Күзетшінің тапсырмасы

Сабақ туралы мәлімет

Мектеп және мұғалім

Өңірі
Қарағанды облысы, Қаражал ауданы, Жайрем кенті
Білім беру ұйымы
№30 орта мектеп
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Ахатова Гүлжазира Ізтілеуовна

Тақырып және формат

Тақырыбы
Тұсбағар
Сабақ түрі
Саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі

Мақсаты

  • Оқушыларға тұсбағар туралы түсінік беру.
  • Тұсбағарды пайдалану тәртібімен таныстыру.
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Байқағыштыққа, өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Тұсбағар Магнит Семантикалық карта Тест жұмыстары Электронды оқулық Фишкалар

Сабақтың барысы

Психологиялық ұйымдастыру

Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға отырайық.

Бүгінгі сабақ ерекше: сыныбымызға қонақтар келіп отыр. Сол қонақтармен бірге шағын саяхатқа шығып қайтайық.

Бағытымыз — Қарағанды қаласы. Ол үшін бізге көлік керек, сондықтан автобусқа билет аламыз.

«Билет алу» тапсырмасы

Билет алу үшін семантикалық картаны орындаймыз (1-слайд). Тапсырма оқушыларға жеке-жеке таратылады.

Нәтиже

Билет алдық, енді автобусқа отырамыз.

Саяхатқа шығу

Саяхатқа шығамыз,
Саябаққа барамыз.
Түрлі аң мен құстарды
Қызықтап біз қайтамыз.

Қарағандыға келдік. Балалар ең көп қызығатын орындардың бірі — хайуанаттар бағы. Біз де сонда келдік.

Кіреберісте күзетшінің тапсырмасы бар екен. Егер тапсырманы орындасақ, бізге кіруге рұқсат береді.

Күзетшінің тапсырмасы

  1. 1. Көкжиек дегеніміз не?
  2. 2. Көкжиек сызығы дегеніміз не?
  3. 3. Қандай жергілікті белгілерге қарап, көкжиек тұстарын ажыратуға болады?
  4. 4. Көкжиектің негізгі төрт тұсын ата.