды шеңбер

Қонақтар мен оқушылар қайтадан шеңберге жиналып, бір-біріне жүрекжарды тілектерін арнайды. Тілек білдіргендерге алғыс ретінде естелік сыйлық табысталады.

Жабылу сөзі

Осымен кешіміз аяқталды. Келіп, көріп, тамашалағандарыңызға көптен-көп рақмет!