Жалын тобы

Қош келдіңіздер!

Армысыздар, ардақты көрермендер! Өнерін өрендерім көрсететін, тілдің қадірін танытатын «Тіл – ұлттың тірегі» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Шабыт сөз

Жұлдыз болып жарқырайық, шырақ болып маздайық!
Достарды шалқытып, тасты балқытатын өнерге бірге қадам басайық.

Тіл туралы тағылым

Қазақ тілі бүгінде 15 миллионға жуық халықтың қарым-қатынас тілі. Бұл — Абайдың даналығы, Махамбеттің жыр семсері, Бауыржанның шындыққа берік сөзі, Мұхтардың ұлы мұрасы сөйлеген тіл.

Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де оны құрметтеп, үйреніп келеді. Әр халықтың өз ана тілі бар, ал ана тілі адам бойына ана сүтімен дариды. Қазақ тілінің құдіреті — оның байлығында, өрлігінде, орындылығында.

Туған тілдің қасиетін ардақтайық, сабырмен ойымызды салмақтайық.

«Жалын» және «Жұлдыз» топтарының сайысына қош келдіңіздер — бастайық!

Сайыстың құрылымы

Қатысушылар нөмір анықтау үшін сиқырлы қоржыннан асық алып, түскен нөмірі бойынша өнер көрсетеді. Сайыс 6 айналымнан тұрады:

  1. 1 Таныстыру
  2. 2 Бәйге сұрақтары
  3. 3 Тіл өнері (аударма)
  4. 4 Мақал-мәтелдер сайысы
  5. 5 Жұмбақтар шешу
  6. 6 Поэзия минуты

Тілек

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Айналымдар мазмұны

1) Таныстыру

Екі топ өздерін таныстырады: атауы, ұраны, мүшелері және топ басшысы.

2) Бәйге сұрақтары

Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Міндет — жылдам әрі нақты жауап беру.

Жалын тобы — сұрақтар

  • 1. Қыс айларын ата: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
  • 2. 16 желтоқсан қай күн? Тәуелсіздік күні.
  • 3. Біздің Президентіміз кім? Н. Ә. Назарбаев.
  • 4. Бізге білім беретін кім? Мұғалім.
  • 5. Сен қай аспапта ойнайсың? Фортепиано.

Жұлдыз тобы — сұрақтар

  • 1. 1 қыркүйек қандай күн? Білім күні.
  • 2. Жаз айларын ата: маусым, шілде, тамыз.
  • 3. Білім ордасы — мектеп.
  • 4. Күй атасы кім? Құрманғазы.
  • 5. 30 тамыз қай күн? Конституция күні.

Ана тілім — қазақ тілім, туған тілім. Қасиетті тіліміздің қадірін біліп, ана тілді құрметтейік. Заманға сай өзге тілдерді де үйренейік.

3) Тіл өнері (аударма)

Бұл бөлімде орыс тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді қазақ тіліне аударып айту қажет.

Жалын тобы — аудармалар

  • Тетрадьдәптер
  • Школамектеп
  • Спасиборахмет
  • Я учусьмен оқимын
  • Он пошел в школуол мектепке барды

Жұлдыз тобы — аудармалар

  • Дневниккүнделік
  • Учительұстаз
  • До свиданиясау болыңыз
  • Я собираюсь спатьмен ұйықтайын деп жатырмын
  • Она любит петьол ән айтуды ұнатады

Дәйексөз

«Қазақтар шешен келеді; олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады», — деп жазған В. Радлов.

4) Мақал-мәтелдер сайысы

Әр топ 4 мақал-мәтелден айтып, мағынасына қысқаша тоқталады.

5) Жұмбақтар шешу

Әр топқа 3 жұмбақтан беріледі. Міндет — шешуін табу және жауапты дәлелдеу.

Жалын тобы — жұмбақтар

  1. Тілі бар, үні жоқ,
    Өзін адам түсінген.
    Жүрегі бар да, қаны жоқ,
    Сөйлеп тұрған ішінен.
    Жауабы: кітап
  2. Өшірді, сүртті,
    Өзін де құртты.
    Жауабы: өшіргіш
  3. Тарыдай боп кіресің,
    Таудай боп шығасың.
    Жауабы: мектеп

Жұлдыз тобы — жұмбақтар

  1. Аяғы біреу, қолы жоқ,
    Шиыр-шиыр жолы көп.
    Өзі сөйлей білмейді,
    Салған ізі сөйлейді.
    Жауабы: бор
  2. Табаныма байладым,
    Қос аяқпен айдадым.
    Жауабы: шаңғы
  3. Үй бағады, үрмейді,
    Аяғы жоқ, жүрмейді.
    Рұқсатсыз ол иттен,
    Адам үйге кірмейді.
    Жауабы: құлып

6) Поэзия минуты

Әр топ басшысы сүйікті ақын-жазушылар шығармаларынан үзінді оқиды. Мысалы, М. Мақатаевтың «Үш бақыты».

Қорытынды және марапаттау

Әділқазылар алқасы өз шешімін шығарғанша, қатысушылардың өнерін тамашалаймыз. Лев Толстой айтқандай, өнер — адамның бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.

Бойларыңда от бар екенін байқадым,
Жүректеріңде шоқ бар екенін байқадым.
Сол шоқты өшірмей, жалындатып,
Әрдайым шарықтаңдар!

Әділқазылар шешімі жарияланып, жеңімпаздар марапатталады. Қош десек те, бұл — соңғы сайыс емес. Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар; ойлы орта күннен-күнге кеңейе берсін!

Рахмет! Сау болыңыздар! Амандықпен жүздескенше!