Оқушыларға 2 - ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
2-ге көбейту
Түрі
Аралас сабақ
Әдістері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Талдау
- Өзіндік жұмыс
- Уақыт бойынша өзін-өзі бақылау
- Топтық жұмыс
- Жұптық жұмыс
- Шығармашылық жұмыс
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта арқылы слайдтар
- Кестелер
- Торкөзді кестелер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға 2-ге көбейту кестесінің қалай құрылатынын түсіндіру, кестені дұрыс қолдана білуін пысықтау.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой-өрісін, пәнге қызығушылығын және ауызша есептеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Ұлттық дүниетанымды кеңейте отырып, ата-дәстүрді құрметтеуге, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Жаңа сабақ
- Пысықтау және бекіту
- Қорытындылау
- Үйге тапсырма беру
- Бағалау
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«Беске» қолды жеткізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- №6 есеп
- Өткенді пысықтау
- Белгісіз санды атау
III. Жаңа сабақ
Көркем жазу
2 санын жазу.
Түсіндіру
2-ге көбейту кестесінің қалай құрылатынын қарап, түсіндіріп айту. Оқушыларға дәптерлеріне жаздыру.
2-ге көбейту — қосу арқылы түсіндіру
2×1 = 2
2×2 = 2+2
2×3 = 2+2+2
2×4 = 2+2+2+2
2×5 = 2+2+2+2+2
2×6 = 2+2+2+2+2+2
2×7 = 2+2+2+2+2+2+2
2×8 = 2+2+2+2+2+2+2+2
2×9 = 2+2+2+2+2+2+2+2+2
2×10 = 2+2+2+2+2+2+2+2+2+2
2-ге көбейту кестесі (нәтижелері)
2×1 = 2
2×2 = 4
2×3 = 6
2×4 = 8
2×5 = 10
2×6 = 12
2×7 = 14
2×8 = 16
2×9 = 18
2×10 = 20
Ауызша түсіндіру: көбейткіштердің орын ауыстыру қасиеті
3×2 = 2×3
4×2 = 2×4
5×2 = 2×5
6×2 = 2×6
7×2 = 2×7
8×2 = 2×8
9×2 = 2×9
10×2 = 2×10
Қорытынды: 3 пен 2-нің көбейтіндісі 2 мен 3-тің көбейтіндісіне тең. Яғни, көбейткіштердің орны ауысса да, көбейтінді өзгермейді.
Сұрақ
Осы өрнектерден қандай өзгерістер байқадың?
Жұптық жұмыс
2-ге көбейту кестесін толықтыр.