Шуақты өлең
Шуақты өлең!
Бойымды бір тылсым күш билегенде,
Мазасыз ойлар келіп сүйрегенде,
Қалам қағаз өзіңе жүгінемін
Шабыт келіп найзасын түйрегенде.
Өмірімнің қиын - қыстау шақтарында,
Сен керексің сырымды ақтаруға,
Мен өзіңмен сырласқан сәттерімде
Сезбей қалам арайлы таң атқанында.
Қиналғанда жаныма қуат берген,
Атар таңға шұғылалы шуақ берген,
Сырласым да, мұңдасым да бір өзіңсің
Шабыттансам шертетін жалғыз пернем.
Өрнек берген, өлшеулі өміріме,
Демеу болған, құлазыған көңіліме,
Қуанышты бөлісіп шаттанатын,
Айналғансың жанашыр серігіме.
Жырым менің, мәңгілік жан жолдасым,
Бақыттымын жүрегімде сен болғасын,
Мен өзіңді мәңгілік серік етем,
Жаратқаным жар болып, тек қолдасын!
X-XIV ҒҒ Қазақстандағы тәлімдік ой-пікірлердің қалыптасуы және даму
Жаңа үлгідегі Корей поэзиясының дамуы
Сөздік әдіс
Табиғаттың бір үлкен бөлшегі
Еркіндігім қасиетім
Жамбыл Жабаев өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
Ағартушы ғұламалардың бала ойын дамытудағы көзқарастары
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Балаларға патриоттық рух беруде Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы
Өлең үзіндісі
Түлектерің өлең жазса шумақтатып, Тыңдар оны құштарлықпен дүйім халық
Шуақты көктем, шұғылалы көктем
Өзінің Жастарға атты өлеңінде
Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері
Өлең айтқан сөзді ұқпайтын, түске дейін ұйықтайтын жылауық нас бала туралы
Көктем - шуақты мезгіл