Туберкулез ауруы туралы түсінікті кеңейту
Тренингтің тақырыбы
Туберкулез. Бұл тренинг қатысушылардың туберкулездің алдын алу бойынша құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Мақсаты
Туберкулездің алдын алу саласындағы білімді тереңдетіп, жауапты денсаулық мәдениетін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар
- Дәптер
- Мультимедиялық көрме
Міндеттері
- 1 Туберкулез ауруы туралы түсінікті кеңейту.
- 2 Өз денсаулығына саналы көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.
- 3 Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Кіріспе
Тренинг қатысушыларды белсенді әрекетке тартып, денсаулық туралы білімді тәжірибемен ұштастыруға құрылады. Әр бөлім өзара логикалық байланысып, негізгі ойды айқындайды: алдын алу — жеке жауапкершіліктен басталады.
Тренинг барысы
Жаттығу: «Маркетинг»
Қатысушыларға ішінде әртүрлі заттары бар пакет ұсынылады. Әр қатысушы тақтаға шығып, пакет ішінен затты қарамай таңдап алады. Таңдалған заттың денсаулыққа пайдасын түсіндіріп, оны басқаларға «сатуға» тырысады. Ең әсерлі әрі сенімді жасалған жарнама ерекше атап өтіледі.
Мақсат: қатысушылардың коммуникациясын, дәлелдеу қабілетін және денсаулыққа пайдалы әдеттерді насихаттау дағдысын дамыту.
Ақпараттық блок
Көрмені көрсету және баяндау
Балалар, дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы соңғы жылдары айтарлықтай артып отыр. Бұл жағдай алдын алу шараларын күшейтуді және әр адамның денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын талап етеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дүниежүзінде туберкулезбен 8–10 млн адам тіркеліп, шамамен 3 млн адам қайтыс болады.
3 наурыз — туберкулездің алдын алу жөніндегі халықаралық күн.
Бекіту блогы
Мақал-мәтелдің тәрбиелік қуаты
Жер жүзін мекендеген халықтың ерте заманнан бері айтылып, ғасырлар бойы сұрыпталған інжу-маржандай асыл сөздері бар. Бұл ғибратты нақылдар адам денсаулығына зиян келтіретін әрекеттерді де жан-жақты қамтиды.
Медицинада сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Кейде жаман әдеттен арыла алмай, дерті асқынып, көмек сұрап келген науқасқа дәрігердің жылы әрі дәл айтылған бір ауыз сөзі үлкен демеу береді.
Иә, мақал-мәтелдер — парасатты тәрбиеші, әділ сыншы, адал ақылшы ғана емес, кейде епті әрі есті емші де.
Тапсырма: мақал-мәтелді толықтыру
Қатысушыларға карточкалар таратылады (мақал-мәтелдердің екінші бөлігі жазылған). Жүргізуші бірінші бөлігін оқиды, қатысушылар жалғасын тауып дауыстап оқиды.
1.
Ішпеген, шылым шекпеген — Жасайды жылдар көптеген.
2.
Ұзартқың келсе ғұмырды, — Таста арақ пен шылымды.
3.
Темекінің кермегі, — Еріккеннің ермегі.
4.
Шарап-арақ ішіңе көшеді, — Ақыл шөлмек ішіне түседі.
5.
Жалқаулықтың жан күтімі — Екі қолды ұстайды.
Темекінің көк түтіні — Екі өкпені ыстайды.
6.
Ішпеген, шылым тартпаған — Денсаулығын сақтаған.
7.
Жабылады шарабыңды ішерде, — Бәле төнсе, жоқ араша түсерге.
8.
Жасында темекісін будақтатқан, — Күркілдеп қартайғанда сұлап жатқан.
9.
Адам арақты ішеді, — Арақ ақылды ішеді.
10.
О басында өзің сақтан, сақ боп жүр, — Одан кейін өзгелерді сақтандыр.
Қорытынды
Тренингтің түйіні — алдын алу мәдениетін күшейту: өзіңнен бастау, дұрыс ақпаратқа сүйену, зиянды әдеттерден бас тарту және айналаңдағы адамдарға да жауапкершілікпен әсер ету.
Үй тапсырмасы
- «Туберкулез» тақырыбына суреттер салу.
- Денсаулық туралы нақыл сөздер жазып келу.
- «Менің денсаулығым — менің байлығым» тақырыбына әңгіме жазу.