Мынау үшбұрыш

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мекеме

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы — Жаңақала аудандық балалар бақшасы

Тәрбиеші

І санатты тәрбиеші: Б. Р. Бисекешова

Тобы

«Айгөлек» ортаңғы тобы

Білім беру салалары

Шығармашылық, Таным

Бөлімдері

Қарапайым математикалық пішіндер, сурет салу

Тақырыбы: Геометриялық пішіндер

Мақсаты

Балаларды геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгіме
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын

Көрнекі құралдар

Демонстрациялық материалдар

Билингвальды компонент

Үшбұрыш

триугольник

Төртбұрыш

квадрат

Дөңгелек

круглый

Сабақ барысы

1) Қызығушылықты ояту кезеңі

Шаттық шеңбері. Балалар, бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, амандасайық.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.

Сәлем беру — үлкенге,
Тәрбиенің мәні ғой.
Сәлем дейік үлкенге:
«Сәлеметсіздер ме?»

Енді, балалар, орындарымызға отырайық.

2) Ұйымдастыру-ізденіс кезеңі

Әңгімелесу сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде күн қандай болады?
  • Не жауады? Не тұрады?
  • Күн салқындап, жел тұрғанда жапырақтар не істейді?
  • Жапырақтардың түсі қандай?

Жапырақтардың түстерін ажырата отырып, бүгінгі оқу іс-әрекетінде геометриялық пішіндермен танысамыз.

Негізгі ұғымдар

Үшбұрыш

Түсі қандай? Үшбұрыштың неше бұрышы бар?

Төртбұрыш

Бұл қандай пішін? Түсі қандай?

Дөңгелек

Дөңгелектің түсі қандай?

Балалар, геометриялық пішіндерді тағы бір рет қайталап шығайық. Кім маған пішіндер туралы тақпақ айтып береді?

Ғажайып сәт

Балалар, аспанға қарайықшы. Не ұшып келе жатыр? Құстар бізге не алып келеді?

Ендеше, хатты ашып көрейік. Хатпен бірге тапсырмалар келіпті. Сол тапсырмаларды орындаймыз ба?

1-тапсырма: Жұмбақ шешу

Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.

2-тапсырма: «Не құрастырдың?»

Геометриялық пішіндерден өздерің қалаған затты құрастырыңдар.

Орталықтар бойынша жұмыс

Балалар, екі орталыққа бөлініп, оқу іс-әрекетімізді жалғастырайық.

Таным орталығы

Қиылған пішіндерден құрастыру жұмысы.

Шығармашылық орталығы

Пішіндерді бояу, түстерді ажырату.

Сергіту сәті

Бір дегенде тұрайық,
Екі, үш, төрт — алақанды соғайық.
Оңға бұрылып, солға бұрылып,
Біз тынығып алайық.

Жарайды, отырайық. Енді орталықтарды ауыстырып, оқу іс-әрекетімізді жалғастырайық.

3) Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай пішіндермен таныстық?

Сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасаймыз. Белсенді қатысқан балалар мадақталады.

Ескерту: «Толық нұсқасын жүктеу» бөлімі бастапқы мәтінде берілген, бұл жазбада сілтеме көрсетілмеді.