Оқушыларға сұрақтар

Тәуелсіздік – тарихи көрініс (5–8 сыныптарға арналған)

Мақсаты
Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тар жол, тайғақ кешулермен таныстыру; тарихи тұлғалардың маңызын көрсету; оқушылардың өз Отанына сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Ұлттық киімдер, презентация, домбыра, карта, мемлекеттік рәміздер.
Бекітілген орны
Гуманитарлық ӘБ отырысында.

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 26 жыл болды. Алайда тәуелсіздікке жету жолы оңай болған жоқ: қазақ халқы бұл жолда талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткерді.

1-көрініс: Үй ішіндегі әже мен немере

1

Сахна төрі ұлттық ою-өрнекпен безендірілген. Үй ішінде жаулықты әже жүн түтіп отырады. Кейде өз-өзіне күңкілдеп қояды: «Е, тәубе, бергеніне шүкір...»

Бір кезде дала жақтан немересі жүгіріп кіріп келеді.

Немересі

Әже, әжетай! Далада керемет болып жатыр. Аспанға жарқылдап салют атып, адамдар қуанышқа бөленіп жүр. Жүріңіз, көрейік!

Әжесі

Е-е, жарығым, бұл — Тәуелсіздіктің 26 жылдығына арналған мереке ғой. Жақсылығымыз ұзақтан болсын.

Немересі

Әжетай, «тәуелсіздік» деген не?

Әжесі

Тәуелсіздік — еркіндік, бостандық, бақыт, балам. Біздің кезімізде мұндай еркіндік бола бермейтін.

Немересі

Сол өмір туралы айтып беріңізші.

Әжесі

Ендеше тыңда, балам.

Осы сәтте күй орындалады.

Білім сайысы: «Мен тарихты қалай білем?»

1-тур: Тарихи кезеңдер және билер сөзі

  • Талай ғасырлар өтті.
  • XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды.
  • XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы әлсіреп, жоңғар шапқыншылығы күшейді.
  • 1723 жылы аса ауыр кезең — «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы орын алды.

Төле би

«Мен — Төле би. Тыңдап тұрсыңдар ма, Ұлы жүздің ағайындары? Біз осында бір мақсатпен келдік: ағайындықты бекітуге келдік. Халықтың күші — бірлікте».

Қазыбек би

«Абырой мен қадір-қасиет — өзін де, елін де бағалай білетін адамға жарасады. Көрші халықтармен — орыс, қырғыз, өзбекпен — тату-тәтті қарым-қатынас орнату керек».

Әйтеке би

«Ақсақалдардың қайратымен Әбілхайырды хан деп сыйлап, ақ текеметке көтерейік».

Осылайша қазақ жұрты бірлікке келіп, жоңғарларға қарсы күресте жеңіске жетті.

Сұрақтар (1-тур)

  1. 1. Қазақстан орналасқан материк: Еуразия.
  2. 2. Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде: 9-орында.
  3. 3. Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Әнұран.
  4. 4. Әнұран авторлары: М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев, Т. Молдағалиев, Ш. Дәрібаева.
  5. 5. Сақ патшайымы: Томирис.
  6. 6. Ержүрек сақ жауынгері: Шырақ.
  7. 7. «Алтын киімді адам» табылған жер: Есік қаласы маңы.
  8. 8. «Екінші ұстаз»: Әл‑Фараби.
  9. 9. Қазақстан жерінде алғаш пайда болған түркі мемлекеті: Түрік қағанаты.
  10. 10. Түркі тілдес халықтардағы жоғарғы лауазым атауы: Қаған.

2-тур: Түркі мұрасы және хандық дәуір

  1. 1. «Диуани лұғат ат‑түрк» авторы: Махмұд Қашғари.
  2. 2. «Құтадғу білік» авторы: Жүсіп Баласағұни.
  3. 3. «Түмен» дегеніміз: 10 000 әскер.
  4. 4. Шыңғыс хан 6 ай бойы ала алмаған қала: Отырар.
  5. 5. Түркістандағы (XIV ғ. соңы – XV ғ. басы) кесене арналған тұлға: Қожа Ахмет Ясауи.
  6. 6. 1711–1781 жж. өмір сүрген қолбасшы, мәмілегер: Абылай хан.
  7. 7. Кіші жүз ханы, қазақ жасақтарының бас сарбазы: Әбілхайыр хан.
  8. 8. «Ақтабан шұбырынды» болған жыл: 1723.
  9. 9. Кіші жүздің Ресей қоластына кіруі: 1731.
  10. 10. «Колония» ұғымы: тәуелді мемлекет.

3-тур: Ұлт-азаттық қозғалыстар және жаңғыру

  1. 1. Сырым Датұлы көтерілісі: 1783–1797.
  2. 2. «Жатақтар»: кедейлер, жалдамалы еңбекпен күн көрген топ.
  3. 3. 1836–1838 жж. көтеріліс жетекшілері: Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы.
  4. 4. Абылай ханның немересі, ұлт-азаттық қозғалыс жетекшісі: Кенесары Қасымұлы.
  5. 5. 1854 жылы салынған бекініс және қазіргі атауы: Верный — Алматы.
  6. 6. А. С. Пушкин Орынборға келгенде танысқан дастан: «Қозы Көрпеш — Баян сұлу».
  7. 7. XIX ғасырдың халық сүйікті ақыны, туған жері: Сүйінбай Аронұлы (Қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы).
  8. 8. 1867–1868 жж. реформаларды мысқылдаған ағартушылар: Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин.
  9. 9. Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданған күн: 1995 жыл, 30 тамыз.
  10. 10. Қазақстаннан тыс жердегі қазақтар саны: шамамен 4,5 млн; әлем бойынша тіркелгені: шамамен 8 млн.

Қорытынды

Мұғалімнің қорытынды сөзі: барлық сұрақтарға жақсы жауап беріп, көп жұлдызша жинаған оқушы «Ең жақсы тарих білетін оқушы» атағына ие болады.

Іс-шара «Атамекен» әнімен аяқталады.