Сабақтың түрі аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
Компьютерлік графика туралы толық мәлімет беру, оның түрлерін жүйелі түрде түсіндіріп, мысалдар келтіре отырып оқушылардың түсінігін қалыптастыру.
Сабақтың сипаты
- Типі
- Жаңа сабақты игерту
- Түрі
- Аралас сабақ
- Әдістері
- Түсіндірмелі-репродуктивтік, сұрақ-жауап, компьютерлік технология элементтері, тест тапсырмалары
Көрнекіліктер мен құралдар
- Карточкалар, презентациялар
- Тест тапсырмалары
- ТСО: компьютер, мультимедиапроектор
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру және қатыспаған оқушыларды белгілеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)
- 1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?
- 2. Компьютерлік вирустардың негізгі түрлерін атаңыз.
- 3. Вирусқа қарсы бағдарламаларды атаңыз.
- 4. Файлды сығу (буып-түю) үшін қандай бағдарламалар қолданылады? Аттарын атап, қысқаша сипаттама беріңіз.
III. Үй тапсырмасын қорытындылау (тест)
1) Компьютерлік вирус дегеніміз не?
- A.Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы бағдарлама
- B.Резервтік кодтары бар файл
- C.Файлдарды форматтауға арналған бағдарлама
2) Мекендеу ортасына қарай вирустар:
- A.Жүйелік, таңбашалық, деректік болып бөлінеді
- B.Файлдық, жүктелетін, макровирустар болып бөлінеді
- C.Сервистік, домендік, желілік болып бөлінеді
3) Вирусқа қарсы бағдарламалар:
- A.Сервистер, полифагтар, ревизорлар
- B.Детекторлар, логиндер, ревизорлар
- C.Детекторлар, ревизорлар, полифагтар
4) ADif ревизор бағдарламасын ұсынған кім?
- A.Д. Мостов
- B.Е. Касперский
- C.И. Данилов
5) Файлды архивке жазу процесі қалай аталады?
- A.Контактілеу
- B.Сервистеу
- C.Архивтеу
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады.
Түс ерекшелігіне қарай
- Ақ-қара
- Түрлі түсті
Қолдану бағытына қарай
- Инженерлік графика
- Ғылыми графика
- Web-графика
Құрылу әдісіне қарай
Екі өлшемді графика
- Растрлық
- Векторлық
- Фракталдық
Үш өлшемді графика
Кеңістіктегі көлемді нысандарды модельдеу және бейнелеу үшін қолданылады.
Растрлық графика
Растрлық кескін мозаикаға ұқсайды: шыны немесе пластмасса қиықтарының орнына пиксель қолданылады.
Пиксель — монитор экранындағы кескіннің ең кіші элементі (әдетте квадрат пішінді).
Растрлық кескінді үлкейткенде әрбір нүкте іріленіп, сатылы эффект пайда болады. Растрлық бейнені кодтау көбіне 0 және 1 сандары арқылы орындалады.
Векторлық графика
Векторлық кескін — геометриялық примитивтер арқылы өрнектелетін бейне:
- нүктелер
- сызықтар
- шеңберлер
- төртбұрыштар және т.б.
Растрда негізгі элемент пиксель болса, векторда — сызық. Векторлық кескіннің басты артықшылығы — сапаны жоғалтпай шексіз үлкейту мүмкіндігі.
Фракталдық графика
Фракталдық кескіндер — қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Бұл ұғым 1970-жылдардың аяғынан бастап математикада және компьютерлік өнерде кең қолданысқа ие болды.
Fractus (лат.) — «фрагменттерден тұратын» деген мағына береді. «Фрактал» атауын 1975 жылы Бенуа Мандельброт ұсынған.
Фракталдық кескін математикалық есептеулерге негізделеді, негізгі элементі — формула. Ол бұлт, қар, жағалау сызығы сияқты күрделі табиғи пішіндерді модельдеуде жиі пайдаланылады.
Фракталдық графикамен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар
V. Жаңа сабақты пысықтау
Практикалық жұмыс: берілген тапсырмалар бойынша компьютерде орындау.
VI. Қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы негізгі ұғымдарды салыстыру және жинақтау.
VII. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, тест нәтижелері және практикалық жұмысты орындау сапасы бойынша бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы
Компьютерлік графиканың түрлерін қайталау, растрлық және векторлық графиканы салыстыруға арналған қысқаша кесте құрастыру.