Әке мен бала әңгімесі

Сабақтың тақырыбы

Ы. Алтынсарин — «Әке мен бала» әңгімесі

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері

Әңгімелесу, баяндау, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, топтық жұмыс, көрініс

Көрнекіліктер

Ы. Алтынсарин портреті, шығармалары, тірек сызба, деңгейлік тапсырмалар, интерактивті тақта

Сабақтың мақсаттары

1

Ы. Алтынсариннің қазақ әдебиетіндегі орны туралы білімді толықтыру, әдебиет теориясынан түсінік беру, әңгімені талдау.

2

Мәтін мазмұнын түсініп айтуға дағдыландыру, сөздік қорды молайту, жаңа сөздерді меңгеруді тексеру.

3

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке баулу; топта бірлесе жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, сыныпты түгендеу, сабаққа бейімдеу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

II. Өткен тақырыптарды қайталау (білімді жүйелеу)

Сұрақтарға жауап беру (монитор арқылы).

  1. Фольклор кімнің шығармасы?
  2. Тұрмыс-салт жырларының түрлері қандай?
  3. Жылқы иесін қалай атайды?
  4. Мақал-мәтелдердің тақырыптары қандай?
  5. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
  6. Ертегілер қалай тараған?
  7. Аңыз дегеніміз не?

Сөздерді меңгеруді тексеру

Слайдтағы сөздер бойынша анықтамаларды сәйкестендіру.

Сөздер

Түйе Түлкі Домбыра Наурыз Қымыз Қозы Дұшпан Аяқ

Анықтамалар

  1. Төрт түліктің бірі
  2. Ең қу аң
  3. Музыкалық аспап
  4. Ұлыстың ұлы күні
  5. Сусын
  6. Қойдың төлі
  7. «Дос» сөзінің антонимі
  8. Адамның дене мүшесі

III. Жаңа сабақ

Әңгіме жанры туралы

Әңгіме — көлемі шағын, қара сөзбен баяндалатын, оқиғаға құрылған көркем шығарма. Әңгімеде өмірдің белгілі бір сәті мен қысқа оқиғалар суреттеледі; кейіпкерлер саны да шектеулі болады.

Маңызды дерек

Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған қаламгер — Ыбырай Алтынсарин.

Сұхбат сұрақтары

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?
  2. Қай жерде дүниеге келген?
  3. Балаларға арнап нелер ашты?
  4. Қандай оқулық жазды?
  5. Балаларға арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Алтынсарин әңгімелерінің негізгі тақырыптары

Адамгершілік

Ізгілік, сыйластық, мейірім.

Жақсы мінезге баулу

Әдеп, ұқыптылық, жауапкершілік.

Еңбекке тәрбиелеу

Еңбекқорлық, табандылық.

Жақсылық пен жамандық

Адалдық пен қулықты салыстыру.

Білім мен өнерге шақыру

Оқу, ізденіс, даму.

Жаман әдеттен сақтандыру

Еріншектік, немқұрайлылықтан аулақ болу.

Бүгінгі мәтін: «Әке мен бала» әңгімесі.

А) Сөздік жұмысы

Сөздерді оқып, мағынасын анықтау және аудару.

Қазақша
Орысша
Ескі таға
старая подкова
Ала жүр
захвати с собой
Иіліп алды
наклонился и взял
Ұста
кузнец
Шие
вишня
Баласына қарамай
не обращая внимания на сына
Аяңдап жүрді
шли медленно, не спеша
Аузына салды
положил в рот
Жерге түсті
упал на землю
Еріну
полениться
Азға қанағат ету
довольствоваться малым
Көптен құр қаласың
останешься ни с чем

Ә) Мәтінмен жұмыс (топтық жұмыс)

Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ мәтіннің бір бөлігін оқып, қысқаша мазмұндайды және бөлімге ат қояды.

1-топ

Бірінші бөлікті оқиды, қысқаша мазмұндайды, бөлімге ат қояды.

2-топ

Екінші бөлікті оқиды, қысқаша мазмұндайды, бөлімге ат қояды.

3-топ

Үшінші бөлікті оқиды, қысқаша мазмұндайды, бөлімге ат қояды.

Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей

Ассоциация

«Әке» және «бала» сөздеріне ассоциация құру.

2-деңгей

Талдау
  • Әңгіменің негізгі түйіні әкесінің қай сөзінде берілген?
  • Мәтіндегі мақал-мәтелді табу.
  • Мазмұнға сәйкес тағы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

3-деңгей

Құрылым
  1. Шығарма жанры:
  2. Әңгіменің авторы:
  3. Әңгіменің тақырыбы:
  4. Басты кейіпкерлер:
  5. Оқиға қашан болды:

Мақал-мәтелдер (бекіту үшін)

  • Еңбексіз өмір жоқ.
  • Еңбектің наны тәтті.
  • Жалқаудың жаны тәтті.
  • Жалқаулық — жаман ауру.

Көрініс және қорытынды

Көрініс

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінен көрініс көрсету: «Бақша ағаштары», «Асыл шөп».

Ой толғаныс

«Әке мен бала» әңгімесі бойынша кесте толтырып, сабақтың негізгі идеясын тұжырымдау.

Рефлексия (сұрақтар)

  • Біз бүгін Ыбырай Алтынсариннің қай әңгімесін талдадық?
  • Сабақ сендерге ұнады ма? Неліктен?
  • Әңгіме қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

Үй тапсырмасы

I деңгей

Жоспарға сүйене отырып, әңгімені мазмұндау.

II деңгей

Сурет салу және мақал-мәтелді жаттау.