Желкенді тексер
Тренинг туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Жүректен – жүрекке (педагогтармен өткізілген тренинг)
Мақсаты
Педагогтар арасында сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білуге көмектесу; топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру; жағымды қарым-қатынас орнату; көңіл күйді көтеру және бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіз сыйлауға жағдай жасау.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Майшам
I. Кіріспе сөз
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздермен кездескеніме ерекше қуаныштымын. Бүгін біз бір-бірімізге жылу сыйлап, көңіл күйімізді көтеруге тырысамыз. Ендеше, бәріміз шеңбер құрып тұрайық.
Жаттығулар топтамасы
1-жаттығу. «Сәлеметсіңдер ме?»
Мақсаты: эмоциялық қарым-қатынас пен эмоционалдық комфорт орнату.
Қатысушыларға үш түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:
- 1) Қол алысу
- 2) Мұрын түйістіру
- 3) Құшақтасу
Алдымен бір-бірімізбен қол алысып амандасамыз. Кейін мұрынмен амандасамыз. Соңында бір-бірімізді құшақтаймыз.
2-жаттығу. «Бір затқа дейін қолыңды тигіз» ойыны
Жүргізуші: Бүгін біз бір-бірімізбен жақынырақ таныстық. Енді кім қандай киім кигеніне және оның түсіне мұқият назар аударыңыздар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, көршіңізге немесе басқа қатысушыға қол тигізуіңіз қажет.
Мысал: «Көк түске қолыңды тигіз!»
Бастаймыз!
3-жаттығу. «Лимон және марғау»
Мақсаты: эмоциялық қысымды босаңсыту.
Жүргізуші: Көз алдыңызға елестетіңіз: оң қолыңызда лимон ұстап тұрсыз. Оның шырынын шығатындай етіп қатты сығуға тырысыңыз. Жұдырығыңызды түйіп, барынша қысыңыз. «Шырынды шығардық!»
Енді бәріміз мысықтың баласы — марғау сияқты боламыз: олар жаңа ғана оянып, керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылыңыз: қолды жоғары көтеріңіз, оңға-солға, жоғары қарай созылыңыз, мойынды бұрып, арқаны жазыңыз.
Соңында «лимонның шырынын» жалағандай әсер етіңіз. Қышқыл дәмді сезінгенде бет-әлпетіңіз қалай өзгереді?
4-жаттығу. «Тікұшақпен саяхатқа шығуға дайындық»
Психолог: Қазір біз тікұшақпен саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығар алдында өзімізді тексеріп алайық. Менімен бірге қайталаңыздар.
- 1. Саяхатқа дайындалыңдар. («Иә!»)
- 2. Контакт. (қолды созу)
- 3. Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)
- 4. Локаторды тексер. (құлақты уқалау)
- 5. Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)
- 6. Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)
- 7. Экипаж мүшелерін тексер. (бір-бірін құшақтау)
- 8. 1-ден 5-ке дейін санағанда «у-у-у» деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда «ура!» деңдер.
5-жаттығу. «Жүректен – жүрекке»
Қатысушылар майшамды қолына алып, бір-біріне жүрек жылуын сыйлайды. Әр адам мейірімді, қайырымды, махаббатқа толы тілегін айтып, жақсылықтың бәрі жүректен шығатынын жеткізеді.
Өткізген
Балабақша психологы: Каменова Ж. З.