Мәтін құрау

Сабақтың тақырыбы

Мәтін. Мәтіннің түрлері.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру.
  • Тірек сызба арқылы мәтін құрауға үйрету.
  • Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту, сөзді қолдану ерекшеліктері арқылы сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

2) Дамытушылық

  • Оқушылардың сабаққа белсенділігін және қызығушылығын арттыру.
  • Ойлау, сөйлеу, танымдық және ізденімпаздық қабілеттерін дамыту.
  • Байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

3) Тәрбиелік

  • Мәтінді зерделеуге және құрастыруға тәрбиелеу.
  • Тазалыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа баулу.
  • Мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас

Сабақтың типі

Қайталау

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, үлестірмелер

Сабақтың барысы

1

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.

Күн тәртібі

  • Күн реті.
  • Көркем жазу.
2

Үй тапсырмасын тексеру

«Күзгі дала» тақырыбында мәтін жазу.

3

Топтастыру

«Мәтін туралы» ой жинақтау, негізгі ұғымдарды топтастыру.

4

Түсіндіру

Мәтін — мағына жағынан өзара байланысқан екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

Әңгімелеу мәтіні

Сұрағы
Не істеді?
Тірек сөздері
Етістіктер: жүгірді, секірді, ойнады, ойнап жүр т.б.

Сипаттау мәтіні

Сұрағы
Қандай?
Тірек сөздері
Сын есімдер: түр-түсі, сыны, сапасы, қасиеті.

Пайымдау мәтіні

Сұрағы
Неліктен?
Тірек сөздері
Өйткені, біріншіден, екіншіден, себебі т.б.

Негізгі ұғымдар

  • Мәтіннің тақырыбы
  • Негізгі ой
  • Мәтіннің құрылымы
  • Мәтіннің түрлері

Ескерту

Мәтіннің құрылымы мен негізгі ойын анықтау — мәтінді түсінудің тірегі. Әр түрге тән сұрақ пен тірек сөздер мәтінді жүйелі құрауға көмектеседі.

5

Білімді жүйелеу және тапсырмалар

1-тапсырма: Салыстыр — қайсысы мәтін?

1-нұсқа

  • Біз үшінші сыныпта оқимыз.
  • Інжугүл — хош иісті өсімдік.
  • Мирас ұшқыш болғысы келеді.

2-нұсқа

  • Інжугүлдің гүл шоғының пішіні қоңырауға ұқсас.
  • Оның гүлі аппақ.
  • Тұқымы жануарлар арқылы таралады.

2-тапсырма: Сурет бойынша ертегі құрау

Тақырып: «Түлкі мен қарға».

3-тапсырма: Дәптермен жұмыс

Топпен мәтін құрастыру.

4-тапсырма: Сөйлемдерді реттеп, мәтін құрастыр

  • Ол іннен басын қылтитып, тасбақаға: «Рақмет. Маған ін қажет емес. Өз інім өзімде», — деп тасбақа қабығын жамылып бұға қалды.
  • Тасбақа мен тышқан келе жатып: «Інге кір. Мұнда қауіпсіз», — деді.
  • Олар түлкіні көрді.
  • Тышқан ініне кіріп кетті.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.

5-тапсырма: Кітаппен жұмыс

Оқулық

47-бет, 8-жаттығу.

Тапсырма

«Түлкі мен құмыра» мәтініне жоспар құру.

6

Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Мәтіннің түрлерін ата.
  2. Тірек сөздері етістіктен болатын мәтін түрін ата.
  3. «Қандай?» сұрағына жауап беретін мәтін түрі қалай аталады?
  4. Мәтіннің құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
  5. Пайымдау мәтінінің сұрағы қандай?

Бүгін не білдік?

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасау.

7

Үйге тапсырма

Беттер

228–229-беттер.

Тапсырма

«Жеті шал» мәтініне жоспар құру.

8

Бағалау және рефлексия

Бағалау

Топ басшылары бағалайды.

Сабақтан алған әсерім

Кесте толтыру, сызу арқылы кері байланыс беру.