Балаларды ертегілерден қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Шығармашылық, Қатынас
Кіші сала
Мүсіндеу, Тіл дамыту, Көркем әдебиет
Тақырыбы
Бауырсақ
Билингвалдық компонент
Бауырсақ — Колобок
Мақсаты
- Ертегі мен тақпақтар арқылы балалардың тілін дамыту.
- Балаларды ертегідегі қарапайым сюжетті бейнелеуге тарту.
- Ермексазды үстел үстіне қойып домалақтау тәсілін үйрету.
- Пішінді бұзбай, таза әрі ұқыпты орындауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Сабақ барысы
Психологиялық жаттығу
Армысың, алтын күн,
Армысың, көк аспан,
Армысың, жер-ана,
Армысыңдар, балалар!
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Тәрбиеші балаларға бүгінгі оқу іс-әрекетінің ерекше өтетінін айтады, себебі топқа қонақтар келген.
Кіріспе әңгіме
Балалар «мына жерде бір үй тұр» деп байқап, ішінде кім болуы мүмкін екенін болжайды. Үйден көңілсіз ата мен әже шығады.
Тәрбиеші: Не болды?
Ата: Әжем бауырсақ пісіріп, терезе алдына қойып еді. Ол қашып кетті.
Тәрбиеші: Жыламаңыздар, біз бауырсақты табуға көмектесеміз.
Ормандағы кездесулер (ертегі желісі)
Қоян
Тәрбиеші: Не болды?
Қоян: Орманда бауырсақты кездестіріп, ойнайын десем, ол меннен қашып кетті.
Тәрбиеші қоянды жұбатып, балалармен бірге тақпақ айтады: «Сұр қоян». Қоян көңілденеді.
Қасқыр
Тәрбиеші: Не болды?
Қасқыр: Бауырсақты кездестіріп, шар үрлеп ойнайын десем, ол меннен қашып кетті.
Тәрбиеші қасқырды жұбатып, балалармен ойын ұйымдастырады: «Шар».
Аю
Тәрбиеші: Не болды?
Аю: Бауырсаққа бал берейін десем, ол меннен қашып кетті.
Тәрбиеші аюды жұбатып, балалармен тақпақ айтады: «Аю отыр партада».
Түйін
Түлкі жүгіріп келіп, бауырсақты ұстап алып қашып кетеді. Балалар не істеу керегін ойластырады.
Шешім: ата мен әжеге жаңа бауырсақ жасап беру.
Мүсіндеу жұмысы: «Бауырсақ»
Тәрбиешінің түсіндіруі
- Пішіні: домалақ.
- Түсі: сары.
- Ермексазды үстел үстіне қойып домалақтау тәсілі көрсетіледі.
- Пішінді бұзбай, таза әрі ұқыпты орындау ескертіледі.
Саусақ жаттығуы
Бала, бала, балапан,
Қане, соқшы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Балалар жұмысқа кіріседі. Қиындық көрген балаларға тәрбиеші жеке көмек көрсетеді.
Қорытындылау
Балалар орманда бауырсақты іздеп ұзақ жүргенін еске түсіреді.
Тәрбиеші: «Қараңдар, ата мен әженің үйі анау тұр ғой. Ендеше, бауырсақтарыңды апарып беріңдер».
Балалар жасаған бауырсақтарын ата мен әжеге апарып береді.