Қазақстанда өзің білетін өзендерді ата
Сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі
Бұл сабақта оқушылар Ы. Алтынсариннің табиғатты суреттейтін «Өзен» өлеңімен танысады, мәнерлеп оқуды үйренеді және табиғатты қорғау туралы ой қорытады.
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Әдістер
Ауызша баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Өзен» өлеңін оқыта отырып, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру; ой-өрісін, қиялын және пәнге қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық
Әдеби шығарманы сүйіп оқуға, оқығанын түсініп, мазмұнын талдай білуге үйрету.
Тәрбиелік
Оқушыны шығармашылыққа, дербестікке баулу; табиғатты аялап, оның байлығы мен әсем көрінісін сақтауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Ы. Алтынсариннің портреті
- Табиғат көріністерін бейнелейтін суреттер
- Сөзжұмбақ
- Карта
Сабақтың барысы
I кезең
Ұйымдастыру және психологиялық даярлық
- Оқу құралдарын даярлату, назарды сабаққа аудару.
- Психологиялық даярлық (бір-біріне сыйластық пен құрмет).
Өлең жолдары (психологиялық дайындық):
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен сіздерге
Бас иеміз біз.
Ой қозғау (көктем тақырыбы):
Гүлдер жапты бөктерді,
Жыршы құстар көп келді.
Кел, балалар, әнменен
Қарсы алайық көктемді.
Сұрақ
Ауа райы қандай? Көктемнің алғашқы күндері нені аңғартады?
Сұрақ
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Сұрақ
Көктемдегі алғашқы гүл қалай аталады?
Ынталандыру
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға «бәйшешек» марапаты беріледі.
Тақырыпқа кіріспе:
«Табиғат – менің өз үйім!» бөлімі басталады. Адам мен табиғат — егіз. Табиғатты асыраушы әрі қорғаушы деп тануға болады. Халқымыз: «Жер — қазына, су — алтын, мал — байлық» деп өсиет қалдырған.
Талқылау
Таза ауа мен мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
Бақылау
Суреттерде не бейнеленген?
II кезең
Мағынаны тану: Ы. Алтынсарин және «Өзен»
Ыбырай Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет
Ы. Алтынсарин — жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. Ол 1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысында дүниеге келіп, 1889 жылы 30 шілдеде қайтыс болған. ХІХ ғасырда қазақ даласында алғаш мектеп ашқан тұлғалардың бірі. Әкесі ерте қайтыс болып, атасы Балқожа бидің тәрбиесінде өседі. Қазақ шәкірттеріне арнап алғашқы оқулықтарды жазып, әңгіме, өлең, ертегі, мысалдары арқылы оқырман жүрегіне жол тапқан. Табиғат тақырыбындағы белгілі өлеңдерінің қатарында «Өзен» және «Жаз» бар.
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашу
Төмендегі жұмбақтардың жауабын тапқанда, сабақтың тақырыбы анықталады.
-
1) Сарғыш түсті дөңгелек, ортасында дәні бар. Көрсең оны жеп, балдай тәтті дәмі бар. Өрік
-
2) Күндіз білінбейді, түнде күлімдейді. Жұлдыз
-
3) Сатайын десем — ауыр кілем, сатпайын десем — тәуір кілем. Жер
-
4) Үлкен алтын табақтан әлемге нұр таратқан. Күн
Оқулықпен жұмыс
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Мағынасын түсіндіру.
Сөздік жұмысы
- Қынарда
- — жағасында
- Жанабында
- — маңайында
Топтық жұмыс (талдау сұрақтары)
I топ
- Ақын өзенді қалай суреттеген?
- «Жарқыраған», «сарқыраған» сөздері неге қатысты?
II топ
- Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
- Адамдар неліктен суды құрметтейді?
III топ
- Өзеннің қандай пайдасы бар?
- Қазақстандағы өзің білетін өзендерді ата.
Сабақты бекіту: табиғатты қорғау идеясы
Қазақстанның ұзақмерзімді даму бағдарындағы экологиялық жауапкершілік мәселелері табиғатты ластамауға, қоршаған ортаның тепе-теңдігін бұзбауға үндейді.
Табиғатты қорғау үшін бәріміз:
Күресейік, бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік.
Суға байланысты тыйым сөздер
- Суға түкірме.
- Ағынды суға кір жума.
- Суды бекер ағызба.
- Суға дәрет сындырма.
Халқымыздың ұлттық дәстүрінде суды былғамау, қадірлеу туралы өсиет сөздер көп айтылады.
Мақал-мәтелді жалғастыру
Жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріңдер.
I топ
- Бір кісі қазған құдықтан …
- Сыйлап берген … да тәтті.
II топ
- Қайғысыз ішсең, қара …
III топ
- … сұрауы бар.
Қорытынды: «Балық аулау» ойыны
Қайталау сұрақтары арқылы сабақты жинақтау.
- Ы. Алтынсариннің қандай әңгімелерін білесіңдер?
- Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай?
- Өзендегі балық түрлерін атаңдар.
Үй тапсырмасы
«Өзен» өлеңін мәнерлеп оқу.
Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі мен жауаптарының толықтығына қарай бағалау.