Қазақша рефераттар

Махаббат - адамға күш береді, Әйелді - әдемі етеді

▪ Махаббат – адамға күш береді,
Әйелді – әдемі етеді.
Еркекті – мейірімді етеді,
Жүректі – жеңілдетіп,
Өмірді – әдемі етеді! (Омар – Хайям)

▪ Ең үлкен бөгет - Қорқыныш.
Ең үлкен қателік – Рухы сөну
Ең қауіпті адам – Өтірікші.
Ең зұлым сезім - Қызғаныш
Ең әдемі қылық – Кешіре білу.
Ең жақсы қорғаныс – Күлімсіреу.
Ең қуатты күш – Сенім
Ең жақсы қолдау – Үміт
Ең жақсы сыйлық – Махаббат. (Омар – Хайям)

▪ Көз жасы – әлсіздіктің белгісі емес. Бұл адам жаны мен жүрегі бар екенінің дәлелі.

▪ Адамның қатал болу себебі – оның бойындағы мейірімділікті кейбіреулер әлсіздік деп түсінуінен.

▪ Сөзіңді түзесең әдетіңе айналады,
Әдетіңді түзесең мінезіңе айналады.
Мінезің, ол сенің тағдырың. (Шәкәрім Құдайбердіұлы)

▪ Қиындық өз басыңда болмаған соң, батыл болуы оңай. (Вероника Рот)

▪ Жақсының - сөздері өлмейді.
Жалғыздың - жұмысы өнбейді.
Шындықтың - шырағы сөнбейді.
Талпынған - биікке өрлейді.
Асыққан - ажалды көрмейді.
Менменшіл - мақтауға шөлдейді.
Ал кекшіл - кек алмай көнбейді.
Ақылды - ойланып сөйлейді.
Ақылсыз - кіргеннен "төр"- дейді.
Көз тоймас - асын да бөлмейді.
Сақ жанға - жамандық төнбейді.

▪ Бұл өмірде таңдау жасай білу керек: кімді тізімнен сызып тастау керек, кімді тізімге қосу керек...