Салт - дәстүр бойынша түсінік

Сабақтың тақырыбы

Ұлыстың ұлы күні! (слайдпен)

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушылардың бойына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату; ана тілін, оның тарихын, өнері мен мәдениетін қастерлей отырып, тұлғалық дамуына бағытталған тәрбие беру.
  2. Халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыздың қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
  3. Сабақты халықтық педагогикаға негіздей отырып, қазақ халқының ұлттық ойындары, ұлттық тағамдары және нақыл сөздері арқылы оқушыларға ұлттық құндылықтарды ұғындыру.

Көрнекілігі

  • Слайдтар
  • Нақыл сөздер
  • Ұлттық тағамдар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Мектебімізде Наурыз мерекесіне байланысты мектепішілік ашық есік күні аясында өтетін «Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Ата-аналарды балаларымен бірге Наурыз ауылы, Көктем ауылы, Тойбастар ауылы топтарына жайғастырайық. Бүгінгі сабақта тек балалар ғана емес, ата-аналар да белсенділік танытып, атсалысып отырыңыздар.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын! Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсін!

Жүргізушілердің сөзі

1-жүргізуші

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,
Сол ізгі елдің ұрпағы — мына біздер.
Салты солай Наурыздың…
Ей, адамдар, аталардан ақ бата тілеңіздер.

2-жүргізуші

Тілейді олар: «Болсын!» — деп, ырыс жылы!
Жер бетінің болсын деп тыныштығы.
Салты солай Наурыздың…
Ей, адамдар, тым болмаса ұлы бол — Ұлыс күні!

1-жүргізуші

Құрметті қонақтар, балалар! Көктемнің тамаша мерекесі — Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін.

Кіріспе бөлім: Наурыз туралы

Қазақстанда Наурыз мерекесі ресми түрде 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз — күн мен түн теңелетін мезет. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-інен 22-сіне ауысқан түнде болады. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.

Халық Наурызға алдын ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады — бұл тоқшылықтың белгісі.

Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!» деген сөздердің төркіні де осы игі істен бастау алады.

Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген.

Дастарқанның басты асы — наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар.

Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата береді.

Негізгі бөлім: Мерекелік бағдарлама

1) Ән-жырмен бастау

Алғашқы бөлімді мерекелік көңіл күймен, ән-жырмен бастаймыз. Әр топтың дайындаған ән-күйін тыңдаймыз.

2) Салт-дәстүрге қатысты мақал-мәтелдер

Оқушылар ата-аналарымен бірге мақал-мәтелдерге жауап береді, мағынасын талқылайды.

3) Салт-дәстүрлерге түсінік (ата-аналарға арналған бөлім)

Төмендегі ұғымдар арқылы ұлттық дүниетаным мен тәрбиелік мазмұн түсіндіріледі.

Дәстүр

Ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сияқты қасиеттер озық дәстүрлерге жатады.

Аластау

Ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау арқылы көз тиюді қайтару, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладан тазартып, қорғаныш ниетін білдіреді. Үйге көз тиді деп есептелсе, адыраспанды немесе аршаны табаққа салып тұтатып, түтінімен бүкіл үйді аластаған. Қазір де жаңа үйге кіргенде аластау жасау әдетке айналған.

Шашу

Әдет-ғұрыптың бір түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барған кезде қуаныш белгісі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашады. Шашуды көбіне жасы үлкен әйелдер шашады, ал оны балалар теріп алады.

Тұсау кесу

Бала тәрбиесіндегі әдет-ғұрып, ырым. Баланың аяғын жіппен немесе қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, жолы ашық, ақкөңіл адамға кестіреді.

Айдар

Баланың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қою дәстүрі. Айдар көбіне ер балаға жасалады.

Сәлемдеме

Біреу арқылы жіберілетін аманат зат; туыстық жағынан жақын адамдардың бір-біріне жіберетін сыйы. Өзінің баруға мүмкіндігі болмаған адам жол түскен таныстары арқылы сәлемін жолдайды.

Енші

Қазақ дәстүрінде үйленген баласын отауға шығарғанда ата-анасының бөліп беретін мал-мүлкі, яғни балаға тиесілі үлес.

Айттыру

Қызға құда түсер алдындағы салт. Жігіттің әкесі кісі жіберіп, қыздың басының бос екенін, ата-анасының айттыруға қарсы еместігін біледі.

Сүйінші

Қуанышты хабар әкелушіге берілетін сыйлық. Жас нәресте дүниеге келгенде, келін түскенде, алыстан сағынған адам келгенде, жоғары атақ берілгенде немесе үлкен сыйлық алғанда сүйінші сұралады. Мұндай кезде бағалы зат немесе ақша беру дәстүрі болған.

Сыралғы

Олжалы, қанжығасы қандалып келе жатқан аңшы кездескенде сұралатын жол сыралғы. Аңшылар сыралғының сөзін жерге тастамайды.

Тоқым қағар

Жас жігіт алғаш рет жолға шыққанда берілетін жолаяқ, кәде. «Аман-есен келсін, тоқымы жерде қалмасын» деген игі тілекпен жасалады.

4) Оқушыларға арналған стратегиялық ойын

Сұрақтар конвертке салынып беріледі. Топтар жылдам әрі дәл жауап беруге тырысады.

Ойын сұрақтары

  • Киіз үй бөлшектерін ата: шаңырақ, кереге, уық, есік, түндік, үзік, туырлық, киіз есік.
  • Наурыз мейрамы қай жылдан бастап ресми тойланды? 1988.
  • Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер: шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер.
  • Ұлттық саз аспаптары: домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген, шаңқобыз, сазсырнай.
  • Ұлттық бас киімдер: сәукеле, кимешек, жаулық, тақия, бөрік, тымақ, малақай, қалпақ.
  • Ұлттық ойындар: ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге.
  • Астана Қазақстанның нешінші астанасы? Төртінші (Орынбор, Ақмешіт, Алматы, Ақмола).
  • Жарапазан қай уақытта айтылады? Рамазан айындағы ораза уақытында.
  • «Жиен ел болмайды, желге ас болмайды» мақалын түсіндір.
  • Қандай жілік қыз балаға берілмейді? Кәрі жілік.
  • Малдың басы қандай қонаққа ұсынылады? Сыйлы қонаққа.
  • «Абысын тату болса, ас көп» мақалын түсіндір.
  • Наурыз көже қалай жасалады? сүр ет, қойдың басы, езілген құрт, бидай, тары, күріш, пияз, сүт (жергілікті дәстүрге қарай құрам өзгеруі мүмкін).
  • Абайды «Қазақтың бас ақыны» деген кім? Ахмет Байтұрсынұлы.
  • Ш. Уәлиханов кім? ғалым, тарихшы, фольклортанушы, этнограф, географ, ағартушы.

5) Көрініс және қорытынды ойын

Әр топ қазақтың салт-дәстүріне байланысты көрініс көрсетеді.

Сабақ соңында қазақтың ұлттық ойыны арқан тарту ойналады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

Құрметті ата-аналар, бүгінгі тәрбие сағатына келіп, алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңіз үшін үлкен рақмет. Сондай-ақ осы шараға арнап дайындаған ұлттық тағамдарыңыздан дәм таттық. Ынтымақтарыңыз арта берсін!

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}