Ребусты шеш

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Я» әрпінің жазылуы (94–98-жаттығулар)

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Мақсат

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру арқылы меңгерту: «Я» әрпінің жазылуын үйрету.
  • Оқушылардың ойлауын, есте сақтауын, сөздік қорын және шығармашылығын дамыту.
  • Сауаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

  • Ой қозғау
  • Сұрақ-жауап
  • Ребус, сөзжұмбақ шешу
  • Топтық жұмыс, суретпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Сөзжұмбақтар
  • Ребустар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау, зейінін шоғырландыру, оқу құралдарын реттеу.

II. Үй тапсырмасын сұрау және тексеру

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылып, орындалған тапсырмалар тексеріледі.

III. Жаңа сабақ: «Я» әрпінің жазылуы (94–98-жаттығулар)

1) Ой қозғау

  1. Сұрақ: Балалар, біздің тұратын баспанамызды қалай атаймыз? Жауап: үй
  2. Сұрақ: Ал құстардың баспанасын қалай атаймыз? Жауап: ұя
  3. Сұрақ: «Ұя» сөзінде неше әріп бар?
  4. Сұрақ: Екінші әрпі қалай аталады?

2) Оқулықпен жұмыс

  • Бүгінгі күннің жадын жазу.
  • «Я» әрпінің жазылуын көрсету және жазу үлгісін талдау.
  • Ережені түсіндіру.

Ереже

Сөз ішінде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая, сая, таяқ.

I топ — 94-жаттығу

Сөздерді топтастырып, осы топқа жатпайтын сөзді тауып жазыңдар.

қаз аққу қарлығаш бүркіт қоян

Ескерту: «қоян» — 4 дыбыс, 4 әріп.

II топ — 95-жаттығу

Жұмбақты оқып, шешуін табыңдар.

Тал басында түндіксіз отау.

Жауабы: ұя

III топ — 96-жаттығу

Мақалды жатқа жазыңдар.

«Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.»

97-жаттығу: ребус шешу және сөйлем құрау

Ребусты шешіп, шыққан сөздермен сөйлем құраңдар.

Мысал сөйлемдер

  • Апам маған тақия тікті.
  • Автобуста қарияға орын бердім.

Сурет бойынша жұмбақ айту

Суреттегі зат атауларына байланысты білетін жұмбақтарыңды айтыңдар.

Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады.

Жауабы: пияз

Таң азаннан оянады, елдің бәрін оятады.

Жауабы: тауық

Өзі кішкентай, ісі үлкен. Ұшып жүріп бал жинайды.

Жауабы: ара

Шығармашылық тапсырма

Сурет бойынша сөйлем құрау:

I топ

Қоян

II топ

Шаян

III топ

Ұя

4) Ой толғаныс: сөзжұмбақ

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешіңдер.

1) Білім беретін адам кім?

2) Жыл мезгілінің бірі?

3) Бал жинайды.

4) Спорт құралы.

5) Сүтпен ұйытылады.

6) Үрлемелі зат.

7) Үйдің қарауылы, адамның досы.

8) Құстың баспанасы.

IV. Қорытынды

Сабақты бекіту үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер:

  1. 1) Дыбыс деген не?
  2. 2) Әріп деген не?
  3. 3) Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  4. 4) «Я» әрпі қандай дыбыс?

V. Үй тапсырмасы

Ережені жаттау.

VI. Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және сауаттылығына қарай бағалау.