Сәлеміңе қайтаратын жауабы

Мұқағали Мақатаев

Сәлем бере бара қалсам Мұрата,-
Тыныштық деп алдымен сұратпа.
- Тыныштық па, тыныштық па, балалар?
Деп отырар қысы - жазы иықта.
Қыс та таныс қоржынына мұз артқан,
Бәрі таныс жылымық түн, ұзақ таң.
Өмір таныс өмір жасын ұзартқан,
Әзірге аман өлім дейтін тұзақтан.
Шатынаған соғыс салған сызаттан,
Кәрі кеуде жалын атқан, сыз атқан!
Төрт баланы тыныштыққа құрбан қып,
Төрт келінді төрт адамға ұзатқан.
Төрт келіннен алып қалды төрт бала,
Өзі - пана, ал өзіңе - төрт пана.
Қартың отыр түгендеп ап ұпайын,
Айырбастап төрт қараға, төрт қара .
Қартың қазір бір бәйтерек мәуелі,
Сексен емес, жүзіңнен де дәмелі.
Сәлеміңе қайтаратын жауабы:
- Тыныштық па? - деп сұрайды әуелі.
Суыт жүрген кәріден де, жастан да,
- Тыныштық па? - деп сұрайды сасқанда.
Күн күркіреп, шатырласа найзағай,
- Тыныштық па? - деп қарайды аспанға.
Өмірде әлі қауіп көп қой не түрлі,
Қарт қалғымай күзетші боп бекінді.
Сәл ұйықтаса төрт немере төрт жаңқа,
Көзден ғайып болатұғын секілді.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2



Ұқсас жұмыстар

Сәлем - сөздің атасы
Сәлемдесу түрлері
Шартты рефлекс туралы
Математикадан экстремумге берілген қолданбалы есептерді шешу әдістемесі
Дәстүрлі, әдет- ғұрып пен салт сана қоғамдағы әлуметтік қатынастар
Бизнес және математика
Динамикалық ұғым принципімен программа құру технологиясы
ҒЫЛЫМИ ЖОБА. МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ЕСЕПТЕУЛЕРДІ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ
Адам организмі
Сәлемдесу
Оқушылар жауабы
Менің берген жауабымның аясы тар екендігін ішім сезді
Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады
E. дұрыс жауабы жоқ
Оқушылардың жауабы. Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жауабы
Сізді қызықтыратын, толғандыратын сұрақтардың жауабын мүмкін осы кітаптан табарсыз
Балалар жарайсыңдар Жапырақ ханшайымының жұмбақтарының жауабын таптыңдар
Жауабын қысқарған сөз қатыстырып жазу
Мұның барлығы тілсіз ашынған табиғаттың қаруын асынған адамзатқа іспен қайтарған жауабы