Ішіне Біріккен сөз Сыртына Жай сөз
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пән
Қазақ тілі (4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Біріккен сөздер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық тапсырма
Сабақтың мақсаттары
- Оқушыларға біріккен сөздер туралы түсінік беру және олардың жасалу жолдарын ажырата білуге үйрету.
- Оқушылардың ойын жүйелі әрі жатық жеткізуін дамыту, интеллектуалдық және эмоционалдық белсенділігін арттыру, жазу сауаттылығын жетілдіру.
- Инабаттылыққа, еңбекқорлыққа және адамгершілікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс және ресурстар
Пәнаралық байланыс
- Ана тілі
- Дүниетану
- Бейнелеу өнері
- Музыка
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Суреттер
- Схемалар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
«Тілек гүлшоғын» жасау арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа жағымды атмосфера қалыптастыру.
2) Өткенді пысықтау
Ой шақыру
«Көрші» ойынын ойнату.
Сұрақтар
Сөз таптары
- Сөз таптарына нелер жатады?
- Зат есім дегеніміз не?
- Сын есім дегеніміз не?
- Сан есім дегеніміз не?
- Етістік дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері
- Сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
- Бастауыш дегеніміз не?
- Баяндауыш дегеніміз не?
- Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
- Бірыңғай мүше дегеніміз не?
Тапсырма
«Тал, терек, қайың» сөздерін қолданып сөйлем құрастыру.
3) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
Мысалдар
- Гүл + жан
- Гүл + жайна
- Гүл + бақыт
- Гүл + десте
Мысалдар
- Күн + сұлу
- Күн + бағыс
- Күн + тізбе
Қорытынды ереже
- Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.
- Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады.
Мысалдар: Ақмарал, денсаулық, Айнабұлақ, Қаратау, Алатау.
Оқулықпен жұмыс
Білімді бекіту: 226-жаттығу (ауызша). Берілген сөздерді оқып, сөз құрамына талдау жасау.
Шаңсорғыш
шаң + сорғыш
Балмұздақ
бал + мұздақ
Ақбөкен
ақ + бөкен
Дәптермен жұмыс
Жинақтау тәсілі: 227-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді + белгісі арқылы бөліп жазу.
4) Бекіту ойындары мен тапсырмалар
«Сыңарыңды тап» ойыны
Үш оқушыны тақтаға шығарып, сөз сыңарларын дұрыс сәйкестендіру.
A) Жұптастыру
- қырық — беу
- қызыл — түстік
- оң — құм
- бел — аяқ
Ә) Мысалдар
- Қала атауы: Қызылорда
- Кісі аты: Айнұр
Сөздік диктант
Мына сөздерді жазып, оларды біріккен сөз және жай сөз деп екіге бөлу.
5) Өздік жұмыс
«Бес жолды өлең»
Сызба: зат есім → сын есім → етістік.
| Зат есім | Сын есім | Етістік |
|---|---|---|
| Аққу | __________ | __________ |
| Гүлжан | __________ | __________ |
| Ақтабан | __________ | __________ |
Сөйлем құрастыру
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрау және біріккен сөздерді табу.
6) Топтық жұмыс
Берілген түбірлерден біріккен сөздер құрастыру:
7) Ой дамыту: шығармашылық жұмыс
Төмендегі сөйлемдерді жалғастырып жазу:
Салыстырып жауап бер
8) Логикалық тапсырма
«Он жылдан кейінгі ғаламшардың бейнесі» тақырыбына ойлану, болжам жасау, қысқаша сипаттама жазу.
9) Сабақты қорытындылау
- Біріккен сөздің анықтамасын қайталау.
- Ережені мысалдармен бекіту.
- Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.
10) Үй тапсырмасы
229-жаттығу. Біріккен сөздің ережесін жаттау.
11) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы, ауызша және жазбаша жауаптарының сапасы бойынша бағалау.