Сен неге жылап жүрсің
Тақырыбы
Ұзын құлақ сұр қоян
Мақсаты
- Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге үйрету.
- Үлгі бойынша бейнелік сипаттағы әңгіме құрастыруға үйрету және балалардың тілдік қорын дамыту.
- Жан-жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Мотив — қозғаушы күш.
Шаттық шеңбері
Сәлем деймін күнге мен, Сәлем деймін мен саған. Сәлем деймін апайға, Қонақтарға, достарға.
Ізденуші-ұйымдастырушы бөлім
Жұмбақ
Тәрбиеші: «Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын. Шешімін таба аласыңдар ма?»
Ұзын құлақты, жылдам аяқты,
Сәбізді жақсы көретін — ол не?
Жауабы: қоян.
Қоян туралы әңгіме
Қоянның суретін көрсете отырып, балалармен бірге оның қайда тіршілік ететінін, құлағы неліктен ұзын екенін және қалай секіретінін талқылау ұсынылады.
Жаздағы ерекшелігі
Жаздың аптап ыстығында қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы денедегі жылуды белсенді түрде сыртқа шығарады.
Жаңбырдағы әрекеті
Жаңбыр жауған кезде құлағына су тимес үшін ұзын құлағын бүгіп алады.
Қызықты деректер
- Сағатына 50 км жылдамдыққа дейін жүгіре алады.
- Тістері өмір бойы өседі.
- Түсі маусымға қарай өзгеріп отырады: жазда — сұр, қыста — ақ.
- Қоянның баласын көжек дейді.
Бейнематериал
Тақырыпты бекіту үшін қоян туралы қысқа видео көрсетуге болады.
Тосын сый: Қоян қонаққа келеді
Балалар: «Сәлеметсіз бе, қоян! Сен неге жылап жүрсің?»
Қоян: «Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мына суретті құрастыра алмай жүрмін. Артында көп тапсырмалар бар екен, орындай алмай жатырмын. Маған көмектесесіңдер ме?»
Ойын
Фазл (пазл) құрастыру.
Тіл дамыту
«Қоян туралы қандай тақпақ білесіңдер?» — балалардан сұрау.
Тәрбиеші
Дәметкен Кенжебайқызы