Күш сынасар алыптар
Мақсаты
Балалардың денсаулығын нығайту, ептілік пен жылдамдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы дамыту.
Балабақша мен ата-аналардың тығыз байланысын нығайтып, ата-аналардың ойындарға белсене қатысуы бірлескен жұмыстың нәтижелі болатынын көрсету.
Жүргізушінің сөзі
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз —
Әрқашанда біргеміз.
Құрметті қонақтар, ата-аналар және балабақша қызметкерлері! Бүгінгі «Ағам және мен» отбасылық спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Сіздерге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Келіңіздер, келіңіздер!
Бұл жарысты көріңіздер. Бізде бәрі жүйріктер, күш сынасар алыптар!
Қатысушы топтар
1-топ — Құлыншақ
Түсі: қызыл
Аршат, Дәурен
2-топ — Бірлік
Түсі: ақ
Каусар, Данияр
3-топ — Сұңқар
Түсі: жасыл
Ерасыл, Олжас
4-топ
Түсі: сары
Кирилл, Саша
Әділқазылар алқасы
- Сейдахметова Г. Е. — балабақша меңгерушісі
- Нұрымбекова Р. А. — балабақша әдіскері
- Орынова Р. К. — балабақша медбикесі
- Жамашева Р. — ата-ана
Ұран
Қане, бір-бірімізді қолдаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске жетеміз!» — деп,
Жалынды ұран тастаймыз!
Топтардың таныстыруы
1-топ — Құлыншақ (қызыл)
Биіктен алысқа секіретін жарысқа
Құлыншақ келіп қатысты —
Өтілетін жарысқа!
Аршат
2-топ — Бірлік (ақ)
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па?
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу — бір басқа.
Каусар
3-топ — Сұңқар (жасыл)
Ұшақтан да ұшқырмыз,
Желден озған жүйрікпіз.
Жарысуға сендермен
Келіп тұрған мықтымыз!
4-топ (сары)
Кирилл, Саша
Флешмоб биі
Биге барлық балалар қатысады.
Балалардың тақпақтары
Спорт — сенің серігің,
Жанға дауа, қолға күш.
Сергітетін адамды —
Қимыл менен қозғалыс.
О, спорт, дорогой!
По жизни с тобой
Дружить нам всегда
На долгие года.
Шыныққан шымыр денеміз,
Күн сайын өсіп келеміз.
Денсаулық — 5, сабақ — 5
Деп рапорт береміз!
Наполняет нас радость движения.
Сердце бьется в груди веселей!
И спортивной победы мгновенья
Дополняют улыбки друзей.
Басты байлық — денсаулық!
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
И учиться нам спорт помогает,
Ведь здоровье — основа всего.
Кто со спортом по жизни шагает,
Тот и может пойти далеко.
Денсаулық — ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық — ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Спорт — біздің досымыз,
Күш-қайрат сыналған.
Спорт — біздің досымыз,
Бала кезден шыңдалған.
Негізгі бөлім: эстафеталар мен сайыстар
1) Жұптасу
Ағалары белгіленген жалаушаны айналып қайтып келеді. Содан кейін інілерін арқасына отырғызып, қайтадан бастапқы орынға оралады.
2) Ракеткамен допты алып жүру
Белгі берілген сәттен бастап қатысушылар ракеткамен шарикті түсірмей, жалаушаны айналып келеді.
3) «Қырықаяқ» ойыны
Топ ойыншылары тағандап еңбектеп белгіленген жалаушаны айналып өтеді. Қай топ мәре сызығынан бірінші өтсе, сол команда жеңіске жетеді.
4) Қол күрес (ағалар)
Қатысушылар ортаға шығып, үстел басында екі-екіден кезектесіп қол күреседі.
5) Иық күресі (балалар)
Ойын шеңбер ішінде өтеді: балалар бір аяқтарын көтеріп, иықпен тіресе отырып қарсыласын шеңберден шығаруға тырысады. Шеңберден бірінші шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі. Сайыс кезекпен жалғасады.
Ұйымдастыру туралы мәлімет
Жамбыл облысы, Шу ауданы білім бөлімінің «Балдаурен» балалар бақшасы КМҚК.
Өткізген: Арғынбекова Г. Т., дене шынықтыру нұсқаушысы.
Іс-шара: «Ағам және мен» спорттық сайысы.