Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пәні
- Дүниетану
- Сыныбы
- 1
- Пән мұғалімі
- Жаназилова Айнагүл Маратовна
- Сабақтың тақырыбы
- Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі
Сабақтың мақсаты
- Жануарлар тіршілігіндегі күзгі өзгерістерді түсінуге жағдай жасау.
- Табиғатты қорғауға, оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
- Жанды және жансыз табиғаттың өзара байланысын ұғындыру.
Сабақтың жабдығы
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігін бейнелейтін слайдтар (қажет болса бейнетаспалар мен мазмұнды суреттер).
Сабақтың барысы
1) Қайталау және әңгімелесу
Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін қайталау. Жанды және жансыз табиғатта күзде болатын өзгерістер туралы әңгімелесу.
2) Суреттер бойынша жұмыс: қысқа дайындық
Оқулықтағы суреттерді пайдаланып, қыста ұйқыға кететін жабайы аңдардың қысқа қалай дайындалатынын талқылау.
Борсық
Қысқа қарай көп қоректеніп, семіреді.
Аю
Қоңыз, тышқан, бақа, орман жидектері, жеміс, шөп сияқты қорекпен семіреді.
Кірпі
Күзде қорегін көбейтіп, қыста ұйқыға кетуге дайындалады.
Оқушылар аңдардың сыртқы бейнесін (түр-түсін) сипаттайды.
3) Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұны бойынша жұмыс жүргізіледі: алдымен жеке сұрақтар арқылы сөйлету, кейін түсінігін тұтас жеткізуге жаттықтыру.
4) Ойын: «Аңдар немен қоректенеді?»
Оқушылар суреттерден әр жануардың немен қоректенетінін тауып, көрсетеді.
5) Дәптер тапсырмасы: сәйкестендіру
Әр аңның жейтін тағамын сызықпен қосу тапсырылады.
6) Сөздік жұмыс
Тірек сөздер арқылы сөйлем құрастыру: кірпі аю борсық қоректенеді семіреді ін апан
7) Қысқа азық қоры: кім жинайды, кім жинамайды?
Азық қорын жинайды
Тиін, саршұнақ, аламан қысқа қарсы азық қорын жинайды.
Азық қорын жинамайды
Қасқыр, қоян, түлкі, бұғы сияқты аңдар қысқа арнайы қор жинамайды.
Оқушылармен осы айырмашылықтың себептері талқыланады. Сабақ барысында мазмұнды суреттерді көбірек қолдануға және бейнематериалдар көрсетуге болады. Сонымен қатар дәптердегі суреттер арқылы қай аңның немен қоректенетінін талдату ұсынылады.
8) Аңдардың түлеуі: неге «тондарын» ауыстырады?
Тақырып «Табиғат ғажайыптары» кітабынан алынған «Жануарлар неге қыста тондарын ауыстырады?» мәтінін оқудан басталады.
Мәтін мазмұны
Күз түсісімен барлық аңдар жаздық ескі, сирек жүндерін қысқы қалың әрі жылы тонға ауыстырады. Қараша айына қарай олардың бәрі түлеп, қысқы «киімдерін» киіп алады. Беймаза, тыным таппайтын тиін де түлейді: оның қысқы тоны жазғы тонынан жылы әрі түсі де өзгеше. Қысқы ақтонды аққоян мен аққалақ та тондарын ауыстырады. Бұл жануарлардың жазғы тоны сарғыш-қоңыр түсті болса, қыста ақша қардай аппақ тонға оранады. Күртік қардың үстінде оларды байқау қиын.
Талқылау сұрақтары
- Түлеу дегеніміз не?
- Жануарлар не үшін тондарын ауыстырады?
- Қандай жануарлар түлейді?
9) Дәптермен жұмыс: қоянның жазғы және қысқы бейнесі
Дәптердегі жұмбақты шешіп, жаз мезгілі бейнеленген суретке қоянның жазғы түрін, ал қыс мезгілі бейнеленген суретке қоянның қысқы түрін салып көрсету тапсырылады.
10) Қорытынды
Қорытынды сұрақтар
- Жануарлардың тіршілігі туралы не білдік?
- Жануарлар қысқа қалай дайындалады?
- Қыста ұйқыға кететін аңдарды ата.