Төрт түліктің кеңесі
Сабақ тақырыбы
Төрт түліктің кеңесі (слайд арқылы). Әдебиеттік оқу, 2-сынып.
Сабақтың мақсаты
- Төрт түліктің мекенін және иесін ажырата білу.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтау.
Міндеттері
- Оқушыларды төрт түліктің мекенін ажыратуға бағыттау.
- Мәтіндегі негізгі ойды табуға үйрету.
- Мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтижелер
- Оқушылар төрт түліктің мекенін ажырата алады.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
- Мәтін мазмұнын өз сөзімен жүйелі баяндайды.
Көрнекіліктер
Суреттер
Интернет ресурстары
Слайдтар
Желім
Стикер
Сабақтың барысы
I
Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлемдесу.
- Төрт түлік суреттері арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу (банкідегі суреттерді таңдау арқылы).
Психологиялық дайындық: «Ақ тілек»
«Әсем күлкі»
— Көңіл-күйлеріңіз қалай?
— Керемет! (қолдарын көтереді)
— Сабаққа дайындықтарың қалай?
— Тамаша! (алақандарын шапалақтайды)
— Ынталарыңыз қалай?
— Ғажап! (қолдарын көтереді)
— Ендеше сабағымызды бастайық!
— О, о, о (бас бармағын көтереді)
III
Жаңа сабақты меңгерту
Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Балалар, бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта?»
Оқушылар жауабы: «Төрт түліктің кеңесі».
- Мәтінмен танысып, дауыстап оқып шығу.
- Мәтін мазмұнын түсіну және талқылау.
Сөздік жұмысы
- Мәтіндегі таныс емес сөздерді анықтау.
- Оқушыларға кесте таратылып беріледі; тапсырма кесте бойынша орындалады.
- Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Дұрыс нұсқа слайд арқылы көрсетіліп, жауаптар толықтырылады.