Сабаққа дайындықтарын тексеру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Жангүл Иманмадиева
Сабақтың тақырыбы
Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға өлі табиғаттың тірі табиғатқа әсерін дәлелдеу тәсілдерін меңгерту, себеп–салдар байланысын түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушыларды ойландыру, өздігінен ізденуге жетелеу, қиялын ояту, ойын жүйелі тұжырымдауға үйрету; ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік
Табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Ойын арқылы тұжырымдау
- Дәлелдеу
- Бақылау, зерттеу
- Өзіндік жұмыс, топпен жұмыс
Көрнекіліктер
- Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер мен кестелер
- Жапырақтар, бүршікті ағаш бұтақтары
- Үлестірмелі материалдар
- Микроскоп
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру.
- Оқушылардың бір-біріне жақсы тілектер айтуы.
- Сыныпты 4 топқа бөлу: жаз, күз, қыс, көктем.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген мәтіннің мазмұны бойынша әр топтан 1–2 оқушы жауап береді. Сұрақ-жауап арқылы тапсырма қорытындыланады.
- Адамға тәуелсіз не?
- Табиғат деген не?
- Табиғатты неге әртүрлі дейміз?
- Өлі табиғат пен тірі табиғаттың айырмашылығы неде?
- Олардың арасындағы байланыс қандай?
- Тірі табиғат туралы не айта аласыздар?
- Тірі табиғат нысандарын өзара салыстырыңыздар. (Әр түрлі жауаптар тыңдалады.)
Қорытындылау және жаңа тақырыпқа кіріспе
Енді тірі табиғаттың ішінен өсімдіктерді бөліп алып, олардың тіршілігін және жыл мезгілдеріне байланысты өзгерісін бақылап көреміз.
Өсімдік — тірі табиғат.
Ол тіршілік етуі үшін мынадай жағдайлар қажет: жылу, су, жарық, қорек, ауа.
IV. Жаңа сабақ: Өсімдіктердің қысқы өзгерісі
Топпен жұмыс: әр топ өз атауына сәйкес қалташықтарды толтырады және жыл мезгілдеріне байланысты өсімдік суреттерін іріктеп алады.
Көктем
Бүршік ата бастаған ағаштар, жаңа өсіп келе жатқан өсімдіктер.
Жаз
Жайқалған жасыл жапырақты орман, ағаштар, гүлдер және т.б.
Күз
Сарғайған жапырақты ағаштар, қурай бастаған өсімдіктер және т.б.
Қыс
Жапырақсыз орман, жапырақсыз ағаштар.