Өсімдікке түс беретін зат
Шараның мазмұны
Тақырыбы
Табиғат және біз
Мақсаты
- Спорттық ойындар арқылы оқушылардың білімін тексеру.
- Оқушыларды жылдамдыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
Оқушылар 2 топқа бөлінеді.
Атау беру
Әр топқа атау тағайындалады.
Құрамы
Әр топта 3 оқушыдан болады.
Шараның жоспары
- 1. Жүгіру: «Кім бірінші?»
- 2. Ой жаттығуы (сұрақ-жауап)
- 3. Жанкүйерлер сайысы: «Ауылымызда өсетін өсімдіктер»
- 4. Эстафета: «Тыныш жүрсең, алысқа барасың»
- 5. Мақсатқа жет: «Мерген ойыншы»
- 6. Құпия жәшік: «Қандай көкөніс?»
- 7. Қорытынды (ұпайларды есептеу)
Барысы
1) Жүгіру: «Кім бірінші?»
Оқушылар жіппен жүгіреді. Қай топ бірінші келсе, сол топ келесі кезеңді бастайды.
2) Ой жаттығуы (сұрақ-жауап)
Жүргізуші әр топқа сұрақ қояды. Әр дұрыс жауап берген оқушы 2 қадам алға жылжиды.
I топ сұрақтары
- 1 Қақталған жүзім? (мейіз)
- 2 Өсімдікке түс беретін зат? (хлорофилл)
- 3 Өсімдіктер ненің арқасында биіктейді? (күн сәулесінің)
- 4 Тірі табиғатты зерттейтін ғылым? (биология)
II топ сұрақтары
- 1 Басын төмен қаратып ұйықтайтын жануар? (жарқанат)
- 2 Қақталған абрикос? (урюк, курага)
- 3 Қыста аңшы қандай түсті киім киеді? (ақ)
- 4 Өсімдікті зерттейтін ғылым? (ботаника)
3) Жанкүйерлер сайысы: «Ауылымызда өсетін өсімдіктер»
Егер аталған өсімдік біздің ауылда өссе — қол шапалақтайсыздар, ал өспесе — аяқтарыңызды тарсылдатасыздар.
Тізім
Жақсы, балалар, сергіп қалдық. Енді ойынды жалғастырайық.
4) Эстафета: «Тыныш жүрсең, алысқа барасың»
Орындықтың астында биологиялық терминдер кесте түрінде жатады. Оқушылар қаз жүрісімен барып, қайта жүгіріп келіп, терминдерді әріптермен толықтырады.
Толықтыратын терминдер
5) Мақсатқа жет: «Мерген ойыншы»
Допты дөңгелете лақтыру арқылы ойыншылар ұпай жинайды. Үш кезеңнің қорытынды ұпайы топ қоржынына қосылады және тапсырмалар орындалады.
5 ұпайлық тапсырма
- 5 бөлме өсімдігін ата.
- 5 жәндікті ата.
- 5 жапырақ түрін ата.
- 5 жыртқыш аң ата.
3 ұпайлық тапсырма
- 3 жерасты өркенді ата.
- 3 шырынды жемісті ата.
- 3 құрғақ жемісті ата.
- 3 улы өсімдікті ата.
- 3 дәрілік өсімдікті ата.
1 ұпайлық тапсырма
Фотосинтез дегеніміз не?
6) Құпия жәшік: «Қандай көкөніс?»
Жәшіктің ішінде бір көкөніс жасырылады. Оқушылар берілген жеңілдіктер (сипаттамалар) бойынша жауап береді: әр жауаптың құны — 5/3/1 ұпай.
Сарымсақ
- Ежелгі Египетте пирамида құрылысы кезінде ауырмау үшін құлдарға жегізген. (5 ұпай)
- Құрамында фитонцид көп, тұмау эпидемиясына қарсы қолданады. (3 ұпай)
- Пияздың «туған інісі». (1 ұпай)
Асқабақ
- Құрамында калий көп; қант диабеті, бүйрек және жүрек ауруларында пайдалы. (5 ұпай)
- Тұқымын ішек құртына қарсы қолданады. (3 ұпай)
- Ботқа, тосап қайнатады. (1 ұпай)
Қияр
- Тері күтімінде қолданылады, теріні жұмсартады. (5 ұпай)
- Жемісінің 98%-ы — су. (3 ұпай)
- Бақшада жасыл, ал тұздалғанда түсі солғындау болады. (1 ұпай)
7) Қорытынды
Әр кезең бойынша жиналған ұпайлар есептеліп, топтардың жалпы нәтижесі шығарылады.
Негізгі ой: жылдамдық, ұйымшылдық және табиғат туралы білім — жеңістің кілті.