Оқушылардың басым бөлігі

Оқу мақсаттары

  • Натурал санның бөлгіші мен еселігі ұғымдарының анықтамаларын білу.

  • Натурал сандардың бөлгіштерін табу.

  • Натурал сандардың еселіктерін табу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамаларын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табады.

Кейбір оқушылар

Ережелерге сүйене отырып, ізденісті қажет ететін есептерді шығара алады.

Бағалау критерийлері

  • Натурал санның бөлгіші мен еселігінің анықтамасын біледі.
  • Натурал сандардың бөлгіштерін таба алады.
  • Натурал сандардың еселіктерін таба алады.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен амандасып, оқушылардың сабаққа қатысуын және сынып тазалығын қадағалаймын. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Мен сіздерге сенемін» тренингін өткіземін.

Ұ

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Оқушылардың қызығушылығы мен зейінін шоғырландыру үшін жетекші сұрақтар қойып, бөлгіштер мен еселіктер ұғымын өздері тұжырымдауға бағыттаймын:

  1. Қандай сандар натурал сандар деп аталады?
  2. Нөл саны натурал сан бола ма?
  3. Ең үлкен санды атауға бола ма?
  4. 1-ден 20-ға дейінгі натурал сандардан кесте құрыңдар.
  5. Кестеден 20 саны қалдықсыз бөлінетін сандарды дөңгелектеңдер: (1, 2, 4, 5, 10, 20).
  6. 5 санына қалдықсыз бөлінетін сандарды жазыңдар: (5, 10, 20, 25, 30, ...).

Жауап берген оқушыларды қалыптастырушы бағалау ретінде смайликтер арқылы бағалаймын.

«Мозайка» әдісі арқылы сыныпты 3 топқа бөлемін.

Сабақтың ортасы

Жаңа білімді қалыптастыру
Тж

Мәтінмен жұмыс

Оқушылар топта тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс жасап, натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері туралы түсінік қалыптастырады.

Тж

«Ойлан, жұптас, пікірлес» — №561 есеп

1-тапсырма

9, 14, 32, 37, 45 және 75 сандарының әрқайсысының барлық бөлгіштерін жазыңдар.

Дескрипторлар

  • 1 саны кез келген натурал санның бөлгіші болатынын көрсетеді.
  • Берілген санның қалдықсыз бөлінетін натурал сандарын анықтайды.
  • Берілген натурал санның ең үлкен бөлгіші — сол санның өзі екенін жазады.

2-тапсырма

8, 11, 15, 25, 40 және 100 сандарының әрқайсысының еселіктерінің алғашқы төртеуін жазыңдар.

Дескрипторлар (8 саны үлгісі)

  • 8 санының ең кіші еселігі сол санның өзіне тең екенін көрсетеді.
  • 8 санын 2-ге көбейтеді.
  • 8 санын 3-ке көбейтеді.
  • 8 санын 4-ке көбейтеді.

Топтардың жұмысын қалыптастырушы бағалау ретінде «Бағдаршам» тәсілімен бағалаймын.

Жж

Деңгейлік тапсырмалар

A деңгейі

«Конверттегі сұрақ»

1-тапсырма: Бірі екіншісіне бөлгіш болатын сандар жұбын теріп жазыңдар:

  • 5 және 45
  • 9 және 71
  • 8 және 34
  • 16 және 80
  • 17 және 51
  • 4 және 63
  • 12 және 60
  • 23 және 115

Автор туралы мәлімет

Б. Батырбекова атындағы жалпы орта мектебі КММ
Математика пәні мұғалімі: Тілеулиев Ш. А.

Материал: «Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері».