Жас өркен - 2012 ертеңгілік бағдарламасы(Зал кіші мерекеге сай безендірілген)

«Жас өркен» — 2012 ертеңгілік бағдарламасы

(Зал шағын мерекеге сай әсем безендірілген.)

1) Кіріспе

Бейресми бөлімде Назира қазақ биін орындайды.

2) Мұғалімнің құттықтау сөзі

Қымбатты қонақтарымыз, қадірменді ата-аналар! Осыдан төрт жыл бұрын үлкен тебіреніспен мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміз бүгін бастауышпен қоштасқалы отыр. Бұл төрт жыл зая кеткен жоқ — білім жолында үлкен белес болды. Осы жылдар ішінде мен өз білгенімді үйреттім, ал олар білмекке құлшынды. Енді, міне, толқитын сәт те келді.

Жүрекжарды жолдар

Гүлге толы өңірлер,

Балғын жүз бен балауса.

Алып ұшқан көңілдер,

Толқымасын қалайша.

Сондықтан да назарды

Солар жаққа бұрайық.

Қимастықпен бастауышпен

Қоштасатын бүлдіршінді

Қарсы алып, қол соғайық.

Әр оқушыға арнау айтылып, ортаға шақырылады.

Оқушыларға арналған арнаулар

Алдияр

И

Өте жақсы оқиды сабағын — әр ісі ұқыпты, тиянақты. Сурет салу мен мүсіндеу — сүйікті ісі. Алдиярым, болашақта мықты математик боларына сенім мол.

Дарын

Ж

Дарынның еңбегі зор, Қызылтудан келеді. Момақан баланың жүрегі қардай аппақ. Зауқы соқса есептерді шемішкедей шағады — қара да тұр, өскенде жақсы банкир болады.

Нұрсұлтан

А

Кіші қамын ойлаған, кісі жанын сыйлаған. Өнерімен, ісімен көрінген Нұрсұлтаным — жарқыным! Әр күнің бақытқа толы болсын.

Ұлжан

И

Сыныпта біреу жыласа, қосылып соған жылайтын. Мереке сайын дәстүр етіп бәріне сыйлық сыйлайтын — сыныптың тағы бір гүлі. Ұлжанды ортаға шақырып, қошеметтеп қол соғайық.

Нұртілеу

І

Ынтасы мол, әр нәрсеге әуес-ақ. Ынта болса — әр ісің оңалмақ. Нұртілеу деген ұлым, қараңдар: өмірде жалындап шыға келетіні анық.

Нұрсәуле

С

Қорғасындай салмақты — Биязы менің Нұрсәулем. Сөзге сараң, пейілі кең: қазақтың нағыз қызы.

Нұразат

Ж

Жалындаған Нұразатым — әнші ұлым. Ән айтқанда шабыт тұла бойын билейді. Әдебиет пен әнге жаны құмар, ізденіп жүріп оқиды, бар күшін салады.

Ілияс

А

Ілияс — мінезге бай бала. Сабақ оқылмаса да абдырамайды, саспайды. Жымиып күліп отырар — өзі сондай нар мінезді.