Жүйке жүйесінің құрылысы

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

№3 орта мектебі ММ

Биология пәні мұғалімі: Адамьянова Шолпан Советовна

Тақырыбы

Ми діңінің құрылысы Мишық

Сабақтың мақсаты

  • Мидың құрылысы мен қызметі, сондай-ақ мишықтың қызметі туралы түсінік қалыптастыру.
  • Тірек сызбаларды пайдалану арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау.

Сабақ әдісі

Сұрақ–жауап

Көрнекілігі

Жұлын мен мидың суреттері

Ми туралы негізгі мәлімет

Орналасуы

Бассүйек қуысында

Орташа салмағы

1300–1400 г

Өсуі

20 жасқа дейін

Құрылымдық ерекшелігі

Қарыншалар (қуыстар)

Ми қарыншалары және сұйықтық

Адам миында сұйықтықпен толтырылған қуыстар болады, олар ми қарыншалары деп аталады. Бұл сұйықтық түссіз, құрамында қан жасушалары мен ақуыз болады және ми ішіндегі қысымды реттеуге қатысады.

Ми қабықшалары (3 қабат)

  • Қатты қабықша — мидың сыртқы қабықшасы.
  • Торлы қабықша — өте жұқа, қантамырлар аз болады.
  • Қантамырлы қабықша — қантамырларға бай, қан айналымымен тығыз байланысты.

Ми бөлімдері: ми діңі, мишық және үлкен ми сыңарлары

Жалпы жіктелуі

Ми діңі Мишық Үлкен ми сыңарлары

Ми діңіне сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми және аралық ми жатады.

Сопақша ми

Жұлынмен жалғасады Ұзындығы: 2,5–3 см Ақ зат + сұр зат

Сопақша ми өткізгіштік және рефлекстік қызмет атқарады. Өткізгіштік қызметі арқылы қозу жұлын және жүйке жолдарымен мүшелерге жеткізіледі.

Рефлекстік қызметтері

  • Қорғаныш: жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату.
  • Тамақтану: ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездерінің жұмысы.
  • Жүрек пен қантамырлар: жүрек соғуын және тамыр тонусын реттеуге қатысады.
  • Тыныс алу: өкпенің жұмысын реттеуге қатысады.

Артқы ми: ми көпірі

Артқы миға мишық пен ми көпірі жатады. Ми көпірі ортаңғы ми мен сопақша мидың аралығында орналасады. Ол осы бөлімдерді байланыстыратындықтан «көпір» деп аталады. Ми көпірі арқылы төменде орналасқан бөлімдерден келетін қозулар өтеді.

Ортаңғы ми

Ортаңғы ми артқы ми мен аралық мидың арасында орналасады және алдыңғы ми мен артқы миды байланыстырады. Бұл бөлім арқылы жоғары және төмен бағытталған өткізгіш жүйке жолдары өтеді. Сонымен қатар кенеттен пайда болған дыбыс пен жарық тітіркендіргіштеріне жылдам бағдарлануды қамтамасыз етеді.

Кей деректерде ортаңғы мидың терідегі пигмент түзілуін реттеуге қатысатыны көрсетіледі.

Аралық ми

Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасады. Ол көру төмпешіктері және төмпешік асты аймақ (гипоталамус) бөліктерінен тұрады. Аралық мида да бір ми қарыншасы болады.

Негізгі қызметтері

  • Көру, дәм сезу, есту және басқа рецепторлардан келетін қозуды үлкен ми сыңарлары қыртысына өткізеді.
  • Зат алмасуды, жүрек-қантамыр жүйесін, ішкі секреция бездерін, зәр шығаруды және ұйқыны реттеуге қатысады.
  • Ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді: дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының тұрақтылығы.

Мишық

Мишық сопақша ми мен ми көпірінің артқы жағында орналасады. Оның сыртында сұр заттан түзілген қыртыс және өте көп иірімдер болады. Қыртыстың астында ақ зат жатады.

Нейрондардың мишықтан шығатын өсінділері оны орталық жүйке жүйесінің көптеген бөлімдерімен байланыстырады. Мишық қозғалыстың дәлдігін, бұлшықет жұмысының үйлесімін және дене тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі (әсіресе мойын, тұлға, аяқ-қол бұлшықеттерінде).

Мишық зақымданса

  • Қол-аяқ тез шаршайды.
  • Қозғалыс пен тепе-теңдік бұзылады.
  • Сөйлеу анықтылығы төмендеуі мүмкін.

Қорытындылау: «Сандар сөйлейді»

Сабақ соңында негізгі деректерді есте сақтауды күшейту үшін маңызды көрсеткіштерді сандар арқылы қайталаймыз.

Мидың өсуі

20

жасқа дейін

Орташа салмағы

1300–1400

г

Қабықша қабаты

3

қабат

Сопақша ми

2,5–3

см

Көрсеткіш

130–140

мг

Ми ағзаның барлық мүшелері мен мүшелер жүйелерінің қызметін ұйымдастырады, басқарады және үйлестіреді. Ол алынған ақпаратты бақылайды, салыстырады және бағалайды.