Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №219 Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі
Мұғалім: Жұмабаева Қалдыгүл Қалдыбайқызы
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер (5-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан жеріндегі ғұн тайпалары. Аттила (Еділ) — жаһангер.
Сілтеме
- Білім стандарты
- Пән бағдарламасы
- «Қазақстан тарихынан әңгімелер» (5-сынып) оқулығы
- Ғаламтор деректері
Ресурстар
- Карта
- Слайд
- Жұмыс парағы
- Ғаламтор мәліметтері
Жалпы мақсаттары мен міндеттері
1-қадам
Ғұн тайпаларын сипаттап, олардың тұрмысы мен шаруашылығын, сондай-ақ қоғамдық құрылымын таныстыру.
2-қадам
Топтық жұмыста ауызбіршілікпен әрекет етіп, бірлескен нәтижеге жетуге үйрету.
3-қадам
Ғұн тайпаларының қазақ тарихындағы орнын ашып көрсету.
Күтілетін нәтиже
Оқушылар ғұн тайпаларының хронологиялық шеңберін, жер аумағын және қоғамдық құрылымын біледі; сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін түсінеді.
Негізгі идея
Ғұн тайпаларының «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» үдерісіне түрткі болғанын және олардың әлемдік тарихтағы орнын талқылау.
Оқыту форматы және тапсырмалар
Жұмыс түрлері
- Жеке жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Топтық жұмыс
Құралдар мен әдістер
- Венн диаграммасы
- Хронологиялық кесте
- Сәйкестендіру, «артығын тап»
- Рефлексия
- Бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау
Негізгі дереккөздер мен педагогикалық тәсілдер
Дереккөздер
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Қолданылатын бағыттар
- АКТ-ны қолдану
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- ІІІ деңгейлі тарих пәні мұғалімінің тәжірибесі
Қысқа мерзімді жоспар
Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпты топқа бөлу және жұмыс ережелерін нақтылау.
Үй тапсырмасын пысықтау: «Кім жылдам?»
Слайд арқылы ашық сұрақтар қойылып, оқушылардың алдыңғы білімдері тексеріледі.
Үлгі сұрақтар:
- Сақ топтарын атаңдар.
- Грек деректерінде сақтарды қалай атаған?
Жаңа тақырып
1-қадам: Топтық жұмыс
I топ
Ғұндар
II топ
Шаруашылығы мен тұрмысы
III топ
Ғұндардың жорықтары
IV топ
Аттила — жаһангер
2-қадам: Жұптық жұмыс
Сақ және ғұн тайпаларын Венн диаграммасы арқылы салыстыру.
3-қадам: Хронология
Оқиғаларды уақыт сызығына түсіріп, негізгі кезеңдерді хронологиялық кестемен жүйелеу.